"Жол апатына жиі ұшырайды". Қазақстанда қанша Alphard пен Estima көлігі бар
По информации сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, Қазақстанда 12 001 Toyota Alphard (9 554-інің рулі сол жақта, 2 447-сінде оң жақта) және 11 191 Toyota Estima (5 838-інің рулі сол жақта, 5 353-інде оң жақта) көлігі бар.
"Бүгінгі таңда заңсыз жолаушылар тасымалының басым бөлігі Toyota Alphard және Toyota Estima маркалы автомобильдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады. Едәуір бөлігі оң жақ рульді немесе сол жақ рульге қолдан ауыстырып жасалған, бұл үлкен қауіп төндіреді", – деді ішкі істер министрі.
Ержан Сәденовтің айтуынша, 2007 жылдан бері қолданылып келе жатқан оң жақ рульді көлік құралдарын бастапқы тіркеуге тыйым салынғанына қарамастан, олар 2023 жылғы бір реттік заңдастыру шеңберінде тіркелген.
"Жолаушылар тасымалы саласын реттейтін құқықтық актілерге сәйкес, арнайы басқарылатын, оның ішінде толық қолмен, оң жақ рульмен басқарылатын, сондай-ақ бүйір есіктерінің саны төрттен кем автокөлік құралдарын тасымалдау үшін пайдалануға тыйым салынады", – деді Ержан Сәденов.
Бұл ретте министрдің түсіндіруінше, жол апаттарына жиі әкелетін себептердің қатарына жүргізушілердің лицензиясының болмауы, рейс алдында көліктің техникалық жағдайын тексермеуі және еңбек пен демалыс режимін сақтамауы жатады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:53
Эта новость заархивирована с источника 30 Октября 2025 13:07 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















