Жер бетіндегі орман алқабы 10 жылда 40 миллион гектарға қысқарды БҰҰ
Qazaq24.com сообщает, что по информации сайта Informburo.KZ.
2015-2025 жылдар аралығында Жер бетіндегі орман жамылғысының аумағы 40 миллион гектардан астам азайды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа баяндамасында айтылған.
Құжат авторларының мәліметінше, әлемдегі ормандардың 54 пайызы небәрі бес елдің аумағында шоғырланған. Атап айтқанда, орман қорының 20 пайызы Ресей Федерациясына тиесілі болса, 12 пайызы Бразилияда, 9 пайызы Канадада, 7 пайызы АҚШ-та және 5 пайызы Қытайда орналасқан.
Баяндамада көптеген елдерде ормандарды сақтау бағытында нақты шаралар қолға алынғаны атап өтіледі. Соның ішінде қорғалатын орман аумақтары кеңейтіліп, орман пайдалануға бақылау күшейтілген. Сонымен қатар, тозған жерлерді қалпына келтіру бағдарламалары енгізіліп, халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. Дегенмен, жалпы ілгерілеу деңгейі елдер арасында біркелкі емес.
Сарапшылардың айтуынша, ормандарға төнетін негізгі қауіптер қатарында жерді пайдалану тәсілдерінің өзгеруі, климаттық дағдарыстар, орман өрттері, зиянкестер, сондай-ақ заңсыз ағаш кесу мен өзге де заңсыз әрекеттер бар. Қосымша мәселе ретінде қаржыландырудың жеткіліксіздігі де аталады. БҰҰ дерегіне сәйкес, орманды тұрақты басқаруға бөлінетін қаржы көлемі қажетті деңгейден едәуір төмен.
Құжатта 2017-2030 жылдарға арналған БҰҰ-ның Ормандар жөніндегі стратегиялық жоспары мен орман саласындағы алты жаһандық мақсаттың орындалуына қатысты ең өзекті бағалау ұсынылған. Баяндама әлемдік орман ресурстарының 51 пайызын құрайтын 48 елдің ерікті түрде ұсынған деректері мен жаһандық мәліметтер негізінде әзірленген.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:50
Эта новость заархивирована с источника 12 Мая 2026 10:07 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















