Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Прогноз погоды на 4 мая: переменная облачность сохранится на большей части территории Казахстана

Кайсар и Жетысу поделили очки в матче восьмого тура Казахстанской премьер лиги

Курсы валют обновили обменники в Казахстане

В Астане начали строительство второй очереди LRT в сторону Косшы

Крыша протекла в терминалах аэропорта Алматы (ВИДЕО)

Спасатель из Казахстана завоевал золото международных соревнований

Почти 2,5 тысячи саженцев: 11 классники оставили свой след в областном центре ВКО

Казахстан готовят к ИИ рывку: Кай Фу Ли обучил топ чиновников

Фестиваль Цветение яблони Сиверса прошел в Жетісу

Семилетнее обучение медиков в Казахстане: глава Минздрава объяснила изменения

Юный триатлет из Казахстана получил квоту на Олимпиаду 2026

Алматы сначала зальет дождями, а затем потеплеет до +29

Гибкость вместо контроля: Казахстан упрощает въезд для иностранных инвесторов и специалистов

Астану и Санкт Петербург вновь свяжут прямыми рейсами

Иран передал США новый мирный план из 14 пунктов. Трамп сомневается в его приемлемости

Токаев показал лошадей из президентской конюшни

Принц и принцесса Уэльские представили нового члена королевской семьи

Схему скотокрадства раскрыли в Алматинской области

Богиня : Ирина Шейк порадовала поклонников фото в прозрачном платье

Зенит без Алипа обыграл ЦСКА и возглавил таблицу РПЛ

Троямен пара пар . Еріктілер СЭС салынатын жерлерде тарихи нысандар барын айтып дабыл қақты

Троямен пара пар . Еріктілер СЭС салынатын жерлерде тарихи нысандар барын айтып дабыл қақты

Как передает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы қуаты 313 МВт болатын 43 СЭС жұмыс істеп тұр. Энергетика министрлігі 2030 жылға дейін тағы 660 МВт қуаттылықты іске қосуды жоспарлап отыр. Бүгінде Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстары "жасыл" энергия өндіруде көш бастап тұр. СЭС-терді көбейту шалғай аймақтарды тұрақты энергиямен қамтуға мүмкіндік береді.

Дегенмен, "Петроглиф аңшылары" қорының өкілдері бұл мәселеге қатысты үлкен алаңдаушылық білдіруде. Белсенділердің пайымдауынша, жаңа СЭС-тердің құрылысы тек ұлттық мұрамызға ғана емес, әлемдік деңгейдегі тарихи жәдігерлерге де орны толмас нұқсан келтіріп, оларды жер бетінен мүлдем жойып жіберу қаупін туғызып отыр. Нақтырақ айтсақ, Ешкіөлмес жотасының бойымен ағатын Көксу өзенінде шамамен 60 шақырымнан астам аумақта оншақты СЭС каскадын салу жоспарлануда. Егер бұл жоба жүзеге асса, алқапты су басып, аймақтың климаты өзгереді, соның салдарынан бірегей петроглифтер мәңгілікке жоғалуы мүмкін.

Айта кетейік, Ешкіөлмес – Еуразиядағы жартас суреттері ең көп шоғырланған ірі аймақтардың бірі. Мұнда ондаған мың бейне сақталған. Бұл киелі мекеннің тарихи маңызына Мемлекет басшысы 2024 жылдың 15 наурызында өткен үшінші Ұлттық құрылтайда да арнайы тоқталып өткен болатын.

"Петроглифтер аңшылары" қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Ольга Гумирова Ешкіөлмес жотасы маңындағы тарихи мұралардың сақталуына қатысты мәселенің әлі де шешімін таппай отырғанын жеткізді. Ол депутаттармен бірлесіп атқарылған жұмыстарға қарамастан, СЭС құрылысының нақты жоспары мен оны жүзеге асырушылар туралы ақпараттың жабық күйде қалып отырғанына қынжылыс білдірді. Сонымен қатар, белсенді маман археологиялық сараптама жасалмаған аймақтарда құрылыс жұмыстарының басталып кеткенін айтып, бірегей жәдігерлерден айырылып қалу қаупі бар екенін ескертті.

"Бір жыл бойы депутаттар Ирина Смирновамен және Бақытжан Базарбекпен бірлесіп хат жазып, мәселенің мән-жайын анықтауға тырысқанымызбен, жағдай бұрынғыдан да қиындап кетті. Өкінішке қарай, жоспарланған ГЭС-тердің нақты қай жерде салынатынын және оны кімдер жүргізетінін әлі де біле алмай отырмыз. Ешкіөлмеске келетін болсақ, биыл бұл ескерткішті ЮНЕСКО-ның негізгі тізіміне енгізу үшін құжаттарды дайындауға келісімшарт жасалып жатқанын білемін. Археология институтының тапсырмасымен Александр Горячев бұл жұмысты бастап та кетті. Бірақ Ешкіөлместің іргесіне СЭС салына ма, жоқ па – ол жағы әлі белгісіз. Себебі, біріншіден, жергілікті тұрғындар құрылыс жоспарланып жатқанын айтса, екіншіден, кейбір СЭС-тердің салынатынын растайтын құжаттар шетінен шығып жатыр. Өткен жылдың күзінде Көксудың сол жағалауындағы экспедициядан қайтып келе жатып, кенеттен бұрғылау қондырғысы мен жұмысшыларды көрдік. Сөйтсек, олар ГЭС-ке баратын жол салу үшін шұңқыр қазып жатқан геодезистер екен. Бұл нысан Қызылбұлақ ГЭС-і деп белгіленген. Осыдан екі апта бұрын ғана желтоқсан айында бұл жолдың құрылысы басталып кеткенін білдік. Ең сорақысы – сол жағалауда ешқандай археологиялық сараптама жүргізілмеген. Біздің "Петроглифтерді іздеушілер" тобы ғана осы сай-салалар мен өзен жағалауларын аралап шықты. Нәтижесінде, қола дәуірінен бастап жаңа заманға дейінгі көптеген археологиялық ескерткіштерді таптық", – дейді "Петроглифтер аңшылары" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ольга Гумирова.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар Алтын-Емел петроглифтерін цифрландыру жобасын таныстырды

"Қазақстан – петроглифтер елі" жобасының негізін қалаушы Юрий Дорохов Талапты СЭС-інің құрылыс жоспары қайта жанданып, жер телімдерін бөлу процесі басталып кеткеніне назар аударды. Ол СЭС каскадтарының салынуы аймақтың микроклиматын өзгертіп, ЮНЕСКО тізіміне енуі тиіс бірегей жартас суреттерінің бүлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ сарапшы Ешкіөлмес маңындағы мыңдаған жәдігер мен көне қоныстың әлі толық зерттелмегенін айтып, құнды тарихи деректерді мәңгілікке жоғалтып алу қаупі жоғары екенін жеткізді.

"Біздің түсінігімізше, осы ескерткіштің дәл қасында салынатын Талапты ГЭС-інің құрылыс жоспары нақтылана бастаған. Ол бастапқыда Көксу өзенінде салынатын ГЭС каскадтарының тізімінде болған. Дегенмен, сәл әріректегі Жоғарғы Талапты және екі Рудничный ГЭС-терінен айырмашылығы, ол алғашқы кезектегі құрылыс тізіміне ілінбеген еді. Бірақ біздегі деректерге қарағанда, қазір оның құрылысы қайта қаралып, тіпті жер телімдерін бөлу процесі басталып кеткен. ЮНЕСКО үшін ескерткіштің барынша бастапқы қалпында, тиісілмеген күйінде сақталуы өте маңызды. Егер микроклиматтың өзгеруінен суреттердің едәуір бөлігі бүлінсе, онда ол ЮНЕСКО үшін құнын жоғалтады. Сонымен қатар, бұл ескерткіштің әлі де зерттеудің алғашқы сатысында тұрғанын ұмытпауымыз керек. Онда 25 мыңнан астам сурет болса, ғылыми әдебиеттерде оның тек азғантай бөлігі ғана сипатталған. Маңайда көне қоныстар, қорымдар мен обалар өте көп. Олардың басым бөлігі әлі зерттелмеген. Бұл – Қазақстанның көне тарихына қатысты әлі ашылмаған орасан зор ақпарат қабаты. Мамандар зерттеп үлгергенше, бұл құнды деректердің жойылып кету қаупі бар. Ал мұндай ескерткіштерді зерделеу үшін көп уақыт қажет", – дейді "Қазақстан – петроглифтер елі" жобасының негізін қалаушылардың бірі, PR маман Юрий Дорохов.

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан аталған нысандардағы құрылыс жұмыстарының құқықтық негізде жүргізілуі тиіс екенін алға тартты. Ол кез келген индустриялық жоба тарихи мұраларды қорғау туралы заңнама талаптарына қайшы келмеуі керек деп есептейді. Саясаткер тарихи жәдігерлер табылған аумақтарда алдымен ғылыми зерттеулер толық аяқталуы қажеттігін айтып, мемлекеттік нормалардың мүлтіксіз орындалуын талап етті.

"Менің мақсатым құрылысты жай ғана тоқтату емес, мен заңның сақталуын талап етемін. Егер ол жерден тарихи құндылықтар табылса, олар міндетті түрде зерттелуі тиіс. Бұл – менің жеке қалауым емес, заңның талабы. Демек, зерттеу аяқталғанша құрылысты тоқтата тұру қажет. Заң орындалуы керек, бар болғаны осы", – деді қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан.

Жергілікті билік өкілі Ешкіөлмес пен Талапты СЭС-і салынатын аумақты арнайы комиссия тексеріп, жобаның техникалық сипаттамасы мен ескерткіштерден арақашықтығын назарға алғанын мәлімдеді. Ол құрылыс жұмыстары басталмас бұрын инвесторлар міндетті түрде мемлекеттік сараптамадан өтіп, археологиялық келісімдерді алуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ әкімдік өкілі жоба құжаттарының қазіргі таңда пысықталып жатқанын және тарихи мұраны сақтау мәселесінде ашық диалогқа дайын екендігін жеткізді.

Ескелді ауданы әкімдігінің өкілдері. Фото: Informburo.kz

"Өткен жылы облыстық басқармалар мен әкімнің екі орынбасары Ешкіөлмес пен Талапты ГЭС-і салынатын жерге бардық. Онда экологтар, жолшылар – барлық қызметкер болды. ГЭС салынатын орын ескерткіштен шамамен бір шақырымдай жерде екенін көрдік. Олар үлкен көлемде су жиналмайтын, су негізінен құбырлар арқылы ағатын жобаны ұсынды. 26 мегаваттық жоба мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс. ГЭС-тің түрі, қуаттылығы, жұмысшылар саны, техникалық жағдайы – барлығы мемлекеттік сараптама арқылы бекітілуі керек. Сараптамаға дейін олар "Қазархеологиямен" келісіп алуы тиіс. Егер жол бойында ескерткіштер болса, оларды қоршауға алу немесе мүмкіндік болса, басқа жерге көшіру міндеттеледі. Бұл жерде ешқандай құпия жоқ, біз ашық диалогқа дайынбыз. Меніңше, құрылысты жүргізіп жатқандар – бір адамдар, тек заңды тұлға ретіндегі атаулары ғана әртүрлі. Несін жасырамыз, бәріміз де көзі ашық адамдармыз ғой. Бір атауы – "Ескелді ГЭС", екіншісі – "Талапты ГЭС". Жүз пайыз айта алмаймын, бірақ иелері бір екенін сеземін. Кәсіпорындар "Талапты ГЭС" және "Ескелді ГЭС" деп аталады. Бірнеше құрылтайшысы бар. Қазіргі директоры – әйел адам. Ол бізге келіп тұрады, мәселелерді талқылаймыз. Ол: "Құрылтайшылармен ақылдасып, сосын келемін", – дейді. Әзірге нақты байланыс жоқ, себебі жұмыс басталған жоқ – оларда әлі мемлекеттік сараптама қорытындысы жоқ, тек жоба ғана бар. Білуімше, құжаттарын ескертулермен екінші рет кері қайтарған. Қандай ескерту екенін айта алмаймын, жобаны өз көзіммен көрген жоқпын. Біз жобаны тек мемлекеттік сараптаманың "мақұлданды" деген мөрі басылғанда ғана қараймыз. Олар шамамен 12 миллиард теңгенің құрылысын бастамақшы. Сараптамадан кейін олар қайтадан "Қазархеологияға" барып рұқсат алуы керек. Мүмкін, оларға рұқсат берілмейтін де шығар", – деді Ескелді ауданы әкімдігінің өкілі.

Зерттеуші маман Ешкіөлмес аумағында жүргізілген дала жұмыстары кезінде сан ғасырлық тарихты қамтитын, мазмұны жағынан бірегей жәдігерлердің табылғанын сүйіншіледі. Ол жартастардағы көне суреттер мен жазулардың тек қазақ тарихы үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемінің тамырын тану үшін ғылыми құндылығы жоғары екеніне тоқталды. Әсіресе, бұл өңірдегі қасқыр культінің сонау қола дәуірінен бастау алатынын айғақтайтын олжалар Ешкіөлместің әлемдік мұра тізіміне енуіне толық негіз бола алатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: "Құрылысқа пайдаланып жатыр". Қазақстанда мыңжылдық тарихы бар таңбалы тастарға қауіп төніп тұр

"Біз бірегей, культтік мәні бар суреттерді таптық. Олар қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне және түркі кезеңіне жатады. Тіпті қазақ тілінде төте жазумен жазылған – пәленше деген адамның дүниеден өткені туралы хабарларды таптық. Мұны бізге жергілікті шопан көрсетті. Қызықты олжалардың бірі – біз "Қасқыр тас" деп атаған суреттер тобы. Ондағы ең әсерлі көрініс – бірінің үстіне бірі орналасқан және күнге қарай бет алған 12 қасқырдың суреті. Бұл – ерте қола дәуіріне жататын өте нәзік жұмыс. Түркі тарихына қызығатындар үшін бұл – таптырмас жұмыс. Сурет осыдан 3,5–4 мың жыл бұрын салынған. Яғни, бұл аймақта, соның ішінде Ешкіөлместе қасқыр культі сонау заманнан болған. Егер Ешкіөлмес Дүниежүзілік мұралар тізіміне енсе, бұл суреттер мен қорымдардың да маңызы артады. Сондықтан оларды сақтап қалу өте маңызды", – деді Ольга Гумирова.

Жоба негізін қалаушы Ешкіөлмес кешенінің құндылығы тек жекелеген суреттерде емес, олардың көне қоныстармен тұтас байланысында жатқанын атап өтті. Ол бұл жәдігерлердің халықаралық деңгейдегі ұқсастықтарын зерттеу әлемдік мәдени алмасу тарихына жаңа ақпараттар қосатынына сенімді. Сондай-ақ сарапшы бұл тарихи мекеннің маңызын аты аңызға айналған Троя қаласымен теңестіріп, бірегей мұраның болашақта жойылып кетуінен қауіптенетінін жеткізді.

"Құндылық тек суреттерде ғана емес, олардың өзара орналасуында, кешенділігінде және қоныстармен байланысында. Тіпті Еуропадағы суреттермен ұқсастықтар бар. Бұл мәдени алмасудың нәтижесі ме, соны зерттеу керек. Бұл ескерткіштің тек Қазақстан үшін емес, әлемдік тарих үшін маңызы зор. Біз Ешкіөлместен жыл сайын бұрын-соңды ғалымдардың назарына ілікпеген жаңа петроглиф топтарын тауып жатырмыз. Кешеннің өзі ертеден белгілі болғанымен, онда әлі ондаған жылдар бойы жүргізілетін жұмыс бар. Бұл – өте ауқымды ескерткіш. Мүмкін асыра айтқандық болар, бірақ бұл жердің маңызы Троямен тең деп ойлаймын. Және оның Гомер жырлаған Трояның тағдырын қайталағанын қаламас едім", – деді Юрий Дорохов.

Өлкетанушы Евгения Морозова елімізде туризмді дамытуда зияткерлік бағытқа, соның ішінде көне обалар мен сәулет ескерткіштеріне басымдық беру қажеттігін алға тартты. Ол саяхатшылар үшін сан ғасырлық тарихы бар нысандар мен халықтық сәулет өнерінің үлгілері ерекше тартымды екенін атап өтті. Гид маман жергілікті халық ғасырлар бойы қастерлеп келген тарихи тұлғалардың мазарлары мен қорымдары бүгінгі таңда киелі мекен ретінде сақталып, зерттелуі тиіс екеніне тоқталды.

Оқи отырыңыз: Түркі дәуірі суреттерінің көшірмесі қойылмақ: Алматыда петроглифтер саябағы ашылады

"Жалпы туризмді дамытамыз деп жүріп, зияткерлік (интеллектуалдық) туризмді ұмытып барамыз. Ал саяхатшыларды дәл осы нәрсе қызықтырады: обалар, қалашықтар, орта ғасырдан бастап XIX ғасырға дейінгі әртүрлі кезеңдегі сәулет ескерткіштері. Бір ауылдың маңында Президентіміздің ата-бабаларының бірінің зираты бар қорымды көрдік. Бұл ескерткіш XIX ғасырда асар әдісімен халықтық жаңғыртудан өткен. Тұрғындар ол жерде жерленген адамның тұлғасын қадірлегендіктен, мазарды өздері күтіп-баптап, жөндеп отырған", – деді өлкетанушы, гид Евгения Морозова.

Кездесу нәтижесінде еріктілер мен Ескелді ауданының әкімдігі бірлескен комиссия құрып, жағдайды қадағалап отыру туралы ортақ шешімге келді. Ал Көксу ауданының әкімдігімен өткен келіссөздер барысында еріктілер СЭС құрылысы жоспарланған жерлерде тарихи нысандардың бар екенін айғақтайтын дәлелдер ұсынуды міндетіне алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бірегей тарихи нысандарды қорғау қажеттігін айта келе, Ешкіөлместі ерекше атап өткен болатын. Сондай-ақ, Тоқаев тарихи орындарда құрылыс жүргізу үшін жасалатын жауапсыздық пен заңсыздықтарды да қатаң сынады.

"Қазақстанды "Таңбалы тастар мекені" деп бекер айтпайды. Ешкіөлмес жотасы – Еуразия құрлығындағы петроглифі ең көп жердің бірі. Арпаөзен, Құлжабасы, Сауысқандық сайларында көптеген тарихи сурет сақталған. Бұл жәдігерлер – Дала өркениетінің сан мың жылдық шежіресі. Соңғы жылдары құрылысқа қажет деген желеумен кейбір жәдігерлеріміз бүлініп жатыр. Біз теңдессіз тарихи нысандарымызды жоюға жол бермей, мұқият қорғауымыз керек. Құзырлы органдарға тиісті шара қабылдауды тапсырамын. Қажет болса, заңнамаға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырған жөн. Біз бай тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау үшін археология саласында тәртіп орнатуымыз керек. Елімізде кәсіби археологтар тапшы, археологиялық қазба жүргізу үшін лицензия беру ісінде  шешімін таппаған түйткілдер бар. Cоның салдарынан Қазақстанды археология саласындағы күмәнді адамдар жайлап алды. Олар құрылыс фирмаларына жекелеген жер телімдерінің тарихи-археологиялық маңызы жоқ деген жалған ғылыми қорытындылар беріп жүр. Осы қызметі үшін қыруар ақша алады. Дәл сол сияқты "қарақшы-археологтар" мәселесі де бар. Соңғы жиырма жыл ішінде еліміздегі аса маңызды археологиялық ескерткіштердің көбі әбден тоналды. Тіпті, еліміздің аумағынан табылған құнды жәдігерлерді Қазақстандағы, шетелдегі жеке коллекциялардан және әлемнің әртүрлі мұражайларынан көретін болдық. Бұл мәселені шұғыл қолға алу керек", – деді президент.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:100
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 20 Марта 2026 16:09
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Прогноз погоды на 4 мая: переменная облачность сохранится на большей части территории Казахстана

03 Мая 2026 21:33see428

Кайсар и Жетысу поделили очки в матче восьмого тура Казахстанской премьер лиги

02 Мая 2026 23:31see155

Курсы валют обновили обменники в Казахстане

03 Мая 2026 10:01see148

В Астане начали строительство второй очереди LRT в сторону Косшы

03 Мая 2026 16:10see147

Крыша протекла в терминалах аэропорта Алматы (ВИДЕО)

03 Мая 2026 20:18see145

Спасатель из Казахстана завоевал золото международных соревнований

03 Мая 2026 04:37see145

Почти 2,5 тысячи саженцев: 11 классники оставили свой след в областном центре ВКО

03 Мая 2026 15:58see144

Казахстан готовят к ИИ рывку: Кай Фу Ли обучил топ чиновников

03 Мая 2026 16:58see143

Фестиваль Цветение яблони Сиверса прошел в Жетісу

02 Мая 2026 22:30see139

Семилетнее обучение медиков в Казахстане: глава Минздрава объяснила изменения

03 Мая 2026 09:18see137

Юный триатлет из Казахстана получил квоту на Олимпиаду 2026

03 Мая 2026 17:34see131

Алматы сначала зальет дождями, а затем потеплеет до +29

03 Мая 2026 12:11see131

Гибкость вместо контроля: Казахстан упрощает въезд для иностранных инвесторов и специалистов

03 Мая 2026 13:39see131

Астану и Санкт Петербург вновь свяжут прямыми рейсами

04 Мая 2026 02:16see130

Иран передал США новый мирный план из 14 пунктов. Трамп сомневается в его приемлемости

03 Мая 2026 16:35see130

Токаев показал лошадей из президентской конюшни

03 Мая 2026 14:57see129

Принц и принцесса Уэльские представили нового члена королевской семьи

03 Мая 2026 08:45see127

Схему скотокрадства раскрыли в Алматинской области

03 Мая 2026 10:55see127

Богиня : Ирина Шейк порадовала поклонников фото в прозрачном платье

03 Мая 2026 21:37see126

Зенит без Алипа обыграл ЦСКА и возглавил таблицу РПЛ

02 Мая 2026 23:31see126
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня