Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жыл сайын 5 мыңнан астам диагноз: сүт безі обырына қарсы Әйел өмірі үшін науқаны басталды

Жыл сайын 5 мыңнан астам диагноз: сүт безі обырына қарсы Әйел өмірі үшін науқаны басталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстанда жыл сайын 5 мыңнан астам әйелге сүт безі обыры диагнозы қойылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруды ерте анықтау емнің нәтижесіне ғана емес, оған кететін шығынға да тікелей ықпал етеді. Бірақ кейде әйелдер де қорқыныштан немесе уақыттың жоқтығын алға тартып, скринингтен өтуді кейінге қалдырады. Осы мәселені қоғамға кеңінен түсіндіру мақсатында Қазақстанда «Әйел өмірі үшін» республикалық ақпараттандыру айлығы басталды.

Науқанды «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты Онколог-маммологтар қауымдастығымен бірлесіп өткізіп жатыр. Қазан айы бойы еліміздің барлық өңірінде ашық есік күндері, онкологтармен кездесулер, дәрістер мен подкасттар ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылар ауылдар мен шалғай аудандардағы әйелдерді ақпараттандыруға ерекше назар аудармақ.

Жыл сайын 5 мыңнан астам жағдай анықталады

Онколог-маммолог Данара Сүлейменованың айтуынша, сүт безі обыры – әлемдегі әйелдер арасында ең жиі кездесетін қатерлі ісіктің бірі. Өткен жылы әлемде 2,5 миллионға жуық жаңа жағдай тіркелсе, Қазақстанда жыл сайын 5 мыңнан астам әйел осы диагнозбен бетпе-бет келеді.

– Біз мынаны ұмытпауымыз керек: бұл жай ғана құрғақ статистика немесе сандар емес. Осы әрбір жағдайдың артында бір отбасының анасы, жары, қызы, әжесі немесе қарындасы тұр. Ауру ешқашан бір әйелді ғана күйзеліске түсірмейді, ол бүтін отбасының шырқын бұзады, – деді Данара Сүлейменова.

Қазақстанда сүт безі обырын анықтауға арналған ұлттық маммографиялық скрининг бағдарламасы 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Данара Сүлейменованың айтуынша, Қазақстан – ТМД елдері арасында популяциялық скринингті алғаш енгізген елдердің бірі.

Соған қарамастан, дәрігер тәжірибесінде әйелдердің профилактикалық тексеруді кейінге қалдыруы жиі кездеседі.

– Әйелдер скринингке өздігінен келмейді. Көбі диагноздан қорқады немесе «уақытым жоқ», «жұмыстамын» деп сылтауратады. Скрининг – аурудың ешқандай белгісі, ауырсыну немесе түйін болмаған кезде, дертті ең алғашқы, жеңіл сатысында ұстап қалу үшін жасалатын профилактикалық тексеру. Скрининг пен диагностиканы шатастырмау керек, – деді дәрігер.

Бірінші сатыдағы обырды емдеу 150 есе арзан

Данара Сүлейменова ауруды ерте анықтау әйелдің емделу мүмкіндігімен қатар, оған жұмсалатын қаржыға да әсер ететінін атап өтті.

– Ерте анықталған ісікті емдеу әлдеқайда жеңіл, химиотерапиясыз-ақ емдеп шығуға мүмкіндік жоғары. Сондай-ақ қаржылық тұрғыдан да 1-сатыдағы ісікті емдеу 4-сатыға қарағанда 150 есе арзанға түседі. Біздің мақсатымыз – әйелдерді қорқыту емес, тісін тазалау сияқты жыл сайын немесе екі жылда бір рет маммографиядан өтуді әдетке айналдыру, – деді онколог-маммолог.

Дәрігердің айтуынша, скринингтің негізгі мақсаты – ауру белгілері пайда болғаннан кейін емес, әйел өзін сау сезініп жүрген кезде өзгерісті анықтау.

Биыл Қазақстандағы сүт безі обыры скринингінің тиімділігіне арналған жаңа ғылыми зерттеу де жарияланды. Зерттеушілер 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ұлттық скрининг бағдарламасының нәтижелерін талдаған. Деректерге сәйкес, скрининг барысында анықталған I сатыдағы сүт безі обыры жағдайларының үлесі жылдар өте артқан. 2025 жылы елде I сатыда анықталған 2 144 жағдайдың 48,97%-ы скрининг арқылы табылған. Зерттеу авторлары сонымен бірге нысаналы топтағы әйелдерді скринингпен қамту деңгейін арттыру қажеттігіне назар аударады.

Ерте диагностиканың маңызы тек ауруды анықтау көрсеткішінен емес, емдеуге кететін шығыннан да байқалады.

Білікті дәрігердің ерте диагностиканың экономикалық маңызы туралы сөзін 2026 жылы жарияланған халықаралық зерттеу де қуаттайды. Италияда сүт безі обыры анықталған 1 232 пациенттің ем шығынын талдаған ғалымдар ауру асқынған сайын медициналық шығынның артатынын анықтаған. Мәселен, стационарда дәрі-дәрмекке жұмсалған шығын I сатыда бір пациентке 4 427 еуро болса, IV сатыда 34 210 еуроға жеткен.

Скрининг кімдерге арналған?

Қазақстанда сүт безі обырын ерте анықтауға арналған тегін скрининг қарастырылған. Брифинг ұйымдастырушылары ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазір ол 40 пен 76 жас аралығындағы әйелдерге арналған.

Брифингте сөз сөйлеген Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Арман Жансеңгіров еңбек жолын медицина саласында бастағанын айтып, ауруды алғашқы сатыларда анықтаудың маңызын атап өтті.

– Сүт безі обыры – уақытылы анықталса, толық айығып кетуге болатын дерт. Егер дерт 1 немесе 2-сатыда анықталса, Қазақстанда да, әлемде де оны емдеу болжамы өте жоғары. Бұл жерде басты құрал – заманауи емнен бұрын, уақытылы алдын алу, – деді ол.

Оның сөзінше, маммографиялық тексерудің өзі көп уақыт алмайды.

– Егер қандай да бір күдікті белгілер табылса, еш қорықпай, онколог-маммологқа өтіп, биопсия жасатып, емді ерте бастау керек. Скрининг – сау әйелдердің денсаулығын тексеру үшін қажет, – деді депутат.

«Ауырмайынша дәрігерге бармаймын» деген түсінікті өзгерту керек

Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі, дәрігер Жұлдыз Данбаева әйелдердің көбіне отбасы мен бала-шағаның қамын бірінші орынға қойып, өз денсаулығын кейінге қалдыратынына назар аударды.

– Біздің әйелдеріміз үй шаруасынан, бала-шағаның қамынан босамай, өз денсаулығын әрқашан соңғы орынға ысырып қояды. «Ауырмайынша дәрігерге бармаймын» деген түсінікпен өмір сүреді. Біз осы менталитетті өзгертуіміз керек. Біздің үндеуіміз қарапайым: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде». Емханалардан арнайы шақыру түскенде, SMS келгенде сылтау айтпай, скринингтен өтуді өтінеміз. Дәрігер ретінде айтарым: обырдан қорықпау керек, ол үкім емес. Бұл дертті бастапқы сатысында анықтаса, толық сәтті емдеп шығуға мүмкіндік бар. Біздің бүгінгі жиындағы басты мақсатымыз – жай ақпарат беріп қою емес, профилактикалық мәдениетті халық санасына сіңіру, – деді Жұлдыз Данбаева.

121 ғимарат қызғылт түспен жарықтандырылады

Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Шолпан Каринованың айтуынша, «Әйел өмірі үшін» айлығының міндеті – ақпаратты тек ірі қалаларға емес, еліміздің шалғай ауылдарына дейін жеткізу.

– Скринингтен, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ дәрігерге жүгіну әрбір адамның күнделікті мәдениетіне айналуға тиіс. Бұл ақпарат тек ірі қалалар мен облыс орталықтарында ғана емес, еліміздің ең шалғай ауылдарына дейін жетуі керек. Біздің мақсатымыз – бұл мәселені тек қазан айында айтып қою емес, әрбір адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Барша әйелдерді өз денсаулығына, аналары мен қыздарының амандығына мұқият болуға шақырамын, – деді Шолпан Каринова.

Науқан аясында еліміздің барлық өңіріндегі 121 қоғамдық ғимарат күн сайын сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін қызғылт түспен жарықтандырылады. Сонымен қатар 218 LED-экранда, билбордтарда және 250 қоғамдық көлікте сүт безі обырының алдын алу туралы ақпараттық материалдар орналастырылады.

Қазан айында еліміздің емханаларында ашық есік күндері, онкологтармен кездесулер, дәрістер мен подкасттар ұйымдастырылады. Әйелдер бейінді мамандардан кеңес алып, скринингтен өту тәртібі туралы ақпарат ала алады.

Астана қаласындағы №13 қалалық емхананың директоры Жанерке Ажетованың айтуынша, сүт безі обырын ерте анықтауға арналған скрининг кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлеміне кіреді. Сондықтан әйелдің МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, тексеруден тегін өтуге мүмкіндігі бар.

"Ол үшін әйелдер өзі тіркелген емханаға жүгінуі қажет. Менің өзім емханада осы мәселені үнемі бақылап отырамын. Кейде қарапайым кезекте тұрып-ақ, үйіне қайтып кететін әйелдер болады. Бұдан бөлек қаншама рет шақырып, хабарлассақ та келмейтіндер бар. Бізге тұтас қоғам болып аталған жағдайға бей-жай қарамайтын мәдениет керек",-дейді дәрігер.

Ұйымдастырушылар өзін-өзі тексеру дәрігердің толыққанды тексеруін алмастыра алмайтынын еске салды. Науқанның ең басты мақсаты – әйелдерді аурумен қорқыту емес, ешқандай белгі болмаса да профилактикалық тексеруден уақытылы өтуді қалыпты әдетке айналдыру.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 20:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары