Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

1 қарашада елімізде қандай өзгерістер болады

1 қарашада елімізде қандай өзгерістер болады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жеңілдетілген ипотека іске қосылады

Елімізде 3 қарашадан бастап «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна — таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10 пайыздан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20 пайыздан басталады.

Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін — 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін — 36 млн теңге.

«Наурыз» бағдарламасы аясында Астана, Алматы және облыс орталықтарында тек бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлерді сатып алуға болады. Ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін бірінші және екінші нарықтағы үйлер ұсынылады. Барлық тұрғын үй нысандары Baspana Market порталы арқылы таңдалады.

Ал «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы ауыл, орман және балық шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру, өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондиционерлеумен жабдықтау, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі, құрылыс, көлік және қоймалау салалары қызметкерлерін қамтиды.

Коллаж: Kazinform/ Freepik

Суға төлем жасаудың жаңа ережесі

1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, қабылданған әдістеме жаңа төлем түрлерін енгізбейді және су үшін төлем мөлшерін арттырмайды. Құжаттың мақсаты — суды жеткізу және бұру көлемін анықтаудың бірыңғай ережелерін белгілеу. Бұрынғыдай төлем су есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, яғни тұтынушы мен су арнасы желілерінің шекарасында орнатылған құрылғы деректері негізге алынады. Ал есептегіші жоқ тұтынушылар үшін төлем мөлшері әкімдік бекіткен тұтыну нормалары бойынша есептеледі.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары үшін де есептеу тәртібі өзгермейді.

Егер үйде жалпыүйлік су есептегіш орнатылып, кейбір пәтерлерде жеке есептегіштер болмаса, онда жалпыүйлік және жеке көрсеткіштер арасындағы айырмашылық кондоминиум қатысушылары арасында пропорционалды түрде бөлінеді. Мұндай тәртіп бұрыннан қолданыста болған. Енді түсінбеушіліктердің алдын алу үшін ол жаңартылған әдістемеде нақты бекітіліп отыр.

Осы әдістемені қабылдау сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне ақы төлеудің ұлғаюына әкелмейді.

Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Субсидияланатын жұмыс орындарына өтінім қабылдау басталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылға арналған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінім қабылдауды бастады. Ол 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Өтінімдер электрондық форматта «Электрондық еңбек биржасы» (Enbek.kz) цифрлық платформасы арқылы қабылданады.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер келесі талаптарға сәйкес келетін жұмыс берушілерден қабылданады:

1. Әрекет етуші заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер мәртебесінің болуы;
2. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген күнге дейін 12 айдан астам уақыт бойы қызметті жүзеге асыруы;
3. Өтінім берген кезде жалақы бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
4. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім бергенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде әлеуметтік төлемдердің тұрақты түрде жүргізілуі;
5. Сенімсіз салық төлеушілер тізімінде болмауы;
6. Еңбек мобильділігі орталығымен бұрын жасалған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарттар бойынша міндеттемелердің толық орындалуы;
7. ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға қатыспауы;
8. Банкроттық немесе жою рәсімінің болмауы;
9. Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар тізілімінде болмауы;
10. Ағымдағы қаржы жылының ішінде бюджет қаражаты есебінен жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар мен (немесе) микрокредиттер алмаған болуы тиіс (әлеуметтік жұмыс орындарын және/немесе «Күміс жас» жобасын ұйымдастыруға өтінім берген жұмыс берушілерді қоспағанда);
11. Инфрақұрылымдық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алулар шеңберінде қызметтер көрсетпеуі немесе жұмыстар орындамауы;
12. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырмауы (жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген жұмыс берушілерді қоспағанда);
13. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетпеуі (жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген жұмыс берушілерді қоспағанда);
14. Өткен күнтізбелік жылы өзінде субсидияланатын жұмыс орындарында еңбек қызметін аяқтаған жұмыссыздардың кемінде 10%-ын (өтінім берген кезде) жұмысқа орналастырған болуы тиіс (әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген жұмыс берушілерді қоспағанда);
15. Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізімінде болмауы;
16. Жалған кәсіпкерлікпен айналысқан салық төлеушілер тізімінде болмауы тиіс.
Жұмыс берушілерден өтінім қабылдау жұмысшылардың тізімдік санының 10 пайызынан аспайтын шекте жүргізіледі.

Фото: Kazinform

Базалық мөлшерлеме артуы мүмкін

10 қазанда ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Сол кезде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме туралы осы жылдағы соңғы шешім қараша айында қабылданатынын айтты. Сол шешім қабылданғанда инфляция мен басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған болжамдары ескеріледі.

— Ұлттық банк проинфляциялық және дезинфляциялық факторлар балансын, инфляция динамикасы мен оның баяулау траекториясын жан-жақты бағалап отырады. Саясаттың қатаңдылық деңгейі инфляцияны тұрақтандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда қосымша қатаңдату мүмкіндігін қарастыратын боламыз, — деді ол.

Фото: freepik.com

Орташа айлық жаңаша есептелінеді

3 қарашада орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына өзгеріс енгізетін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы күшіне енеді.

Атап айтқанда, орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына орташа айлық жалақыны есептеу кезінде «тұрақты сипаттағы төлемдер» түсінігі қосылады. Бюджет қаражатын үнемдеу есебінен белгіленген төлемдердің қосымша түрі бойынша орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдердің тізбесі кеңейтіледі.

Түзетулер орташа жалақыны есептеудегі ашықтықты арттыруға бағытталған.

Фото: Pexels

Жаңа әуе рейстері ашылады

7 қарашадан бастап Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астана-Самарқанд-Астана бағытында (аптасына 2 рет — жұма және жексенбі күндері), ал 10 қарашадан Астана-Бішкек-Астана бағытында (аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері) әуе рейстерін орындай бастайды.

Сонымен қатар FlyArystan әуе компаниясы Ақтау-Дубай-Ақтау бағытында жаңа рейсін ашады.

Бастапқы кезеңде ұшулар аптасына бір рет — сенбі күні жүзеге асырылады. Ал мектеп оқушыларының қысқы демалысында — 16 желтоқсаннан 6 қарашаға дейін және көктемгі мерекелер кезінде 10-24 наурыз аралығында сейсенбі күні қосымша рейстер қосылады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары