2015 2025 жылдар соңғы 176 жылдағы ең ыстық он жылдық болды ДМҰ
Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 2025 жылы және соңғы он жылдық ішінде әлемде болып жатқан климаттық өзгерістерге шолу жасап, БҰҰ сайтында жариялады.
Оған сәйкес, 2025 жыл бақылау жүргізіле бастаған уақыттан бергі ең ыстық жылдардың рейтингінде екінші не үшінші орынды иеленуі мүмкін. Ал 2015-2025 жылдар – соңғы 176 жылдағы ең ыстық он жылдық болып қазірдің өзінде танылған.
"2025 жылғы қаңтар мен тамыз аралығында Жердің беткі қабатының орташа температурасы индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,42 градусқа жоғары болды. Бұл Эль-Ниньо құбылысы байқалған 2024 жылдан сәл төмен болғанымен, ыстықтың беті әлі де қайтпай отыр", – делінген шолуда.
Ғалымдардың айтуынша, 2023 жылғы шілде мен 2025 жылғы тамыз аралығында әрбір ай (2025 жылғы ақпанды есепке алмағанда) ыстық көрсеткіші бойынша рекорд жаңартып отырған. Ғалымдар мұны жылыну деңгейінің артуына әсер етіп отырған түрлі антропологиялық факторлармен байланыстырып отыр.
"Парник газдары шығаратын артық энергияның 90 пайызын мұхиттар сіңіріп жатыр. Бұл теңіздердің экожүйесінің бұзылуына әкеліп, су тасқындары қаупін арттырады және мұздықтардың еруін жылдамдатады. Қазір теңіз деңгейі өте жедел көтеріліп келе жатыр. Егер 1990 жылдары теңіз деңгейі жылына 2,1 миллиметрге өссе, қазір бұл көрсеткіш 4,1 миллиметрге жетті. Ал 2024 жылы көрсеткіш тіпті рекордтық мәнге ие болды", – делінген Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның есебінде.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:30
Эта новость заархивирована с источника 11 Ноября 2025 12:26 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















