Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Тоқаев бизнестің үніне құлақ асып, Салық кодексін өзгертуді тапсырды

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

Жылыойда Қоғамдық кеңестен шығарылған үш азамат сотта жеңіске жетті

Жылыойда Қоғамдық кеңестен шығарылған үш азамат сотта жеңіске жетті

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Атырау облысының Жылыой ауданында WhatsApp-та сын пікір білдіріп, отырыстарға қатыспағаны үшін Қоғамдық кеңестің үш мүшесі құрамнан шығарылды. Алайда олар мұнымен келіспей, сотқа жүгінді.

Бекет Құлбаев, Райса Телеубаева және Жолдас Қарашев биылғы 26 мамырда аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігінен айырылды. Оның үстіне, оларды кеңес құрамынан шығару туралы шешімді әріптестері өздері қатыспаған отырыста қабылдаған.

Үшеуіне қатысты шағым аз болмаған. Кеңес мүшелерінің пікірінше, олар кеңестің беделіне нұқсан келтіріп, басқа WhatsApp топтарында оның жұмысы туралы теріс пікір қалыптастырған, өзге адамдардың сөздерін бұрмалап жеткізген және отырыстарға дәлелді себепсіз қатыспаған.

Осылайша, қызық жағдай қалыптасты. Тұрғындардың мүддесін білдіруге және мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауға тиіс органның өзі өзіне айтылған сынға наразы болып шықты.

Кеңес құрамынан шығарылған азаматтар тағылған айыптармен келіспеді. Райса Телеубаева мен Жолдас Қарашев отырыстарға қатыса алмайтындарын алдын ала, тіпті сол WhatsApp арқылы хабарлағандарын айтты. Алайда әріптестері олардың түсініктемелерін ескерусіз қалдырған.

Ал «Қоғамдық кеңестер туралы» заңда кеңес мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың нақты негіздері қарастырылған. Соның бірі — бір жыл ішінде дәлелді себептерсіз отырыстарға үш реттен артық қатыспау. Ал кеңестің қызметін сынау немесе ол туралы теріс пікір қалыптастыру бұл тізімде жоқ.

Бекет Құлбаевтың кеңеспен арақатынасы бұдан да ертерек бұзылған. Ол 2025 жылғы 12 мамырдан бастап осы органның төрағасы болған. Алайда 2026 жылғы 20 сәуірде төрағалық қызметінен мерзімінен бұрын босатылды. Ал бір айдан кейін кеңес құрамынан да шығарылды.

Құлбаевтың пікірінше, бұл жағдайлардың артында Қоғамдық кеңестің қызметіне сыртқы ықпал ету әрекеттері тұруы мүмкін. Ол өзін төрағалық қызметінен шеттетуді де заңсыз деп санайды.

Ақырында, жанжалды шешу үшін сотқа жүгінуге тура келді. 19 қазанда Жылыой аудандық сотының судьясы Ж. Қонысбаев үш азаматтың талап арызын қарап, олардың талаптарын ішінара қанағаттандырды.

Сот 26 мамырдағы №9 хаттамалық шешімнің Құлбаевты, Телеубаеваны және Қарашевті Қоғамдық кеңес құрамынан шығару туралы бөлігін заңсыз деп танып, күшін жойды.

Дегенмен бұрынғы төраға үшін бұл оқиға әлі аяқталған жоқ. Сот шешімі тек кеңес құрамынан шығаруға қатысты болды, ал Құлбаевты төрағалық өкілеттігінен айыру мәселесі қаралған жоқ. Бұл шешім 20 сәуірдегі жеке хаттамамен рәсімделген.

Енді Құлбаев сотқа қайта жүгінбек. Бұл жолы ол өзін төраға қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы шешімнің күшін жоюды талап етпек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 17:09

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:34
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 02:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

28 Қазан 2026 11:31see139

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see137

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see137

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

28 Қазан 2026 12:48see136

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

28 Қазан 2026 12:19see134

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

28 Қазан 2026 14:53see134

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

28 Қазан 2026 21:09see128

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see127

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see126

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see126

Тоқаев бизнестің үніне құлақ асып, Салық кодексін өзгертуді тапсырды

28 Қазан 2026 12:38see125

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

28 Қазан 2026 12:13see124

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see124

Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

28 Қазан 2026 15:22see123

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

29 Қазан 2026 12:08see123

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

29 Қазан 2026 14:47see121

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

29 Қазан 2026 16:18see120

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

28 Қазан 2026 18:52see119

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

29 Қазан 2026 18:42see118

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

29 Қазан 2026 19:22see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары