Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болады

Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болады

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. 23 тамызда қазақстандықтар тағы бір маңызды таңдау жасайды. Қайта құрылатын бір палаталы парламент – Құрылтай депутаттығына үміткерлер үшін дауыс беріледі. Sputnik Қазақстан Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болатынын зерделеп шықты.

Құрылтайға кім депутат болады?

Бұған дейін екі палаталы Парламентте Мәжілістің 98 және Сенаттың 50 депутатын қоса алғанда, барлығы 148 депутат болды. Құрылтайда 145 депутат жұмыс істейді. Осылайша, депутаттар саны үш адамға ғана қысқарады. Алайда Парламенттің жұмысы түбегейлі өзгереді.

Енді халыққа қажетті заңдар Мәжіліс пен Сенатта бөлек қаралмайды. Бұған дейін әр палата заң жобасын екі оқылымда, яғни жалпы төрт оқылымда мақұлдаса, Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады.

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботаревтың айтуынша, болашақ депутаттардың кәсіби деңгейі жоғары болса, қабылданатын заңдардың сапасы да жоғары болады. Мәселен, "Әділет" партиясы ұсынған партиялық тізімде жаңа адамдар көп. Олардың арасында "Әділет" партиясының да, бұрынғы AMANAT партиясының да өкілдері бар.

"Бұрынғы депутаттардың барлығы AMANAT-тың өкілдері ғой. Меніңше, олардың басым бөлігі Құрылтайға өтеді. Себебі ондай адамдар болмаса, жаңадан келгендер жұмысты бірден алып кете алмайды", – дейді Чеботарев.

Сарапшының пікірінше, партиялық тізімдерге енген танымал бизнесмендер Құрылтайға бармауы мүмкін. Себебі олардың басқа да шаруалары бар. Ал саяси тәжірибесі бар азаматтар мен сарапшылардың Парламентке өту мүмкіндігі жоғары.

"Сосын партиялық тізімдерде мемлекеттік қызметшілер де бар. Олар үкіметтің жаңа құрамы жасақталған кезде өз қызметін босатып, Құрылтайға баруы мүмкін немесе үкімет құрамында қалуы мүмкін", – деп атап өтті Чеботарев.

Алдымен кадрлық мәселелер шешіледі

Құрылтай құрылғаннан кейін депутаттар алдымен кадрлық мәселелерді шешуі керек.

"Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында мемлекет басшысы өз Жолдауын жасағаннан кейін вице-президенттің кандидатурасын ұсынуы мүмкін. Одан кейін Конституцияға сәйкес үкіметтің жаңа құрамы жасақталуға тиіс. Артынша Конституциялық және Жоғары соттардың судьялары тағайындалады. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері де бар. Осыдан кейін Құрылтай өзінің негізгі функциясына кіріседі", – деп атап көрсетті Чеботарев.

Сарапшының айтуынша, Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралғанымен, оларды бұрынғыдай бір адамдар қарайды. Сондықтан заң жобаларын қабылдау үдерісі жылдамырақ болуы мүмкін.

Ал бір палаталы Парламентке өткен партиялар бұрынғыдай өз жұмысын жалғастыра береді. Сарапшының пікірінше, оппозициялық блоктың құрылуы екіталай.

Құрылтайдағы көпшілік пен оппозиция

"Құрылтай және депутаттардың мәртебесі туралы" конституциялық заңда бір палаталы Парламенттегі көпшілік пен оппозицияның нақты анықтамасы берілген.

Құрылтайдағы көпшілік – депутаттық мандаттардың ең көп санын алған саяси партия. Ал Құрылтайдағы көпшілікке кірмейтін және, әдетте, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көпшілік партиядан өзгеше ұстанымдағы саяси партия немесе саяси партиялар оппозицияға жатады.

"Құрылтайдағы оппозиция жекелеген мәселелер бойынша Құрылтайдағы көпшілік партиясын қолдауы мүмкін. Саяси партияның фракциясы Құрылтайдағы қай оппозицияға жататынын тіркеу кезінде көрсетеді", – делінген заңда.

Оппозиция не істей алады?

Құрылтайдағы оппозиция өз депутаттарының арасынан комитет төрағалары мен олардың орынбасарлары лауазымдарына кандидатуралар ұсынуға құқылы.

Құрылтай комитеттерінің бірінің төрағасы мен екі комитет төрағасының орынбасары оппозиция ұсынған депутаттар арасынан сайланады.

Сондай-ақ оппозиция бір сессия барысында кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізуге бастамашы бола алады.

Заң бойынша Құрылтайда сегізден артық комитет құруға болмайды.

Әдеп жөніндегі кеңес те болады

Құрылтайдың тағы бір жаңалығы – депутаттық әдеп жөніндегі кеңес. Бұл орган Құрылтай төрағасының жанынан құрылады.

Кеңес депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайн-платформалардағы сұхбаттарын, мақалаларын және басқа да жария сөздерін депутаттық әдеп қағидаларын бұзу белгілерінің бар-жоғына қарайды. Сондай-ақ депутаттардың мінез-құлқына қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды.

Депутаттық әдеп қағидалары бұзылған жағдайда, кеңес Құрылтай төрағасына тиісті жазалау шараларын қолдану жөнінде ұсыныс енгізеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 23:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары