Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жүрегімен сезеді . Қыз ұзатудағы қалыңдыққа жасалған әсерлі тосынсый желі қолданушыларын тәнті етті

Жүрегімен сезеді . Қыз ұзатудағы қалыңдыққа жасалған әсерлі тосынсый желі қолданушыларын тәнті етті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Әлеуметтік желілерде қолданушыларды ерекше тебірентіп, көздеріне жас алдырған қыз ұзату тойының видеосы танымалдық жинап жатыр. Кадрлардан қалыңдықтың құрбылары оған ерекше тосынсый дайындағанын көруге болады: бойжеткен әр сөзді жан дүниесімен сезінуі үшін олар әнді ымдау арқылы орындап берді, деп хабарлайды Tengri Life.

Бір қарағанда, бұл видео кәдімгі үйлену тойындағы құттықтау сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бұл оқиғаның мәні тереңде: Аяна есімді қалыңдық естімейді және сөйлей алмайды. Ол айналасындағылармен тек ымдау арқылы қарым-қатынас жасайды. Сондықтан құрбылары ол үшін ешқандай сөзді қажет етпейтін ерекше сыйлық әзірлеуді жөн көрген.

"Ол естімейді. Біз тек оған сыйлық жасағымыз келді"

Қыз ұзату тойы 7 маусымда өтті. Аянаның өміріндегі осы бір маңызды сәтте оның қасында бала кезден бірге келе жатқан адал құрбылары болды.

Видеоны "Тұран" университетінің 21 жастағы түлегі Нұрдария түсірген. Ол кадр сыртында қалып, осы бір әсерлі сәтті таспаға басып, кейінірек әлеуметтік желіге жариялаған.

"Мен өзім ым тілін онша білмеймін, қазір ғана үйреніп жүрмін. Құрбылары Аянаға тосынсый жасағысы келді. Шыны керек, видеоның осыншалықты кең тарайтынын мүлдем ойламадым", - дейді ол.

Екі түн, ЖИ және бала күнгі достық туралы мәтін

Идея кездейсоқ туған. Бастапқыда қыздар мүлдем басқа тосынсый жоспарлаған еді. Аяна болашақ жарына би дайындағысы келген, алайда емтиханға дайындықтан қолы тимей, дайындыққа уақыты жетпеген.

Видеодағы құрбылар. Фотоны Ақниет ұсынды

Сол кезде Айсұлу есімді құрбысы әнді ым тілінде орындауды ұсынады. Ол бірден видеода қызыл көйлекпен көрінетін Ақниетке хабарласқан.

"Айсұлу менің бала кезімнен ым тілін білетінімді және бұған дейін де ымдап ән айтумен талай рет өнер көрсеткенімді білетін. Біз лайықты ән іздеп, таба алмадық. Содан кейін ол: "Мәтінді өзің жаз, ал мен жасанды интеллект арқылы музыкасын жасап беремін", - деді", - дейді Ақниет.

Ақниет достық, балалық шақ және Аяна туралы жүрекжарды мәтін жазады. Ал Айсұлу оны жасанды интеллект көмегімен әнге айналдырған.

Қыздар бала кезден дос

Дайын композицияны қалыңдықтан басқа барлық құрбысына көрсеткен. Тосынсыйды той күніне дейін құпия сақтауды ұйғарады. Қыздардың өнер көрсетуге дайындалуына небәрі екі-ақ күн уақыты болған.

Барлығының жүрегіне жеткен сәт

Салтанатты кеште бес құрбысы Аянаның алдына бірге шығады. Әуенмен бірге олар ән шырқап, кезек-кезек әр жолын ымдау тіліне аударып жеткізеді.

Видеодағы құрбылар. Фотоны Ақниет ұсынды

Әнде бақыт пен махаббат туралы жаттанды сөздер болған жоқ. Онда олардың ортақ естеліктері, балалық шақтары мен көпжылдық достықтары баяндалды. Аяна әннің әр жолын танып отырды, өйткені бұл оның өмірі туралы еді. Ал соңында күйеу жігітке арналған ақ тілек айтылды: "Жылдар өтсе де, Аянаны бұрынғыдан да қатты сүйе бер".

Желі қолданушыларының пікіріне қарағанда, дәл осы сәт тойдағы қонақтардың да, кейін видеоны көрген жұрттың да ең қатты тебіренген тұсы болған.

"Мұндай жылы лебізді мүлдем күтпедік"

Видео жарияланғаннан кейінгі күні таңертең Нұрдария жүздеген хабарламадан оянған. Видео тез арада "ұсыныстар" бөліміне шығып, қаралым жинай бастады. Бейтаныс адамдар көз жастарын тыя алмағандарын жазса, достары мен туыстары видеоны бір-біріне жаппай таратқан.

"Мұндай зор ықыласты күткен жоқ едік. Сондағы сезімімізді сөзбен айтып жеткізу әлі де қиын", - дейді бойжеткен.

Видеодағы құрбылар. Фотоны Ақниет ұсынды

Желі қолданушылары видеоның астына кейінгі апталардағы ең шынайы әрі әсерлі кадрлар екенін жазып, жүздеген пікір қалдырған.

Достық, қолдау мен түсіністік туралы бұл оқиға сөзден де құдіретті болып шықты. Қолданушылардың айтуынша, бұл үйлену тойындағы құттықтауды "жүрекпен сезінетін" ерекше сәтке айналдырған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 10:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары