Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Жылыту маусымына дайындық үздіксіз жүргізіледі

Жылыту маусымына дайындық үздіксіз жүргізіледі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Стратегиялық құжатта инфрақұрылымды жаңғыртуға, заманауи әрі экологиялық таза технологияларды енгізуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударылған.

2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысында қаржыландыру көлемі артты. Инфра­құрылымды жаңартуға қомақты мем­ле­кеттік және инвестициялық қара­жат салынды. Атап айтқанда, былтыр электр стансаларын жөндеуге энергия ны­сан­дарының меншік иелері 348 млрд теңге бағыттады, бұл 2024 жылмен салыс­тырғанда 6%-ға артық. Ал жылу желілерін жаңартуға 129 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп.

Жөндеу нәтижелеріне келсек, стансаларда 10 энергоблок, 63 қазандық, 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. 17 мың шақырым электр беру желілері мен 420 қосалқы станса жаңартылды, сондай-ақ 323 шақырым тозған жылу желілері ауыстырылды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде энергетикалық инфрақұрылымның қуаты артып, жабдықтардың тозу деңгейі төмендеді. Атап айтқанда, электр станса­ларындағы тозу деңгейі – 53%-ға, жылу желі­лерінде – 50%-ға, ал электр желісі ны­сан­дарында 66,2%-ға дейін төмендеді.

Өткен жылдың желтоқсан айындағы ең жоғары жүктеме кезінде жүйе 17,3 ГВт қуат өндіру арқылы жүктемеге төтеп берді. Соның нәтижесінде тұрғын үйлердегі температуралық режімнің бұзылу жағдайлары республикада үш есе азайды: 65 жағдайдан 21 жағдайға дейін төмендеді. Стансалардағы технологиялық бұзушылықтар саны – 15%-ға, ал электр желілеріндегі бұзушылықтар 12%-ға азайды. Әрбір жағдайға мемлекеттік органдар тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталануын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдады.

Сонымен қатар жылу электр орталықтарының  ахуалы жақсарды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 5 ЖЭО тәуекелдің «қызыл» аймағынан анағұрлым тұрақты «сары» аймаққа шығарылды, тағы 3 ЖЭО «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. Қоймаларда жеткілікті көлемде отын қоры жасақталды. Халық пен әлеуметтік нысандардың қажеттіліктері үшін жоспардағы 7,5 млн тонна көмірдің орнына 8 млн тоннадан астам көмір да­йындалды.

Қол жеткізілген нәтижелерді одан әрі нығайту мақсатында келесі жылыту маусымына дайындық жұмысы үзіліссіз жалғасып жатыр. Қаржыландыру көлемі қайтадан ұлғайтылды. Биыл тек электр стансаларын жөндеуге нысан иелері 384 млрд теңге бөліп жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп.

Айта кету керек, бұл қаражат электр энергиясының тарифі есебінен қалып­тасады. Әрбір станса жөндеуді бірін­ші кезекте қажет ететін ең тоз­ған учаскелерді өздері анықтайды.

Қазір тәуекелдің «қызыл» аймағында тұрған 5 жылу энергетикалық нысан бар: Семей, Орал, Тараз қалаларындағы ЖЭО, Ақтау қаласындағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы ГРЭС-1. Жыл қорытындысында электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Биыл барлығы 9 энергоблокқа, 55 қазандыққа, 51 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазір жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Кейбір нысандарда жөндеу барысында бұрын анықталмаған жасырын ақаулар шығып жатыр. Бүгінде екі энерго­блок толық дайын, тағы екі энерго­блокта жөндеу жұмысы жалғасуда, 13 қазандыққа күрделі жөндеу аяқталды, 27 қазандықта жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 8 турбина пайдалануға берілді, 16 нысан жөнделіп жатыр. Жоспарлы жөндеу жұмысы да қатар жүргізіліп, оған бүкіл елдегі қосалқы жабдықтардың 500-ден астам бірлігі қамтылған.

Желілік инфрақұрылымдағы кешенді жұмыстар да қолға алынған. Қазір шамамен 6,3 мың шақырым электр желілері, 135 қосалқы станса, 1 253 тарату бекеті жөнделді. Жыл соңына дейін барлығы 17 мың шақырымнан астам электр беру желілері мен 3,4 мыңнан астам тарату бекетін жаңарту жоспарланып отыр. Республика бойынша жоспарланған 377 шақырым құбырдың 65 шақырым жылу желісі пайдалануға дайын. Қазір тағы 278 шақырымда жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр. Жұмыс белгіленген кестеге сәйкес орындалып жатыр, жос­пардан кешігу жоқ.

Еліміздегі қыстың ұзақтығы аймаққа байланысты айтарлықтай өзгереді. Егер оңтүстікте жылыту маусымы шамамен 151 күнге созылса, солтүстікте ол 222 күнге жетеді. Бұл фактор басымдықтарды белгілеу кезінде ескеріледі. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде суық ауа райы ертерек басталады. Сондық­тан бұл аймақтарда жылу желілерінің дайындығы 1 қыркүйекке дейін толық аяқталады, ал 15 қыркүйекке дейін стансалардағы негізгі жөндеу жұмыстары мәресіне жетеді.

Елдің оңтүстік пен батыс бөліктерінде жылыту маусымының басталуы неғұрлым кеш мерзімге белгіленеді, сондықтан нысандардағы барлық негізгі жұмысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Аяз болған жағдайда мемлекет отын қорларын алдын ала көбейтеді. Қазір энергия көздерінің қоймаларында шамамен 3,5 млн тонна көмір жинақталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға көп. Сонымен қатар 143 мың тонна мазут қоры дайындалған.

Тұрғындар мен коммуналдық сектор­дың қажеттіліктері үшін жаңа маусымға 7,3 млн тонна көмір қажет. Жанармай жеткізу мәселелерін болдырмау үшін Үкімет бірқатар шараны қарастырды: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ осы мақсаттарға шамамен 18,3 мың жартылай вагон бөлді. Жеткізу жұмысы тұрақты түрде және қатаң белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Жылыту мау­сымына дайындық кезеңінде 15 тамыздан бастап, мемлекеттік энергетикалық қадағалаудың басшылығымен арнайы Респуб­ликалық штаб әкімдіктермен әрі көмір разрездерімен бірлесіп, жасанды тап­шылық жасау және жергілікті жер­лерде бағаны көтеру әрекеттерін тоқта­тады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 09:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары