Қазақстанда қой шаруашылығын дамытуға арналған жеке ғылыми зерттеу институты құрылады
Qazaq24.com сообщает, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Қазақстанда Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын Мал шаруашылығы институтынан бөліп, жеке заңды тұлға ету туралы мәселе қаралып жатыр. Бұл үкімет басшысы Олжас Бектеновтің сенат депутаттарына берген жауабында айтылған.
Қазіргі таңда елімізде қой саны 20,8 миллион басты құрайды. Оның ішінде асыл тұқымды қой 3 миллион басты құрайды.
"Өткен жылы 132,8 мың тонна қой еті өндірілді, бұл ел халқының қажеттілігін толық өтейді. Сондай-ақ, 35,5 мың тонна қой жүнін алдық. Үкімет елімізде қой шаруашылығын, оның ішінде асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, өндірісті арттыру және бұл салаға ғылыми жетістіктерді енгізу ұдайы назарда", – деді Олжас Бектенов.
Қазіргі таңда елімізде қойдың генетикалық ресурстарын сақтау және дамыту саласында 2024 жылы қолға алынған зерттеу жұмысы жүзеге асырылып жатыр. Оған 1 миллиард теңге бөлінген.


