Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Зымыран кешендерін құрастырған аңызға айналған қазақстандық зауыт сатылымға шығарылды

Зымыран кешендерін құрастырған аңызға айналған қазақстандық зауыт сатылымға шығарылды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Кеңестік зымырандарды шығарып, мыңдаған Петропавл тұрғынын жұмыспен қамтыған аңызға айналған зауытты осымен үшінші рет жеке меншікке өткізуге тырысып жатыр. Бай тарихы бар кәсіпорынға неліктен сатып алушы табылмай отырғанын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Құпия алпауыт

Анықтама: Петропавл ауыр машина жасау зауыты (ПАМЖЗ) 1950 жылдары салынып, ұзақ уақыт бойы өңірдегі ең ірі әрі аса құпия қорғаныс кәсіпорындарының бірі болды. 40 жылдан астам уақыт бойы зауыт баллистикалық зымырандарды, зымыран кешендерін, ұшыру қондырғыларын, реактивті су асты қайығына қарсы снарядтарды, сондай-ақ зерттеу және метеорологиялық зымырандарды қоса алғанда, әскери техника шығаруға маманданды. ПАМЖЗ КСРО-дағы "Точка" және "Точка-У" толық жиынтықты тактикалық зымыран кешендерін шығаратын бас кәсіпорын болды. Оларды сериялық өндіру зауытта 1973 жылы басталды. 1970 жылғы мамырда кәсіпорынға Владимир Лениннің есімі берілді. 1977 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен зауыт жаңа техниканы жасау, сынау және өндірудегі еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Кеңес заманында ПАМЖЗ өңірдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі болды: мұнда 12 мыңға жуық адам еңбек етті. Кәсіпорынның өз үйлері, балабақшалары, мектептері, жатақханалары, тіпті зауыт баспаханасында басылатын өз газеті де болды – зауыт дербес бір қалашық секілді өмір сүрді.

Зауыт Петропавлдың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Оның қаржысына 6 мың орындық "Металлист" стадионы, Вороний аралындағы демалыс базасы, "Машиностроитель" мәдениет сарайы және басқа да әлеуметтік нысандар салынды.

Зауыт сатылымға шығарылды

КСРО ыдырағаннан кейін зауыттың тыныс-тіршілігі өзгерді. Кәсіпорын бұрынғы өндіріс көлемі мен өткізу нарықтарынан айырылып, қаржылық қиындықтарға тап болды, несиелер мен жалақы бойынша қомақты қарыз жиналып қалған.

2024 жылы ПАМЖЗ басшылығына қатысты жемқорлық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелді. Сот зауыттың бұрынғы бас директорын аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, ал атқарушы директорын парақорлыққа делдал болғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Қазіргі уақытта "ПАМЖЗ" АҚ "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясына тиесілі. Зауыт мұнай-газ, энергетика, теміржол және басқа да салаларға арналған жабдықтар шығарады. Осы жылдың 30 маусымында кәсіпорынды сауда-саттық арқылы сату әрекеті жасалды.

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Петропавл ауыр машина жасау зауыты акцияларының 99,83 пайызын сатылымға шығарды. Бастапқы бағасы 18,8 миллиард теңгені құрады. Сауда-саттық шарттарында жалғыз қатысушыға сатуға жол берілетіні көрсетілген, яғни зауыт тіпті бір ғана үміткер болған жағдайда да сатылуы мүмкін еді. Алайда кәсіпорынды сатып алуға ниет білдіргендер табылмай, аукцион өтпеді.

Әзірге сатып алушы табылған жоқ

Зауыттың сатылу себептері мен алдағы тағдырын білу үшін Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ға сауал жолдады.

Компания "Қазақстан инжиниринг" "ПАМЖЗ" АҚ жай акцияларының 100 пайызына иелік ететінін хабарлады. Өз кезегінде ұлттық компанияның құрылтайшысы және жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі.

"Үкіметтің 2025 жылғы 24 қазандағы "Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік нысандарын оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысымен "ПАМЖЗ" АҚ-ны бәсекелес ортаға беру көзделген. 2026 жылғы 12 маусымда e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімі порталында "ПАМЖЗ" АҚ жай акцияларының 100 пайызын сату бойынша электрондық конкурс жарияланды, сауда-саттық өткізу күні 2026 жылғы 30 маусымға белгіленді. Алайда конкурсқа қатысушылардан өтінім түспеуіне байланысты ол өтпеді деп танылды", - делінген басқарма төрағасының м.а. Құлазия Чокушеваның қолы қойылған жауапта.

Ұлттық компания "ПАМЖЗ" АҚ акцияларын сату бойынша осындай электрондық конкурстарды 2022 және 2023 жылдары да жариялағанын, бірақ сатып алушылардың болмауына байланысты олар да өтпеді деп танылғанын еске салды.

"Бұл ретте өтінімдердің болмауы кәсіпорынға деген қызығушылықтың жоқтығын білдірмейді, - деп атап өтті "Казинжиниринг" өкілдері. - Келесі сауда-саттыққа дайындық аясында компания кәсіпорынды кейінгі жекешелендіру процедураларына дайындау жұмыстарын жалғастырып, әлеуетті инвесторлар аясын кеңейтіп, мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіп жатыр".


"Қазақстан инжиниринг" кәсіпорынның дамуына қаржы салуға дайын инвесторлардың ұсыныстарына ашық екенін мәлімдеді.

Қиындыққа қарамастан жұмыс істеп тұр

"Қазақстан инжиниринг" ПАМЖЗ-ның қаржылық қиындықтары тек кәсіпорынның ішкі мәселелеріне ғана байланысты емес екенін түсіндірді. Зауыт көптеген өнеркәсіптік компаниялар сияқты тапсырыстардың бір бөлігінің азаюына, нарықтағы жағдайдың өзгеруіне және жабдықтарды жаңарту қажеттілігіне тап болған.

"Қазіргі қаржылық көрсеткіштер кәсіпорынның нақты өндірістік әлеуетін көрсетпейді. "ПМЗЖ" АҚ көпжылдық тарихы мен бірегей құзыреттері бар Қазақстандағы ең ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі болып қала береді. Кәсіпорынның өндірістік базасы өндірістік операциялардың кең ауқымын орындауға мүмкіндік беретін 1300-ге жуық заманауи технологиялық жабдықты, сондай-ақ азаматтық және қорғаныс өнімдерін шығаруға қажетті лицензиялардың толық пакетін қамтиды", - деп атап өтті басқарма төрағасының м.а. Құлазия Чокушева.

Қазіргі уақытта ПМЗЖ бірден бірнеше бағытта жұмыс істейді: мұнай-газ, энергетика және теміржол салаларына арналған жабдықтар шығарады, сондай-ақ қорғаныс мақсатындағы тапсырыстарды орындайды.

Фото Tengrinews.kz

Қысқартылған жұмыс аптасы, бірақ жалақы уақытылы

Ұлттық компания сонымен қатар бүгінгі таңда "ПМЗЖ" АҚ қызметкерлерінің штаттық саны 473 адамды құрайтынын хабарлады.

"Өндірістік қуаттардың қазіргі жүктемесіне байланысты кәсіпорын уақытша қысқартылған жұмыс аптасы режимінде қызмет атқарып жатыр. Бұл шара ұйымдастырушылық сипатқа ие және өндірістік жүктеме артқанға дейін кәсіпорынның кадрлық әлеуетін сақтауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді "Қазинжиниринг" өкілдері.

Ұлттық компания зауытта жалақы бойынша берешек жоқ екенін, қызметкерлерге төлемдер уақытылы жүргізілетінін атап өтті.

Қазіргі уақытта кәсіпорын жаңа тапсырыстар іздестіріп, серіктестермен ынтымақтастықты дамытуда және өзінің қаржылық жағдайын жақсарту бағытында жұмыс істеп жатыр.

"Кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру жұмыстары жалғастырылады. Жекешелендірудің негізгі мақсаты - кәсіпорынның одан әрі дамуын, өндірісті жаңғыртуды, өткізу нарықтарын кеңейтуді және оның ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ете алатын стратегиялық инвесторды тарту", - деп қорытындылады "Қазинжиниринг".

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында туберкулезге қарсы диспансер сатылып жатқаны хабарланған. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған, бірақ науқастардың жоқтығынан қажетсіз болып қалған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 09:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары