Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Көлеңкелі көлік импортына шектеу бола ма?

Көлеңкелі көлік импортына шектеу бола ма?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Автокөлік нарығы кейінгі жылдары қарқынды дамып келеді. Былтыр ресми дилерлер арқылы жаңа жеңіл автокөлік сатылымы 14,5%-ға өсіп, рекордтық 234,9 мыңға жетті. Оның әрбір сегізіншісі елімізде өндірілген екен. Дегенмен өсімнің көлеңкесінде нарықтағы келеңсіз үрдістер де байқалады.

Елімізде ресми импортталған, локализа­ция­ланған автокөліктерден бөлек, бейресми арналар арқылы әкелінетін техника саны азаймай тұр. Energyprom.kz мониторинг агенттігінің бағалауынша, 2023 жылы елге импортталған бес көліктің үшеуі «сұр схемалар» арқылы жеткізілген. 2024 жылдан бастап елде «сұр схемаларды» азайтуға бағытталған жаңа ережелер күшіне енді. Оған сәйкес, зауыттан шыққанына 3 жылдан аспаған көліктерді тек ресми сәйкестік сертификаты бар (OTTS) заңды тұлғалар ғана әкеле алады. Бұл шара жалған құжаттар арқылы ондаған, жүздеген көлікті тіркеп, «сұр» импорттың соқпағын салып бергендерге дер кезінде берілген жауап болды.

Дегенмен былтырғы көрсеткіш мұ­ның да бір жолы табылғанын бай­қат­ты. Автонарықты бақылау және талдау агенттігінің ақпаратына сүйенсек, өткен жылы қаңтар–мамыр аралығын­да бастапқы тіркеуден өткен барлық көлік құралының шамамен 35%-ы немесе 55 мыңнан астам көлік «сұр импортқа» тиесілі. Бұл сандар бейресми схемалардың ресми саты­лымдарға айтарлықтай бәсекелес болаты­нын, на­рық статистикасы мен тұтыну­шы­лық тәуекелге ықпал ететінін көрсетіп отыр.

Былтыр елге жеңіл көлікті ең көп импорт­таған ел – Қытай. Ол жақтан 160 мыңнан аса автокөлік әкелінген. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп. Бір қызығы, Қытай автокөлік қауымдастығының дерегінше, еліміз ҚХР-дан көлік алушы елдер қатарында 211,5 мың бірлікпен 10-орында тұр. Сонда ортадағы 51,5 мың автокөлік қайда кетті? Energyprom.kz сарапшыларының айтуынша, дәл осы айырмашылық – «сұр» импорт көлемінің тікелей дәлелі. «Елес» көліктер «сұр» схемаларға сіңіп, ел импортының ресми статистикасында көрінбей қалған.

«Сұр» импорт дегеніміз – ресми дилерлер мен регламенттелген сертификаттау рәсімдерін айналып өтіп, бейресми арналар арқылы автокөлік әкелу. Бұл контрафакт те, жалған нәрсе де емес екенін түсіну керек. Автокөлік кәдімгі түпнұсқа, ресми өндірушіде өндірілген. Ол жай ғана авторизацияланған сату арналарына түспей қалады. Мұндай тәжі­рибе елімізде көбіне жеке тұл­ға­лар арқылы кедендік төлемді оңтай­лан­дырып жеткізу, үшінші елдер арқылы әкелу, сондай-ақ 3-5 жылдан аспайтын пай­даланылған көліктерді ресми дилер­лік жүйеден тыс тіркеу түрінде кез­деседі», дейді агенттік сарапшылары.

Олардың айтуынша, ресми дилерлер­сіз әкелінген көліктерде көбіне брендтің зауыттық кепілі болмайды. Бұл сатып алушының жөндеу жұмысы мен қызметі өз қаражаты есебінен төлеу тәуекелі бар екенін білдіреді.

«Сұр» импорттың салдары осы, себебі де жоқ емес. Отандастарымыз бұл схемада ақша үнемдеу мүмкіндігі бол­ған соң осы жолды таңдайды. Бірақ бір сәттік үнем ұзақ­мерзімді мәселеге ұрындырарын білген жөн. Шалыс қадам кепілдіктен айырылу, ұрланған көлікті сатып алу, зауыттың тегін қызметіне мүмкіндікті жоғалту, жергілікті өндіріс­тің тоқырауы секілді факторларға әкеліп соғуы мүмкін. Сарапшылардың дерегіне жүгінсек, пайда дегені айла болып шығып, сан соғып қалған азаматтар аз емес.

«Өткен жылдың соңында осыған бай­ланысты шу шықты. 60-қа жуық отан­дасымыз Қытайдан жаңа автокөлік жет­кі­земін деген әлдебіреудің алдауына түс­кен. Сатып алушылар жалпы алған­да 1,2 млрд теңгедей ақша беріп, ақы­ры көлік­терін ала алмады. Жүздеген адам «сұр» схеманың кесірінен темір тұл­парынан айырылды. Өйткені мұндай келісім­шарт­та заңдық тазалықтың бол­мауы иесін ешқандай өтемақысыз көлігі­нен айыруға әкелуі мүмкін», дейді сарапшылар.

Қазақстанның автокөлік одағының басшысы Анар Мақашеваның сөзінше, қазіргі ең қауіпті схемалардың бірі – ҚХР-да лизингте тұрған жеңіл көлікті ел­ге әкелу. Қытай кедені экспорттау ке­зін­де автокөліктің мәртебесін үнемі қарай бермейді. «Сұр» дилер машинаны елге әкеліп, ештеңеге күмәнданбайтын бір азаматқа сатып жібереді. Кейін лизинг беруші компания көлікті тауып, өз мүл­кін тартып алады. Сонымен қатар Грузия нарығы да жүрілген, мәселесі көп көліктң көзі болып отыр. Бұл елден ұр­лан­ған, нө­мірлері өзгертілген, шірі­ген, бірақ қал­пына келтірілген, айтар­лықтай ақау­лары бар техникалар, оң руль­ді, кейін рулі сол жаққа қолдан ауыс­тырылған көлік­терді сатып алу жағ­дайлары жетіп артылады.

Тағы бір қауіп – салыққа қатысты алаяқ­тық. Делдалдар электрмобиль квота­ларын пайдаланып, көлікті көрші Ресейге қайта сатуы мүмкін. Кейін кеден органдары шикілікті анықтап, ҚҚС мен баж төлеуді талап етеді. Ал біркүндік дилер жоғалып кеткендіктен барлық шығын соңғы иесіне жүктеледі.

«Сондықтан автокөлікті тек ресми өкілдерден сатып алған дұрыс. Мұндай келісім заңды тазалықты, шектеу мен қарыз міндеттемелерінің болмауын, сату-сатып алу келісімінің ашық болуын, қызметтер мен автобөлшектерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мініл­ген көлікті сатып алу арқылы үнемдеуді көздеген адам бүкіл қаражаттан айырылуы ықтимал», дейді А.Мақашева.

Макродеңгейде «сұр» схемалар сала­ның, жалпы ел экономикасының дамуына айтарлықтай зиян тигізеді. Ол ережеге сай жұмыс істейтін ресми дилер­лер үшін әділетсіз бәсекелестік құрады. Бастапқы тіркеулердің 30-35%-ы «сұр» сегментке тиесілі болғандықтан өз кезегінде, автоөндірушілерге қуаттылық жүктемесін жоспарлау қиынға түседі. Былтырдың өзінде отандық автоөндіріс­ке салынған инвестиция көлемі 114 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде, жаңа жұмыс орындары құрылып, кә­сіп­орындардағы жұмысшылар саны 11,2 мыңға дейін ұлғайды. Energyprom.kz сарапшыларының сөзінше, осын­дай маңызды экономикалық кластердің жұмыс тұрақтылығына қауіп төндіру жақсылыққа апармайды.

«Нарықтағы «сұр» импортпен күресте халықаралық тәжірибені ескеру қажет. Еліміз мұндай мәселе туындаған жалғыз ел емес. Мысалы, АҚШ-та өткен ғасырда 80-жылдардың соңында қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті міндеттейтін заң арқылы бейресми автокөлік импорты айтарлықтай шектелді. Ресей 2024 жылғы 1 сәуірден бастап ЕАЭО елдері арқылы көлік әкелудің «сұр» схемаларына қарсы жаңа шектеулер енгізді. Ал Қытай биыл 1 қаңтардан бастап жаңа көліктерді «қолданыста болған» деп экспорттауға қатаң бақылау орнатты. Онда тіркелгеніне 180 күн толмаған автокөліктерді сыртқа шығару үшін өндірушінің сервистік растауы талап етіліп жатыр», дейді олар.

Елдегі автокөліктердің «сұр» импорты – бірнеше «пысықай» саудагердің мәселесі емес. Сарапшылар мұның тұтас саланың құрылымын жағымсыз жаққа өзгертіп жатқан, кешенді шешімді талап ететін жүйелік құбылыс екенін айтып отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

Серік Тұрғынбекұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

Сұхбат • Бүгін, 08:15

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

Қоғам • Бүгін, 00:28

Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті

Қаржы • Бүгін, 00:13

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары