17 жылғы құлдықтан құтылған Құндыз бен Назгүл. Олардың ендігі тағдыры не болады?
Qazaq24.com сообщает, что по информации сайта Informburo.KZ.
2023 жылғы қыркүйекте "Көреміз" бағдарламасында 17 жыл ағасының қолында құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың ауыр тағдыры қозғалды. Олардың оқиғасы ел назарына ілігіп, содан бері журналист Руслан Өтепбай қадағалап келеді. Құлдықтан босаған қыздарды бір жыл өткен соң Таразда тұратын Зүлфия Төленова оларды қамқорлығына алды.
Осы аптада әлеуметтік желілерде Құндыздың аяқ-қолы байланып жерде жатқан фотосы тарады. Мұны кім істегенін анықтау үшін журналист Руслан Өтепбай Таразға барып қайтты. Кейін Зүлфия Төленова басқа балаларға да қол жұмсағаны белгілі болды.
Осы орайда Информбюро порталы Назгүл мен Құндыздың құлдықтан қалай босағанын, қамқоршысынан қалай қорлық көргенін, оқиғаның мән-жайын баяндайды.
Құлдықтағы өмірҚыздар Отырар ауданына қарасты Шілік ауылында тұрған. Назгүл 1991 жылы дүнеге келсе, сіңлісі Құндыз 1996 жылы туған. Мектеп жасында анасынан айырылған, ал одан ертерек әкелері дүниеден өткен. Ата-анасынан айырылған соң әкелерінің бірінші әйелінен туған ағаларының қамқорлығына алынған. Аға-жеңгесінің қолында болған кезде қыздарға мемлекеттен айына 150 мың теңгеден асатын ақшалай көмек төленіп келген. Алайда аға-жеңгесі оларға ешқандай жағдай жасамай, керісінше еңбегін қанап, 17 жыл құлдықта ұстаған. Мұны сыныптастарының бірі біліп, "Көреміз" бағдарламасына хабарлаған.
Назгүл мен Құндыздың інісі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Құндыз бен інісі 18 жасқа толмай тұрып үкімет ата-анасы жоқ деп екеуіне екі бөлмелі пәтер берген. Кейіннен ағайындар арасында жетімдерге талас жүріп, үйді қайтадан мемлекет меншігіне өткізіп жіберген.
Ағалары Сәулебектің алты баласы бар. Ол байдың малын бағатынын, қыздар 7 қолында болғанын және ешқандай жұмыс істемейтінін айтқан еді. Жеңгелері қыздардың күтушісі ретінде айлық алып келген.
"Сыныптастары бұларды жақсы білмейді. Бұлар ауырады. Өзім мал баққаннан кейін қасымда ұстаймын. Олар бізден бөлек тұрады, өйткені Құндызда өкпе ауруы бар. Келіншегім балаларымызға жұғады деп қорқады. Сол себепті бөлек тұрғыздық", – деген еді Сәулебек Әбілдаев.
Назгүлдің сыныптасы Айша Мұстафинаның айтуынша, сыныптастарының бірі көктемде қой қырқуға барғанда басқалар тамақтанып отырғанда екі қыздың дәретхана жақта нан ұстап жеп жүргенін көрген. Жақындап барған соң Назгүлді танып, суретке түсіріп алған. Сол кезден бастап Айша анасына хабарласып, Назгүл мен Құндыздың жағдайын сұрай бастаған.
Қамқорлыққа алынған қыздар"Ауыл әкімі "қыздардың жағдайы жақсы" деген. Сондада өзіміз көрейік деп бардық. Жүрегіміз ауырып кетті. Қойшыға арналған үйде тұрады. Ол жерде ешқандай жағдай жоқ. Жейтіндері – нан мен су. Киімдері ескіріп әбден тозған, жұқа шалбар мен жейдемен жүр. Тіпті іш киімдері жоқ. Тұратын жерінде ешқандай тазалыққа арналған зат жоқ. Қыздардан қолаңса иісі шығып тұр", – деген еді Назгүлдің сыныптасы Айша Мұстафина.
2023 жылы қарашада араға үш ай салып журналист Руслан Өтепбай Instagram парақшасында "Көреміз" ұжымы Алматыға көшірілген Назгүл мен Құндыздың ертеңі үшін бар жағдайды жасап жатқанын, қыздар ешқандай туысына берілмейтінін айтты.
Бір жыл бойы телебағдарлама редакциясының қарауында болған апалы-сіңлілі 2024 жылы қазанда жаңа заңды қамқоршысы Зүлфия Төленованың қамқорлығына өтті. Сол кездегі ақпаратқа сәйкес, Таразда тұратын Зүлфия Төленова барлығы 37 балаға бас-көз болған. Оның 13-і отау құрған, бүгінде 21 немересі бар.
"Қазір менімен 12 бала тұрады. Назгүл мен Құндызбен бір-екі ай шамасында бірге тұрдық. Қазіргі уақытты қыздардың заңды қамқоршысымын. Шаңырағымдағы әрбір баланың өмірде орнын табуына көмектесемін. Менің есігім 24 сағат бойы ашық. Бұл қыздардың сыныптастарына, бағдарлама редакциясына алғысым шексіз. Халықтың, сіздердің алдарыңызда мен сөз бере аламын. Өйткені мен өзіме сенемін", – деген еді Зүлфия Төленова.
Бір жыл бойы түрлі терапиядан өткен Назгүл мен Құндыз ойын ашық айта бастады. Назгүл қой баққанын, күннің ыстығында тезек жинағанын, содан қап-қара болып кеткенін айтты.
"Мал бағып жүрген кезде шаршайтынбыз, қазір әдемі болып қалдық. Құндыз аппақ болып қалды. Шашы ол кезде қысқа еді, қазір өсті", – деді Назгүл.
Назгүл мен Құндыздың құлдықтан кейінгі фотосы
Қамқоршыдан көрген қорлық
2025 жылы наурызда журналист Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың жағдайын білу үшін арнайы Таразға барды. Ол қыздардың азып кеткенін көрген. Олардың заңды қамқоршысы Зульфия Төленова лайықты адам табылса қызметінен бас тартатынын айтқан еді. Руслан Өтепбай биыл жаңа жылда Тараз қаласында тұрып жатқан апалы-сіңілі қыздарды құттықтауға барғанда да қыздардың жағдайы жақсы емес екенін аңғарған.
25 қаңтарда әлеуметтік желіде Құндыздың аяқ-қолы байланған суреті тарады. Суретті көрген бойда Руслан Өтепбай Зүлфия Төленоваға хабарласқан. Ол бұл жағдайды өзі де енді естіп тұрғанын, оқиға болғанда үйде болмағанын айтқан. Журналист Таразға жолға шығамын дегенде Зүлфия Төленова қарсы шыққан.
Қол-аяғы скотчпен байланған Құндыз
"Құндыз әпкесі Назгүлді ұрған. Ауруы қозып кеткен ғой. Сол кезде байлаған ба, білмеймін. Мен де қазір көріп жатырмын. Үйде Танялар байлаған. Таня – топтағы қыз, сөйлей алмайды. Мен әрі-бері жұмыстармен жүрген едім. Өзім де қатты ашуланып тұрмын. Дүйсенбі күні өтініш жазып, қыздарды үкіметке өткіземін деп отырмын. Шаршадым", – деді Зүлфия Төленова.
Руслан Өтепбай Instagram парақшасында Зүлфия Төленованың басқа да балаларды ұрып-соққан видео жариялады.
"Бәрі белгілі болды. Қиналып жүрген тек Құндыз бен Назгүл ғана емес екен. Желтоқсан айының 29-ы күні Зүлфия Төленованың үстінен ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар – асыранды балалары. Балалардың айтуынша, Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген. Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады", – деп жазды Руслан Өтепбай.
27 қаңтарда әлеуметтік желіде Құндыздың журналист Руслан Өтепбайға қатысты бейәдеп сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсеткен видеосы тарады. Құндыз видеода "Мен оны пышақтап өлтірем, маған жақсылық жасамай-ақ қойсын" деп айтқан.
Құндызды кім байлады
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Өзекті жаңалықтар мен қызықты видеолар (@shymda_)
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналист Руслан Өтепбай Таразға барып, зерттеу жүргізді. 28 қаңтарда YouTube желісінде "Құндызды кім байлады? Тараздан шұғыл шығарылым" деген видео жариялап, қыздарды Зүлфия Төленованың қорлығынан арашалап қалды.
Журналист Назгүл мен Құндыз тұрған үйге барып, Құндыздан кім байлап тастағанын сұрады. Құндыз сол күні үйде Зүлфия Төленова болғанын, бірақ мұны ол жасамағанын айтты. Ал Таня болса Зүлфия Алматыға кеткенін және ешкімді ұрмайтынын жеткізген. Таня мұны істеген Әділхан десе, Зүлфия Таня дейді.
"Сырттан тон пішпейін деп кеше сізге хабарластым. Енді үйіңізге келіп тұрмын. Құндыздан сұрасам "Зүлфия мама" деп отыр. Екі қызды бас амандығында мемлекетке өткізіңіз. Содан соң мен қамқорлығыма аламын", – деді Руслан Өтепбай.
Құндыздың әпкесі Назгүл мұны кім жасағанын білмейтінін, Зүлфия ешкім ұрмайтынын айтып отыр. Алайда видеодан қыздың сөйлеуге қорқып отырғанын аңғаруға болады. Зүлфия Төленова жағдайдан хабарсыз екенін айтып, ат-тонын ала қашты.
"Мүмкін емес, білмеймін. Мұны кеше көріп шок болдым. (...) Неге мұны қазбалай бересіздер. Ауру қыз. Жауап бере алмайды. Мынау деген сұмдық нәрсе екенін түсініп тұрмын. Менің миыма келмейді екен", – деді ол.
Қыздар тұрып жатқан үйге Жібек Жолы аудандық полиция бөлімінің бастығы Жәнібек Тұрлыбаев та келді. Ол 2025 жылы 29 желтоқсан күні Зүлфия Төленоваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Ол кезде Зүлфия Төленова қамқорлығындағы қыздың шашын жұлған видео таспаланды.
"Қазіргі таңда тиісті сараптама тағайындалып, қорытындысының нәтижесі бойынша оның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қалған мәліметтер жария етілмейді. Дәлелденсе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Одан жеңіл жаза – 1000 АЕК айыппұл", – деді Жәнібек Тұрлыбаев.
Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова да оқиға орнына келіп, журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді.
"Бұл кісі туралы білеміз. 2011 жылдан бері балаларға қарайды. Бір жағанын мемлекетке көрсетіп жатқан көмегі болса, бір жағынанан балаларға қарағаны үшін ақы төлееді. Он күн бұрынғы жағдайдан хабардармын. Ал кешегі (Құндыздың қол-аяғы байланған) видеоны енді көріп тұрмын. Заң аясында тергеу жұмыстары жүргізіледі. Істі міндетті түрде өзім қадағалаймын", – деді аудан әкімі.
Қорғаншылық-қамқоршылық бөлімі басшысының орынбасары Шолпан ханым да Зүлфия Төленованың үйіне келді. Ол әлеуметтік қызметкерлер қыздардың жағдайын қадағалап тұрғанын, ешқандай шағым болмағанын айтып отыр.
"Қамқоршысы болғаннан кейін, жауапкершілік алғаннан кейін қарау керек еді. Назгүл мен Құндызды мемлекеттің қарамағына – интернатқа өткіземіз. Облыстық басқармамен уақытша орналастыру туралы сөйлесейік. Сосын электронды түрде қамқоршылыққа өтініш бере аласыз", – деді ол.
Руслан Өтепбай қыздарды бұл жерде қалдыруға болмайтынын айтып, мамандармен бірге әлеуметтік көмек көрсету орталығына алып келді. Назгүл мен Құндыз Жамбыл облысына қарасты №5 арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығына табысталды. Журналист Өтепбай апалы-сіңлі Назгүл мен Құндызды өз қамқорлығына алғысы келеді. Құжатты рәсімдеген соң қыздарды өзі Алматыға алып кететінін айтты.
Орталыққа Құндыздың сыныптасы әрі туысы Бибігүл де келіп, Құндыздан оқиғаның анық-қанығын сұрады. Екеуі сөйлескенде Құндыз өзіне дәрі беріп жатқанын айтқан. "Қинап ішкізе ме? Ол сенің денсаулығыңа керек пе? Қолыңнан ұрды ма, Кім ұрды Зұлфия апай ұрды ма? Не үшін ұрды?" деп сұрады.
"Қолымнан ұрды. Қатты ұрады. Дәрі ішпегенім үшін ұрады. Назгүлге ұрысады. Оны ұрмайды. Мені ұрады. Төсегімді тартып "тұр-тұр" деп жұлқылап оятады", – деп жауап берді Құндыз.
Кім байлағанын сұрағанда Зүлфия екенін, "неге дәрі бердіңіз?" деп ұрғанын, содан соң Зүлфияның басқаларға "мынаның қолын байлап тастаңдар" деп, ал өзі қарап тұрғанын айтты.
Зүлфия Төленова уақытша қамалды"Күнде ұрады. Бірінші мені айқайлап тұрғыза береді. Ұрады, сосын басыңды айналдыратын дәрі береді. Дәріні ішсем басым айналады. Өліп қалған адам сияқты ештеңені сезбеймін", – деді Құндыз.
27 қаңтарда Жамбыл облысының полиция департаменті Зүлфия Төленова бақылауында болған балалар мен мүгедек қызға қатысты азаптау фактісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады. Полицияның хабарлауынша, әйел уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлімі (азаптау) және 140-бабының 3-бөлімі (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу міндеттерін орындамау, екі немесе одан көп адамға қатысты) бойынша тергеу жұмыстары басталды.
"Балалар медициналық қызметкерлердің қарауынан өткізілді және арнайы балалар мекемесіне орналастырылды. Тағы екі ересек қамқорлықтағы тұлға – Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберілді. Қамқоршы күдіктінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілгені хабарланды. Тергеу барысында барлық жағдай толық, жан-жақты және объективті зерттеліп, нәтижесінде заңнамаға сәйкес процессуалды шешім қабылданады", – деп хабарлады полиция.
Қылмыстық баптар бойынша Төленова төрттен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Зүлфия Төленованың қамқорлығында 17 бала болған.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:86
Эта новость заархивирована с источника 30 Января 2026 13:39 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















