Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Жылыжайға жан бітпей тұр

Жылыжайға жан бітпей тұр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Дамуы баяу сала

Қызылорда облыстық Ауыл шаруашы­лығы және жер қатынастары басқарма­сының мәліметіне сүйенсек, бүгінде өң­ір­де жалпы аумағы 12,1 гектарды құрай­тын 21 жылыжай ғана жұмыс істейді. Оның ішінде ең ірі жобалардың бірі – «КазАгроМир» серіктестігінің толық автоматтандырылған екі гектарлық жылы­жай кешені жоғары маңызға ие. Алайда өңірдегі барлық жылыжай облыс тұрғындарының көкөніске деген сұра­нысының небәрі 1,5 пайызын ғана өтей алады. Бұл өте төмен көрсеткіш.

Сондықтан облыс халқы тұтынатын көкөністің басым бөлігі Түркістан, Алматы облыстары мен көрші Өзбекстаннан жеткі­зіледі. Ал сырттан келетін өнімнің бағасы тасымал шығынына, жанар-жағармай құнына, делдалдардың үстеме бағасына және маусымдық өзгерістерге тәуелді болатыны айтпаса да түсінікті. Соның салдарынан нарықтағы баға тұрақсыз күйінде қалып отыр.

Негізі, Мемлекет басшысы  агроөнер­кәсіп кешенін дамыту, импортқа тәуел­ділікті азайту жөнінде ұдайы назарға алып, нақты тапсырма беріп келеді. Ал­айда бұл міндет Қызылорда үшін әлі күнге дейін өзектілігін жойған емес.

Жыл өткен сайын Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы бұрынғыдай тек күрішке арқа сүйей алмайтыны өз дәлелін тауып келеді. Оған соңғы жылдары Сырдариядағы су көлемінің азаюы айғақ. Мұндай жағдай алдымен егіс құрылымын өзгерту талабын күшейте түсті.

Жалпы, аз сумен мол өнім беретін тәсіл бірінші кезекте жылыжай техноло­гияларының маңызын арттыра түсті. Яғни  жылыжай шаруашылығын жүйелеп, халықты жергілікті өніммен қамтамасыз ету талабы өздігінен сұранып тұр. Алайда бұл саланың дамуын тежеп тұрған түйткіл әлі де аз емес.

Сарапшылар пікіріне сәйкес, жылыжай шаруашылығын дамытуға ең алдымен – энергия құнының шарықтауы салқынын тигізеді. Әсіресе қыс мезгілінде жылыжай­ды жылыту үшін табиғи газ бен электр энер­гиясы үздіксіз қажет. Ал электр энер­гиясының қымбаттығы өнімнің өзіндік құнын өсіріп, жергілікті өндіру­шілерді арзан импортпен бәсекелесе алмайтын күйге түсіреді.

Сонымен қатар шаруашылық ісін ілгерілетуге инвестиция тапшылығының да кері ықпалы зор. Бұл тұрғыда жеңіл­детілген несиелер қарастырылғанымен, кепілдік талаптары мен қаржыландыру шарттары көптеген кәсіпкердің бұл салаға келуіне мүмкіндік бермейді деп есептейді. Сол сияқты кадр мәселесіне қатысты түйт­кіл де өз алдына бір төбе. Өйткені  қа­зіргі жылыжайларда көп жағдайда автоматтандырылған климаттық жүйе, цифрлық басқару, тамшылатып суару технологиялары кеңінен қолданылады. Соған сәйкес,  тәжірибелі агрономдармен қатар инженерлер мен IT-мамандарға деген сұраныс жоғары. Ал қоғамда мұндай кадрлардың тапшылығы анық сезіледі.

Соған қарамастан салада оң үрдістер де жоқ емес. Басқарма тарапынан өңірдегі өміршең жобалар мен игі бастамалар төңірегінде тізбектеп шықты.

«Қызылорда облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға бағытталған бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында облыста 34 шағын жылыжай іске қосылды. Бұл ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар жуырда облыс әкім­дігі Түркияның TIMFOG Engineering компаниясымен заманауи жылыжай кешендерін салу жөнінде келіссөз жүргізді. Сондай-ақ «Фабе-Агро» және «Мелиора­тор» компанияларының қатысуымен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл бастамалар өңірде жылыжай жұмысын дамытуға үлкен сеп болары сөзсіз», – дейді басқарма тарапынан.

Мұндай бастамалар Сыр халқының үмітін еселей түсті. Дегенмен халықтың басты талабы инвесторлармен келісім жасаумен шешілмейді. Халыққа нәтижелі жұмыс пен дүкен сөрелеріндегі қолжетімді бағадағы жергілікті өнім қажет.

Мүмкіндік мол, еңбек аз

Ұзақ жылдан бері жылыжай ісімен айналысып келе жатқан тәжірибелі маман Ақерке Тәжекеева өңірдің табиғи-кли­маттық жағдайы бұл саланы дамытуға толық мүмкіндік береді деп есептейді.

Оның айтуынша, Қызылорда облысын­да жылыжай шаруашылығының әлеуеті то­лық пайдаланылып отырған жоқ. Қазір жұмыс істеп тұрған жылыжайлардың басым бөлігі шағын болғандықтан, өңір тұрғында­рының сұранысын толық қамта­масыз ете алмайды. Соның салда­рынан көкөніс өнім­дерінің едәуір бөлігі Шымкент, Сарыа­ғаш және өзге өңірлерден тасымал­данады деген пікірін білдірді.

«Көпшілік тарапынан Қызылорданың қатал климаты жылыжай шаруашылығын дамытуға қолайсыз деген пікір айтылады. Мен бұл тұжырыммен келіспеймін. Қы­зы­лорданың табиғаты көршілес Түркістан облысынан айтарлықтай ерекшеленбейді. Күн сәулесі мол түсетін өңір болғандықтан, көкөніс-бақша өнімдерін өсіруге барлық мүмкіндік бар. Ең бастысы, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды күшейтіп, жылыжай салуға жасалатын жағдайды кеңейту қажет. Сонда ғана өңірдің өз өнімін көбейтіп, сыртқы нарыққа тәуел­ділігін азайтуға болады», – дейді маман.

Бүгінде білікті маманның иелігінде 3-4 шағын жылыжай бар. Алайда олардың қуаты облысты көкөніс және бақша өнім­дерімен толық қамтамасыз етуге жет­кі­ліксіз. Сондықтан өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін жылыжай алқаптарын ұлғайту қажет деген пікірде.

«Жылыжайда тек қызанақ, қияр секілді дәстүрлі дақылдарды ғана емес, банан, ман­дарин, лимон, апельсин, киви және басқа да цитрус жемістерін жерсіндіріп, өс­і­ріп келемін. Бұл Қызылорданың табиғи-кли­маттық жағдайы жылыжай шаруашы­лығын дамытуға қолайлы екенін іс жүзінде дәлелдейді. Өз шаруашы­лы­ғымнан бөлек, облыста жылыжай кәсібін бастаған аза­матт­арға тәжірибеммен бөлі­сіп, ақыл-кеңес беріп келемін. Жаңа кәсіпкерлерге жылыжай салып беріп, оларды бір жылға дейін осы саланың қыр-сырына баулимын. Жылыжай шаруашылығымен айналысып келе жатқа­ныма 30 жылға жуық уақыт болды. Барлық жылыжайымда су үнемдеуге мүм­кіндік беретін тамшылатып суару тех­но­­логиясы қолданылады. Бүгінде өңір­дегі көптеген жылыжайдың қал­ыптасуы мен дамуына менің де еңбегім сіңді деп сеніммен айта аламын. Сондықтан Қызы­лорда облысында жылыжай шаруа­шылығын дамыту үшін мемлекет тара­пынан көрсе­тілетін қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелердің көлемін ұлғайтып, саланы кешенді түрде қолдау қажет деп есептеймін», – дейді агроном, ауыл шаруашылығы ғылымдарының ма­гистрі, «Болашақ» уни­верситетінің аға оқытушысы Ақерке Кеңесбайқызы.

Маманның пікірінше, Сыр өңірінің та­биғи әлеуеті жылыжай жұмысын жыл бойы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан маусымдық өнім өндірумен шектелмей, мем­лекеттік қолдау аясында жыл бойы ха­лықты қолжетімді бағамен қамтамасыз ететін заманауи жылыжай өндірісін да­мы­­туға  көшу керек деп есептейді. Со­ның нәтижесінде Сыр елінің сырттан келетін көкөніске телмірмей, өзін-өзі жергілікті өніммен қамтамасыз етуге мүм­кіндігі артар еді.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 06:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары