Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Бектенов Қазақстанда орташа өмір сүру жасын ұзартуға арналған шараларды атады

Бектенов Қазақстанда орташа өмір сүру жасын ұзартуға арналған шараларды атады

По данным сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов сенат депутаты Айнұр Арғынбековаға берген жауабында Қазақстанда геронтологиялық қызметті дамыту мәселелеріне тоқталды. 

Оның айтуынша, елімізде 127 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Олардың 64-і қалалық және 63-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Биылдың алғашқы жарты жылында бұл орталықтар 650 мыңға жуық қызмет көрсетіп, 3 мыңнан астам шара өткізген. 

"Қазіргі таңда стационар типіндегі 45 мемлекеттік орталықта (қарттар үйі) 3547 зейнеткер бар6 оларды 58 пайызы (2058) ерлер болса, 42 пайызы (1489) – әйелдер. Одан бөлек, қарт адамдарға жартылай стационар және үй жағдайында көмек беріледі. Елімізде үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсететін 134 бөлімше бар, олар 28 мыңнан астам жалғызбасты қарттарға көмек көрсетеді", – делінген Олжас Бектеновтің жауабында. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы жылы Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығы 75,44 жасты құрады. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (75,09) сәл ғана жоғары. 

Қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 76,14 жылға тең болса, ауылда бұл көрсеткіш біраз төмен – 74,26 жыл. 

2024 жылы ұзақ өмір сүрудің ең жоғары көрсеткіші (78,78 жас) Алматыда тіркелді. 

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
seeПросмотров:199
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 20 Ноября 2025 11:25
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня