Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауылдарда мәдениет үйінің құрылысы бітпей тұр

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауылдарда мәдениет үйінің құрылысы бітпей тұр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Атырау облысы Қызылқоға ауданының 2 ауылында мәдениет үйінің құрылысы бітпей тұр.

Мұқырдағы нысанның іргетасы 8 жыл бұрын қаланып еді. Алайда алғашқы мердігердің салғырттығынан құрылыс созбалаңға салынып, қылмыстық іс қозғалды. Қарабау ауылындағы мәдениет үйі де уақытында тапсырылмады.

Бес мыңға тарта тұрғыны бар Қарабау ауылындағы мәдениет үйінің ескі ғимараты апатты деп танылып, былтыр жаңа нысанның құрылысы басталған болатын. Бірақ жұмыс ұзаққа созылмай, орта жолда тоқтап қалды. Жоспар бойынша мәдениет ошағы биыл тапсырылуы керек еді. Алайда мердігер құрылысты жүргізуге күн райы қолайсыз болды деп, мерзімін шегере берген.

Талғат Қадырғалиев, Қарабау ауылының тұрғыны:

- Салынғанда ауыл болып қуанып едік. Осы ауылымыздың үлкендері бар, жастары бар, орта буыны бар, концерт көре ме, тағы басқа спектакль бірдеңе бола ма деп ойлап, өзімізше басталғанда қуанып едік. Жағдайды өздеріңіз көріп тұрсыздар. Былтыр басталды. Биыл аяқталуы керек еді қыркүйекте. 

Жауаптылардың сөзінше, Қарабау мәдениет үйі келесі жылы пайдалануға беріледі. Мердігер міндетін орындайды. Ал Мұқыр ауылындағы жағдай одан да күрделі. 

Асланбек Шығыр, тілші:

- Мұқыр ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы 2017 жылдан бері бітпей тұр. Ескі құрылыс ғимараты салу жұмыстары аяқталмай жатып, апатты деп танылды. Кейін сүрілді. Орнына осындай жаңа ғимарат бой көтерді. Бірақ мұның өзінде де қазір құрылыс жұмыстары тұралап тұр.

Ауылда 30 жылдан бері мәдениет үйі жоқ. 8 жыл бұрын басталған алғашқы құрылысқа  400 млн теңге бөлінген. Бірақ сапасыз салынған  нысан бұзылып, биыл жоба құны 1 млрд теңге болатын жаңа ғимараттың іргетесі қаланған еді. Алайда оның да құрылысы аяқталмай қалды.

Азамат Жақсиев, Мұқыр ауылдық округінің әкімі:

- Жалпы ауыл тұрғындарының бірден-бір мәдениетін қалыптастыратын мәдениет үйі, мәдениет ошағы. Ауыл тұрғындарының бірден-бір арманы деп айтуға болады. Осы мәдениет үйі тезірек бітіп, ауыл тұрғындарына, халыққа пайдалануға берілсе деген тілегіміз бар. Жалпы біздің клуб қызметкерлері мектептің акт залында отырады. Ыждағаттап, осы құрылысты аяқтап, тапсырса деген тілегіміз бар.

Мұқырдағы мәдениет үйінің алғашқы құрылысының аяқталмауы мердігер мекеменің салғырттынан болды, дейді жауаптылар. 

Дархан Тілепберген, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

- Мердігердің мардымсыздығынан және мердігерге байланысты қылмыстық іс қозғалуына байланысты «Автостройконсалтинг» мекемесімен келісімшарт бір жақты бұзылды. Бұл мекеме қазір банкрот деп жарияланған және де штрафтар төленді. Содан кейін 2024 жылы кері тендерлік рәсімдер жүргізіліп, «Жиенбай» ЖШС анықталды. 2025 жылға бөлінген қаржы толықтай игерілді. 2026 жылы толықтай қаржысы бөлініп, бірінші жарты жылдығында 2026 жылдың құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады. 

Екі ғимарат та келесі жылы пайдалануға беріледі, дейді жауаптылар. Қазір өңірде 17 мәдениет нысанының құрылысы жүріп жатыр. 2025 жылы үш ғимарат ел игілігіне тапсырылды. 

Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Желтоқсан 2025 00:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары