Қыргүйек, шегара. Тіл білімі институты желіде дау тудырған емле ережесін түсіндірді
Как передает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты "қыркүйек – қыргүйек", "көкөніс – көгөніс", "шекара – шегара" сөздерінің емлесін түсіндірді.
Институттың бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді Уәли аталған емленің шығу тарихына қарау керек екенін айтқан.
Ғалымның жазуынша, "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің" алғашқы толық, ғылыми басылымы 1963 жылы ҚазССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының әзірлеуімен жарық көрген. Көптеген сөздің орфографиялануы бірізге түсіп, жазу мәдениетін көтеруге едәуір септігін тигізген бұл сөздік негізінен "түбір сақтау" ұстанымын басшылыққа алған. "Шекара" сияқты сөздер осы ұстаным бойынша жазылған.
"Түбір сақтау ұстанымынан кейбір ауытқулар ұлы жазушы М.Әуезовтің "Қаракөз" пьесасынан басталған екен. Аға буын ғалымдардан естуімізше, Мұхтар Әуезов "Қаракөз" демей, "Қарагөз" деп жазуды қалам ұстаған мәдени жұртшылықтан қолқалап, қалап алған екен. Бірақ мәселенің барысы бір ғана "Қарагөз" деп жазумен тына қоймаса керек. Сол кездерден басталып, етек ала бастаған түйткілді түйіннің шешімін іздеген ғалым апайымыз Рәбиға Сыздық болатын. Өйткені Рәбиға апай атап көрсеткендей, радионың құлағын бұрап қалсаңыз да, телевизордың тетігін басып қалсаңыз да қыздарымыздың әп-әдемі әуезді есімін әншілеріміздің өзі "Меңді[қ]ыз-ау, Меңдіқыз" деп "қа-қалап" айтатыны әдетке айналған еді. Сөз ішіндегі дыбыстардың үндесім мен үйлесімі бұзылды. Мектеп өмірінде Аманкелді, Жанкелді деген тұлғалар есімін "-...келді", "-...келділер"-мен "ке-келеп" айту көбейе түсті. Сахна төрінде, ақпарат құралдарында "ше[к]ара", "кө[к]өніс", "қыр[к]үйек" деп "ке-келеп" айту әдетке айналып та кетті. Осы тұста сөздің айтылу нормаларын көрсететін Р.Сыздықтың "Сөз сазы", Қ.Неталиеваның "Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі" де жарық көрді. Қазақ сөзінің айтылу нормаларының бұзылуы жайында лингвистикалық оптимизммен бірталай өткір мақалалар да жарияланды. Бірақ нәтиже ойдағыдай бола қоймады. Осындай жағдайда жиілігі жоғары, күндегісін-күнде естіп жүрген сөздердің жазылуында түбір қуалап жазудан "шегініп", орфографиялық сөздіктерде қыргүйек, көгөніс, шегара сөздерін сындырып жазуға тура келді", – деп түсіндірді ғалым.
Ғалымның айтуынша, "шегара", "шег- шегін", "шектен (шықпау)" дегендер – бір түбірден өрбіген ұялас сөздер.
"Сол сияқты "көгөніс", "көгал", "көгілдір", "көгершін", "көгаршын", "көгілжім" сөздерінің түбірі – көк. Бірақ бұларды ешкім түбір қуалап "көкал", "көкілдір", "көкілжім", "көкаршын", "көкершін" деп айтпайды, айтпаған соң түбір қуалап жазбайды да. Ал қыркүйек/қыргүйек атауындағы "қыр" мен "күйек" сөздерінің арасында мағыналық байланыс тасаланған (...) Бұны айтып отырған себебіміз, халқымыздың дәстүрлі төлтума ай атаулары табиғатпен, сондағы құбылыстармен мағыналық байланыста болып келеді Ал ай атауының емлесіне келсек, "көгал", "көгорай", "көгаршын", "қазанғап", "қолғап" дегендердің ізімен "қыргүйек" деп жазудың әбестігі жоқ деп ойлаймыз", – деді ғалым.
Нұргелді Уәли "шегара", "қыркүйек", "көгөніс" деп жазу – сөз сыңарларының:
мағыналық,; дыбыстық; екпін (просодикалық) жағынан кірігуінің графикалық нышаны.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:29
Эта новость заархивирована с источника 09 Сентября 2026 11:38 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















