Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Подделка на зубок

В Польше около 24 тысяч полицейских направили к школам после серии нападений

Казахстанцев в Саудовской Аравии предупредили о мерах безопасности

200 тысяч тенге морального вреда за отравление выплатил хозяин ресторана в Актюбинской области

Мужчина крал тонометры в Уральске

Казахстанцев просят отложить поездки в Саудовскую Аравию из за участившихся атак

Ерлан Карин: Обеспечение прав и интересов детей будет находиться под особым контролем

Токаев посетил центр детской реабилитации вместе с королем и королевой Бельгии

Обеспеченные многодетные казахстанцы начали добровольно отказываться от социальных выплат

VietJet Air открыла маршрут Ханой Алматы Прага

Суд Жамбылской области восстановил кандидата на должность замдиректора школы

Десять пьяных водителей привлекли к ответственности за выходные в Актюбинской области

Около 8 тонн старых шин вывезли на мусорный полигон в Туркестанской области

Участок дороги по Толе би перекроют в Алматы на несколько дней

Дольщиков обманули более чем на 5 млрд тенге. Девять человек осудили в Астане

МИД рекомендует казахстанцам в Саудовской Аравии воздержаться от поездок Аналитический интернет журнал Власть

Как кофе помогает организму защищаться от стресса

Следующий Дубай : топовые криптофонды мира вкладывают миллиарды в проект в Астане

Поставили пару месяцев назад . Дыры появились в новых скамейках на площади Республики в Алматы

Во Франции 14 летний подросток ранил из ружья директора школы и учительницу

Экоажырасу деген не және ешкімнің жүрегіне жара салмас үшін не істеу керек? Психоаналитик кеңестері

Экоажырасу деген не және ешкімнің жүрегіне жара салмас үшін не істеу керек? Психоаналитик кеңестері

По информации сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Ажырасу – адамның өміріндегі ең күрделі психоәлеуметтік дағдарыстардың бірі. Психологияда мұндай кезеңдер "өмірлік дағдарыс" деп аталады және ол жоғалту синдромына ұқсас эмоционалдық процестерді тудырады: күйзеліс, кінә, ашу, қорқыныш, бос кеңістік сезімі.

Соңғы жылдары психологиялық тәжірибеде "экологиялық түрде ажырасу" ұғымы кең тарала бастады. Психоаналитик Жанар Оспанның айтуынша, бұл ұғым адамның өз сезімін және бұрынғы серіктесінің эмоциясын ескере отырып, қарым-қатынасты өркениетті, сауатты және психикалық тұрғыда қауіпсіз түрде аяқтауды білдіреді.

Экологиялық ажырасудың негізгі қағидалары туралы маман айтып берді. 

Психоаналитик Жанар Оспанның айтуынша, экологиялық түрде ажырасу адамның эмоциялық интеллект деңгейімен тікелей байланысты.

"Экологиялық ажырасу – бұл адамның өз эмоциясын тануы, оны бақылауы және серіктесінің сезіміне құрметпен қарауы. Мұндай жағдайда бұрынғы жұбайды жау ретінде емес, ортақ тарихы бар тұлға ретінде қабылдау маңызды. Қарым-қатынасты өркениетті түрде аяқтау үшін сөйлесім тіліне "мен – сөйлемдерін" енгізу қажет. Мысалы: "Мен өзімді ренжігендей сезіндім", "Менің ойымша, бізге ара-қашықтық қажет" деген сияқты сөздер сезімді ашық, бірақ айыптаусыз жеткізуге мүмкіндік береді. Экологиялық тұрғыда ажырасудың басты қағидаты – кикілжіңнің орнына диалог орнату және эмоциялық шекараны сақтау. Бұл өзіңе де, екінші адамға да психологиялық тұрғыда қауіпсіз кеңістік қалыптастырады", – дейді маман. 

Фото: depositphotos.com Бірінші кеңес: Эмоцияны тану және қабылдау – катарсиске жол

Психоанализдің негізін қалаған З. Фрейд пен гуманистік бағыт өкілдері К. Роджерс пен А. Маслоу адамның эмоциясын басу оның ішкі күйзелісін күшейтетінін атап өткен. Бұл ойды психоаналитик Жанар Оспан да қолдайды. Оның айтуынша, ажырасу кезіндегі ең үлкен қателік – сезімді тұншықтыру.

"Көп адам ауыр сәтте эмоциясын көрсетпеуге тырысады. Бірақ эмоцияны басу – жараның тереңдеуіне әкеледі. Адам өз сезімін мойындағанда ғана катарсис, яғни ішкі босану процесі басталады", – дейді маман.

Оқи отырыңыз: Әзербайжанда туыстар арасындағы некеге шектеу енгізілген соң, үйлену тойлары азайды

Жанар Оспанның пікірінше, эмоцияны тану мен қабылдау – өзін-өзі реттеу қабілетінің негізі.

"Өзіңізге: "Мен ренжідім", "Мен қорқамын", "Мен шаршадым" деп айту – әлсіздік емес, керісінше ішкі күштің белгісі. Бұл адамның өз күйін түсініп, психологиялық тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі", – дейді психоаналитик.

Екінші кеңес: Кінә мен агрессияны рационалды тұрғыдан басқару

Психолог ажырасу кезінде адамдардың жиі қолданатын қорғаныс тетіктерінің бірі – "кінә арттыру механизмі" екенін айтады. Оның сөзінше, бұл механизм қысқа мерзімде жеңілдік беретіндей көрінгенімен, ұзақ уақытта психологиялық жараны тереңдетеді.

"Біз ауыр сезіммен бетпе-бет келгенде, оны өзімізге қабылдаудың орнына, өзгеге телиміз. "Сен кінәлісің", "Сен бұздың" деген сөздер дәл осы проекция механизмінің көрінісі. Бірақ мұндай тәсіл жанды емдемейді, керісінше ренішті ұзартады", – дейді маман.

Жанар Оспанның пікірінше, экологиялық тұрғыда ажырасудың басты шарты – кінәлаудан гөрі жауапкершілікті бөлісу.

"Қарым-қатынас – екі адамның ортақ кеңістігі. Сондықтан да оның аяқталуы үшін жауапкершілік те ортақ болуы керек. Өзін де, өзгені де түсіне білу – психологиялық жетілгендіктің белгісі", – дейді психоаналитик.

Үшінші кеңес: Балалардың психологиялық қауіпсіздігі – басты басымдық

Психологтың айтуынша, балалары бар отбасылардағы ажырасу – ең күрделі психоэмоциялық процестердің бірі. Жанар Оспан бұл құбылысты психологияда "баланың ішкі лоялдық қақтығысы" деп аталатынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жағдайда бала екі ата-ананың арасындағы рөлдік тепе-теңдікті жоғалтып, өз эмоциясын ашық білдіре алмай қалады.

"Бала үшін ата-ананың екеуі де бірдей маңызды. Егер ересектердің арасындағы реніш балаға берілсе, ол қай тарапты жақтау керегін білмей, ішкі жан дүниесінде қақтығысқа түседі. Бұл оның сенім жүйесіне және болашақтағы қарым-қатынас моделіне әсер етуі мүмкін", – дейді маман.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ажырасу қымбаттайды. Сенат баж мөлшерін арттыру мәселесін қарап жатыр

Сондықтан Жанар Оспан ата-аналарға баланы ересектер арасындағы шиеленістен қорғауды және махаббаттың үзілмейтінін үнемі білдіріп отыруды ұсынады.

"Балаға: "Біздің арамыз өзгерсе де, сені екеуміз де жақсы көреміз" деп ашық айту – оның ішкі қауіпсіздік сезімін сақтаудың ең тиімді тәсілі. Бұл сөз баланың психикасына тұрақтылық пен сенімділік береді", – дейді психоаналитик.

Төртінші кеңес: Арақашықтық пен уақыт – когнитивтік тепе-теңдікке жол

Психоаналитик Жанар Оспанның айтуынша, ажырасудан кейін бірден достық орнатуға тырысу немесе қарым-қатынасты қайта талқылау – адамның психикасына ауыр салмақ түсіретін құбылыс. Мұндай әрекеттер көбіне когнитивтік диссонансқа әкеледі, яғни санада "бітті" деген түсінік пен "тағы бір мүмкіндік бар" деген үміттің қақтығысы орын алады.

"Кей адамдар ажырасқаннан кейін бәрін "достықпен аяқтадық" деп шынайы эмоцияларын жасырып қояды. Бірақ бұл – ішкі қайшылықты тереңдететін жағдай. Эмоциялық жара жазылмай тұрып, достық орнатуға тырысу – өзін алдау", – дейді маман.

Жанар Оспанның пікірінше, уақыт пен арақашықтық – эмоциялық қайта қалпына келудің негізгі шарты.

"Өзіңді тыңдап, не сезініп жүргеніңді түсіну үшін уақыт керек. Бұл кезеңде рефлексия мен ішкі тыныштық өте маңызды. Адам тек өз эмоциясын қабылдаған кезде ғана жаңа өмірге психологиялық тұрғыда дайын болады", – дейді психоаналитик.

Оқи отырыңыз: Иракта 9 жастағы қыздардың некеге тұруына рұқсат берілмек. Бастама БҰҰ тарапынан сынға қалды

Маман сондай-ақ бұл уақытта психологиялық шекара орнатудың маңыздылығын ерекше атап өтеді. Оның айтуынша, бұл – өзін қорғаудың және жаңа тепе-теңдікке келудің негізгі қадамы.

Бесінші кеңес: Психотерапия мен кәсіби қолдау

Заманауи психотерапияда, әсіресе когнитивті-мінез-құлық терапиясы бағытында, ажырасудан кейінгі эмоционалдық күйзелісті өңдеу – жеке бағыт ретінде қарастырылады. Психоаналитик Жанар Оспанның айтуынша, мұндай терапиялық жұмыс адамның өз сезімдерімен қайта байланыс орнатып, өмірін жаңаша көруге мүмкіндік береді.

"Психологпен жұмыс істеу – тек ауыр кезеңді жеңу емес, өзін қайта танып-білу жолы. Терапия барысында адам өз қажеттіліктерін түсінуді, деструктивті ойларды қайта құрылымдауды әрі жаңа өмір сценарийін қалыптастыруды үйренеді", – дейді маман.

Ол экологиялық тұрғыдан ажырасуды тек "мәдениетті қоштасу" ретінде емес, жеке тұлғалық өсу актісі ретінде қарастырады.

"Экологиялық түрде ажырасу – бұл адамның өзін де, өзгені де түсіне білу қабілетінің артуы. Бұл процесс эмоционалдық мәдениетті дамытады және психологиялық жетілуге жол ашады. Менің ойымша, салауатты ажырасу – өзіңді және өзгені ренжітпей, өмірдің жаңа парағын ашу өнері. Мұндай таңдау – қоғамдағы психологиялық сауаттылық пен жауапкершіліктің айғағы", – дейді психоаналитик Жанар Оспан.

Оқи отырыңыз: Трамптың отбасы 499 доллар тұратын "алтын" смартфон шығарды 

Фото: depositphotos.com Алтыншы кеңес: Ажырасудан кейін туыстар мен достармен қарым-қатынас қалай сақталады?

Психоаналитик Жанар Оспанның айтуынша, ажырасу – екі адамның арасындағы шешім болғанымен, ол олардың артындағы үлкен әлеуметтік шеңберге де әсер етеді: туыстар, достар, ортақ таныстар. Сондықтан мұндай жағдайда дұрыс коммуникация мен жеке шекараны сақтау өте маңызды.

"Адамдар көбіне ажырасу туралы әңгімені өз атынан емес, өзгелер арқылы жеткізеді. Бірақ ең дұрыс жол – өз дауысыңмен, сабырлы әрі бейтарап түрде айту. Мысалы: "Біз өзара келісіммен ажырастық. Біз ұзақ ойлана келе осылай шештік, сондықтан сіздерден түсіністік күтемін." Мұндай ашықтық өсек-аяңның алдын алады және эмоциялық бақылауды өз қолыңызда ұстауға көмектеседі", – дейді маман.

Жанар Оспан ажырасудан кейін достарды "таңдау" міндетті емес екенін де айтады. Оның пікірінше, достық – иелену емес, еркін байланыс. Егер екі тарап та сабырлы болса, ортақ достық сақталады.

"Бұрынғы жұбайдың туыстарымен де қатынасты бірден үзу міндетті емес. Тек эмоциялық және тұлғалық шекара сақталуы қажет. Егер байланыс сізге ауыр тисе, арақашықтық ұстау – қалыпты нәрсе. Балалары бар отбасыларда басты назар баланың эмоционалдық қауіпсіздігіне бағытталуы керек. Балаға: "Біздің қарым-қатынасымыз өзгерсе де, сені екеуміз де жақсы көреміз" деп ашық айту – оның ішкі тұрақтылығын сақтайды", – дейді Жанар Оспан.

Сондай-ақ ол өз жеке кеңістігін қорғаудың маңыздылығын атап өтеді.

"Туыстар мен достардың пікірлері кейде жараны қайта ашады. Ондайда жай ғана "Бұл тақырыпты талқылағым келмейді, бәрі бақылауда" деп қысқа айту жеткілікті. Бұл – сыпайы түрде шекара қоюдың мәдени тәсілі. Түсіністік пен сабырлық сақталса, сыйластық жоғалмайды. Уақыт өте сізге кімнің шын мәнінде жақын екенін өмірдің өзі көрсетеді", – дейді психоаналитик.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:167
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 14 Октября 2025 12:33
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Подделка на зубок

12 Октября 2026 19:49see169

В Польше около 24 тысяч полицейских направили к школам после серии нападений

12 Октября 2026 18:29see157

Казахстанцев в Саудовской Аравии предупредили о мерах безопасности

12 Октября 2026 20:28see148

200 тысяч тенге морального вреда за отравление выплатил хозяин ресторана в Актюбинской области

12 Октября 2026 23:14see146

Мужчина крал тонометры в Уральске

12 Октября 2026 19:12see140

Казахстанцев просят отложить поездки в Саудовскую Аравию из за участившихся атак

12 Октября 2026 19:53see140

Ерлан Карин: Обеспечение прав и интересов детей будет находиться под особым контролем

12 Октября 2026 20:03see138

Токаев посетил центр детской реабилитации вместе с королем и королевой Бельгии

12 Октября 2026 19:26see136

Обеспеченные многодетные казахстанцы начали добровольно отказываться от социальных выплат

12 Октября 2026 21:21see134

VietJet Air открыла маршрут Ханой Алматы Прага

12 Октября 2026 21:21see128

Суд Жамбылской области восстановил кандидата на должность замдиректора школы

12 Октября 2026 17:52see126

Десять пьяных водителей привлекли к ответственности за выходные в Актюбинской области

12 Октября 2026 19:49see126

Около 8 тонн старых шин вывезли на мусорный полигон в Туркестанской области

12 Октября 2026 22:35see124

Участок дороги по Толе би перекроют в Алматы на несколько дней

12 Октября 2026 21:21see116

Дольщиков обманули более чем на 5 млрд тенге. Девять человек осудили в Астане

12 Октября 2026 18:12see112

МИД рекомендует казахстанцам в Саудовской Аравии воздержаться от поездок Аналитический интернет журнал Власть

12 Октября 2026 19:36see110

Как кофе помогает организму защищаться от стресса

12 Октября 2026 21:14see105

Следующий Дубай : топовые криптофонды мира вкладывают миллиарды в проект в Астане

12 Октября 2026 18:07see100

Поставили пару месяцев назад . Дыры появились в новых скамейках на площади Республики в Алматы

12 Октября 2026 22:06see100

Во Франции 14 летний подросток ранил из ружья директора школы и учительницу

13 Октября 2026 00:15see96
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня