Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

ЖСДП инклюзивті білім беру мәселесін көтерді

ЖСДП инклюзивті білім беру мәселесін көтерді

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгін Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «Заманауи білім беру мәселелері» атты конференциясы өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ЖСДП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы бүгінгі басқосуда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мамандардың тапшылығы, білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының нақты сұранысынан алшақтығы, сондай-ақ ғылымды қаржыландыру жүйесіндегі ашықтықтың жеткіліксіздігі секілді мәселелерді кеңінен талқыланды.

Іс-шараға партия басшылығы, ЖСДП-дан Құрылтай депутаттығына кандидаттар, педагогтер, сондай-ақ балалар құқықтарын қорғау саласының сарапшылары қатысты.

Конференцияның негізгі тақырыптарының бірі – Қазақстандағы педагог мәртебесінің қазіргі жағдайы мен білім беру сапасы болды. Баяндамашылардың айтуынша, қолданыстағы заңнамалық өзгерістерге қарамастан, мұғалімдер әлі күнге дейін шамадан тыс бюрократиялық жүктеме алып, өздерінің негізгі кәсіби міндеттеріне қатысы жоқ жұмыстарды атқаруға мәжбүр. ЖСДП-дан Құрылтай депутаттығына кандидат Ажар Сағандықова өз сөзінде «Педагог мәртебесі туралы» заңның іс жүзіндегі орындалуы көңіл көншітпейтінін атап өтті.

«Қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" заңның нақты іс-жүзінде орындалуы әлі де көңіл көншітпейді. Мұғалімдер бүгінге дейін өздерінің кәсіби қызметіне қатысы жоқ міндеттерді атқаруға мәжбүр. Ал мектепте орын алған кез келген мәселе үшін, ең алдымен мектеп директорлары жауапқа тартылады. Біз бала тәрбиесі – тек мектептің ғана емес, ата-ананың да ортақ жауапкершілігі екенін түсінуіміз қажет. Сонымен қатар, еліміздегі дәстүрлі білім беру жүйесі бүгінде тәжірибеге жеткілікті деңгейде бағдарланбаған. Жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығына көбіне тек теориялық біліммен шығады. Сондықтан еліміздің ірі өндірістік кәсіпорындары жас мамандарды өндірістік тәжірибеден өткізуге белсенді атсалысуы тиіс. Сонда ғана біз жасанды интеллект дәуірінің талаптарына бейімделген, бәсекеге қабілетті әрі дайын мамандарды қалыптастыра аламыз», – деді Ажар Сағандықова.

Конференция барысында партия өкілдері ғылым мен білім саласының жүйелі түрде жеткіліксіз қаржыландырылуы мәселесіне ерекше назар аударды. Олардың пікірінше, бұл ең алдымен шалғай өңірлердегі тұрғындардың сапалы білімге қол жеткізу мүмкіндігіне кері әсерін тигізіп отыр. ЖСДП-дан Құрылтай депутаттығына кандидат Наурыз Сайлаубай партияның сайлауалды бағдарламасында ғылым мен білімді қолдауға қатысты нақты міндеттер белгіленгенін атап өтті.

«ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасында ірі кен өндіруші компаниялар табысының кемінде 1 пайызын ғылымды дамытуға бағыттау, ал жалпы ғылым саласын қаржыландыру көлемін жалпы ішкі өнімнің (ІЖӨ) 2 пайызына дейін жеткізу талабы нақты көрсетілген. Сонымен қатар, бюджет қаражатын бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне қатаң тосқауыл қойылған жағдайда ғана қала мен ауылдағы барлық балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ете аламыз», – деді ол.

Конференциядағы ең өзекті әрі қызу талқыланған тақырыптардың бірі – инклюзивті білім беру мәселесі болды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ата-аналары мен осы саладағы сарапшылар қазіргі жүйенің мұндай оқушыларды толыққанды оқытуға әлі де дайын емес екенін айтты. Құрылтай депутаттығына кандидат, ерекше баланың анасы әрі тәжірибелі сарапшы Нұрия Балтабаеваның айтуынша, инклюзивті білім беру іс жүзінде білім беру ұйымдарының мойнына жүктелгенімен, олар қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілмеген.

«Бүгінде инклюзивті білім беру мектептер мен балабақшалардың жауапкершілігіне жүктелгенімен, оларды қажетті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отыр. Елде дефектологтар, логопедтер және тьюторлар тапшы. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда ерекше білім беру жағдайларын қажет ететін шамамен 240 мың бала бар. Алайда шынайы көрсеткіш бұдан әлдеқайда жоғары. Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері арасындағы үйлестірудің жеткіліксіздігінен қалада да, ауылда да мыңдаған бала білім беру үдерісінен тыс қалып отыр», – деді ЖСДП-ның мүшесі Нұрия Балтабаева.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 23:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары