Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

1 наурыздан қандай өзгерістер болады

1 наурыздан қандай өзгерістер болады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Референдум

Сонымен, 15 наурызда жаңа Конституция мәтініне орай республикалық референдум өтеді. Референдум бюллетеніне «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал шығарылып отыр. Ел тұрғындары сауалға «Иә, қабылдаймын» немесе «Жоқ, қабылдамаймын» деп жауап бере алады.

Дауыс беру 10 411 референдум учаскесінде өтеді. Шетелде дауыс беру Қазақстан Республикасы өкілдіктері жанындағы 62 шет мемлекеттегі 80 учаскеде жүзеге асырылады. 
Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктері өкілдерінің есептері мен ақпаратына сәйкес, республикалық тізімдерге жергілікті атқарушы органдар арқылы 12 461 796 азамат енгізілген. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға сәйкес дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларына дауыс беруге дейін ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын учаскедегі сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервімен жеткізіледі. Сол себепті бюллетеньдер 12 586 413 дана көлемінде дайындалады.

Дәрігерге күш қолданғандар қатаң жазаланады

7 наурыздан бастап медицина қызметкерлеріне күш қолданғандарға жазаны күшейтетін заң күшіне енеді. Аталған құжатқа сәйкес, , қылмыстық әрекеттерді дұрыс саралау мақсатында «қорқыту» бойынша жаза түрлері біршама жеңілдетілді:

— айыппұл мөлшері 500 АЕК емес, 200 АЕК-тен басталады;

— қоғамдық жұмыстар 600 емес, 300 сағатқа дейін төмендеді;

— ал бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы 3 жыл емес, 2 жылға дейін қысқартылды.

Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданғаны үшін немесе күш қолданбақ болғаны үшін 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы енгізілді. Егер ауыр әрекет жасалса, жаза 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде күшейтілді.

Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға қатысты 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ауыр жағдайда жасалған болса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Салық режимінің жаңа тәртібі

1 наурызынан бастап Қазақстанда арнайы салық режимдерінің жаңа тәртібі күшіне енеді. Енді кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үш режимнің бірін таңдауы керек.

— Биыл салық салу жүйесі оңтайландырылып, бұрынғы онға жуық режимнің орнына нақты үш арнайы салық режимі бекітілді. Бірінші режим — оңайлатылған салық режимі. Биыл бұл салық түрі кеңейтілді. Енді табыс шегі 2,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды (бұрын 20 000 АЕК болатын). Осы режимді таңдаған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тек табыс салығын төлейді. Бұрын табыс көлемі 60 млн теңгеден асқан жағдайда қосымша құн салығын төлеу міндеті туындайтын. Биылдан бастап арнайы салық режимінде бұл шектеу алынып тасталды. Екінші режим — фермерлік және шаруа қожалықтарына арналған. Бұрын бөлек-бөлек төленетін жер салығы, көлік салығы және жеке табыс салығы біріктіріліп, бір реттік төлем ретінде енгізілді. Бірыңғай төлемнің базалық мөлшерлемесі — 0,5 пайыз. Осылайша, бірнеше салық түрі бір төлеммен алмастырылды, — деді Астана қаласы Сарайшық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшының орынбасары Дархан Молдажан

Ал үшінші режим өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған. Бұл кәсіпкерлер үшін де арнайы өзгерістер енгізілген.

— Үшінші режим — өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған. Егер жеке тұлғаның жылдық табысы 300 АЕК-тен (шамамен 1,2 млн теңге) аспаса, оған жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Мұндай азаматтар «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы көрсеткен қызметі бойынша чек жүктеп отырады. Есептілік тапсыру талап етілмейді және олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмейді. Бұл режим қырықтан астам қызмет түріне арналған. Мысалы: такси жүргізушілері, жеткізушілер, шаштараздар және өзге де қызмет көрсетушілер, — деді Дархан Молдажан.

Спикердің айтуынша, салық режимін кәсіпкерлер телефондағы «E-Salyq Business» қосымшасы немесе екінші деңгейлі банктер арқылы таңдай алады. 1 наурызға дейін санаулы күндер қалды, үлгермеген жағдайда өзге тәртіп қолданылады.

— Кәсіпкер 1 наурызға дейін салық режимін өз еркімен таңдамаса, ол автоматты түрде жалпыға бірдей салық салу режиміне көшіріледі. Бұл режим бойынша табыс салығының базалық мөлшерлемесі — 10 пайыз. Сонымен қатар бір жыл ішінде табыс көлемі 10 000 АЕК-тен асқан жағдайда қосымша құн салығын төлеу міндеті туындайды. Биыл қосымша құн салығының мөлшерлемесі 16 пайызға дейін өсті, — деді ол.

ҰБТ өтеді

1 наурыз бен 6 сәуір аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, өткен жылғы мектеп түлектері, колледж түлектері, ҚР азаматы емес ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. 

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз сақталады. ҰБТ құрылымы бұрынғы қалпында қалады: талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны — 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды.

Отбасы банк жаңалығы

2 наурыздан бастап Отбасы банк тұрғын үйді тек түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіретін болады. Осы сәттен бастап инвентаризация тұрғын үй бөлу алдындағы алғашқы әрі міндетті қадамға айналады.

Егер кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпесе, оны кезектен шығармайды. Алайда ол қанша уақыт кезекте тұрса да, тұрғын үйді бөлу процесіне қатыса алмайды. Түгендеуден өтпеген жағдайда банк оған жалдамалы тұрғын үйді де, сондай-ақ 2% және 5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігін де ұсына алмайды. Қазіргі таңда кезекте тұрған азаматтардың ішінде 257 000 адам түгендеуден өтті.

Жаңа әуе рейстері ашылады

Centrum Air әуе компаниясының ұшақтары 29 наурыздан «Ташкент — Астана» бағыты бойынша рейс орындай бастайды. Компания мәліметінше, аталған бағытта аптасына үш рейс жоспарланған. Яғни, ұшақтар дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері жолаушылар тасымалдайды. Билет құны 2,2 млн сумнан (шамамен 90 мың теңге) басталады. Оларды компанияның ресми сайтынан және арнайы сату кеңселерінен алуға болады.

Сонымен қатар өзбекстандық Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшақтары 30 наурыздан «Ташкент — Атырау — Ташкент» бағыты бойынша рейс орындай бастайды. Компаниядан мәлім еткендей, аталған бағытта аптасына екі рейс жоспарланған. Яғни, ұшақтар дүйсенбіде — күндіз, ал жұма күні кешке жолаушылар тасымалдайды.

Билет құны 1,9 млн сумнан (шамамен 81 мың теңге) басталады. Оларды компанияның ресми сайтынан, мобильді қосымша арқылы және арнайы сату кеңселерінен алуға болады.
Ал отандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Бішкекке (Қырғызстан) 29 наурыздан, Air Astana Алматыдан Шанхайға (Қытай) 29 наурыздан, Алматыдан Салалаға (Иордания) 9 наурыздан, FlyArystan Алматыдан Самарқандқа (Өзбекстан) 17 наурыздан тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр.

Мысыр виза алымын арттырады

2026 жылдың 1 наурызынан бастап Мысыр туристік визалар үшін визалық алымды 25 доллардан 30 долларға дейін көтереді. https://kaz.inform.kz/news/misirda-1-naurizdan-bastap-sheteldkter-ushn-viza-akisi-koterled-e88d17/Жаңа төлем барлық шекара өткелінде қолданылады. 

Мысыр туристік компаниялар мен агенттіктер палатасы өз мүшелерін шешім туралы хабардар етті. Туроператорлар мен олардың заңды өкілдеріне жолданған ресми хатта бұл өсім елге кіру рәсімдерін оңтайландыруға байланысты екені атап өтілген. 

Палатаның атқарушы директоры Осама Амара жаңа мөлшерлеме бекітілгенін және көрсетілген күннен бастап барлық бақылау-өткізу пункттерінде міндетті түрде қолданылуын атап өтті. 

Айта кетерлігі, Жапонияда да туристер жаңа алымдар мен салықтар төлейтун болады. нақтырақ айтқанда, 2026 жылғы 1 наурыздан бастап тұруға қатысты алымдар өседі: бюджеттік қонақүйлерде бір түнге 200 иенадан (шамамен 1 еуро) бастап, люкс санатындағы қонақүйлерде 10 000 иенаға (56 еуро) дейін және одан да жоғары болуы мүмкін. Сондай-ақ визалық алымдар мен халықаралық шығу салығын арттыру жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 08:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see157

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see123

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары