Алматының бас ботаникалық бағындағы тоғанға қоршау орнатылады
Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Алматыдағы Бас ботаникалық бақтың баспасөз қызметі баққа келушілердің тәртіп бұзғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін қандай қауіпсіздік шаралары қолға алынғанын хабарлады.
"Көктемгі кезеңде Алматының Бас Ботаникалық бағында келушілер саны әрдайым артып, адам ағыны едәуір көбейеді. Өкінішке қарай, кейбір келушілер тарапынан орынсыз мінез-құлық жағдайлары да кездеседі. Ережелердің бұзылуы, әсіресе келушілер ең көп жиналатын күндері, шынымен де тіркелуде", – делінген хабарламада.
Осыған орай, Бас ботаникалық бақ әкімшілігі тоған маңына қоршаулар орнату туралы шешім қабылдаған. Алайда, бұл тез жүзеге асатын шаруа болмағандықтан, әзірге бірқатар қауіпсіздік шаралары атқарылады:
Мәселен, тоған аумағында күзет қызметінің кезекшілігі күшейтілсе, қызметкерлер үшін құқық бұзушылармен жұмыс және жанжалсыз қарым-қатынас бойынша арнайы тренингтер өткізілген. Сондай-ақ, бақ аумағындағы ақпараттық және тыйым салатын белгілер саны арттырылып жатыр.
"Біз бейжай қарамай, ереже бұзушыларға ескерту жасайтын келушілерге алғысымызды білдіреміз: дәл осындай ортақ жауапкершілік аумақты сақтауға көмектеседі. Өз тарапымыздан қауіпсіздік шараларын күшейту және кеңістікті ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда", – делінген хабарламада.
Еске салайық, ботаникалық бақта гүлдерді жұлып, таптап, аққуларды үркіткен тұрғындардың видеосы әлеуметтік желіде тарап, көптің талқысын тудырған болатын.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:96
Эта новость заархивирована с источника 14 Апреля 2026 19:12 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















