Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жүкті әйелдерге көлік жүргізуге және қауіпсіздік белдігін тағуға бола ма дәрігердің пікірі

Жүкті әйелдерге көлік жүргізуге және қауіпсіздік белдігін тағуға бола ма дәрігердің пікірі

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Аяғы ауыр болу көлік жүргізуден автоматты түрде бас тартуды білдірмейді. Көптеген әйел босануға аз уақыт қалғанға дейін жұмысқа, шаруаларымен және саяхатқа шығуды жалғастыра береді. Дегенмен, бұл кезеңде ағзадағы өзгерістерді ескеріп, қосымша қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.

Tengri Auto автокөлік тізгініндегі болашақ аналарға арналған ұсыныстарды жинақтады.

Аяғы ауыр әйелдерге көлік жүргізуге бола ма?

Аяғы ауыр болған кезде көлік басқаруға нақты тыйым салынбаған. Сонымен қатар көптеген әйел ешқандай қиындықсыз тұрақты түрде рөлге отырады.

Дегенмен, шешім денсаулық жағдайына, жүктілік мерзіміне және дәрігер кеңесіне байланысты қабылдануы тиіс. Егер жүктілік асқынусыз өтсе, көлік жүргізуге әдетте қарсы көрсетілімдер жоқ.

Аяғы ауыр әйелдер расында ұмытшақ бола бастайды ма?

Иә. Жүктілік кезінде көптеген әйел зейіннің нашарлауын және ұмытшақтықты байқайды.

Бұл гормоналды өзгерістерге және ағзаға түсетін күштің артуына байланысты. Кейде болашақ ана тез шаршап, зейіні төмендеуі немесе жолдағы жағдайға назар аударуы қиындауы мүмкін.

"Егер сіз айналаңызда болып жатқан жағдайларға реакцияңыздың нашарлағанын, жол белгілерін байқамай қалатыныңызды немесе зейін қоюда қиындықтар туындағанын байқасаңыз, рөлге отырудан уақытша бас тартқан жөн", - дейді акушер-гинеколог Нұргүл Сәтекова.

Жүктілік кезінде рөлде қалай дұрыс отыру керек?

Іш өскен сайын үйреншікті отырыс ыңғайсыз болуы мүмкін. Сондықтан орындық пен рөлді реттеуге көңіл бөлу маңызды.

Негізгі ұсыныстар:

орындықты іш пен рөл арасында қауіпсіз қашықтық қалатындай етіп артқа жылжытыңыз; жақсы көріністі қамтамасыз ету үшін орындық биіктігін реттеңіз; рөлді ішке тимейтіндей етіп реттеңіз; арқа мен белдің ыңғайлы қалыпта болуын қадағалаңыз.

Тіпті шағын автомобильдердің өзінде орындық пен рөл бағанасын реттеу арқылы жайлы қалыпты таңдауға болады.

Қауіпсіздік белдігін тағу керек пе?

Иә. Жүктілік қауіпсіздік белдігінен бас тартуға себеп емес.

Оның үстіне, дәл осы белдік жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр жарақат алу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

"Белдіктің дұрыс орналасуы мынадай: төменгі бөлігі іштің астынан өтіп, жамбас сүйектерінде жатуы керек; жоғарғы бөлігі кеуде арасымен және іштің бүйірінен өтуі тиіс. Белдікті іштің үстіне қоюға немесе қолтық астына жіберуге қатаң тыйым салынады", - деп түсіндіреді маман.

Қосымша жайлылық үшін арнайы адаптерлерді (егер кәдімгі белдік жетпесе) және белдікті дұрыс қалыпта ұстауға көмектесетін жүкті әйелдерге арналған фиксаторларды пайдалануға болады.

Көлік жүргізуден қашан бас тартқан жөн?

Рөлге отыруға кеңес берілмейтін жағдайлар бар.

Оның ішінде:

денсаулықтың нашарлауы; қатты токсикоз; бас айналу; естен тану; артериялық қысымның көтерілуі; жүктіліктің үзілу қаупі; мерзімінен бұрын босану қаупі.

Мұндай жағдайларда емдеуші дәрігердің нұсқауын орындап, мүмкіндігінше көлікті өз бетінше жүргізуден бас тарту қажет.

Болашақ ананың көлігінде не болуы керек?

Егер аяғы ауыр әйел тұрақты түрде көлік жүргізсе, көлікті алдын ала дайындап қойған пайдалы.

"Мен көлікте әрдайым ауыз су, жеңіл тамақ немесе қысым түскен жағдайда жейтін тәттілерді, дәрігер тағайындаған препараттарды, қуатталған телефон мен пауэрбанкті, жақын адамдардың байланыс нөмірлерін ұстауға кеңес берер едім", - деп ұсынады Нұргүл Сәтекова.

Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде мамандар көлікте перзентханаға арналған дайын сөмкені алып жүруді де ескертеді.

Түйін

Аяғы ауыр болу әйелді нашар жүргізуші етпейді. Алайда, бұл кезеңде өз денсаулығына мұқият қарау, дәрігер кеңестерін елеусіз қалдырмау және қауіпсіздік шараларын сақтау ерекше маңызды.

Егер сіз шаршау, бас айналу немесе зейін төмендегенін сезсеңіз, жолға шықпағаныңыз абзал. Ал егер жағдайыңыз көлікті жайлы басқаруға мүмкіндік берсе, дұрыс реттелген орындық, қауіпсіздік белдігі және ақылға қонымды сақтық шаралары ана үшін де, болашақ нәресте үшін де сапарды барынша қауіпсіз етеді.

Тағы оқыңыз: Айыппұл алу не адамды құтқару: ауруханаға бара жатқанда жол ережесін бұзуға бола ма?

Тек алкоголь емес: қандай дәрілер жолда жүргізушілерге қауіп тудыруы мүмкін?

Жол апатынан зардап шеккендерге қалай алғашқы көмек көрсету керек және қай кезде араласпаған жөн?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 18:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары