Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда сәуір айының басында 32 градусқа дейін күн жылынады

Павлодарда Ертіс өзені арқылы салынып жатқан жаңа автокөпір жыл соңында пайдалануға берілуі мүмкін

БҚО ның бірнеше ауданында ауыз судың құрамы талапқа сай болмай шықты

Ақмола облысында су тасқынына дайындық мәселесі AMANAT партиясының Экологиялық кеңесінде қаралды

Астана қытайлық туристер үшін жаңа бағытқа айналмақ

Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп оқушысын өзеннен іздеп жатыр

The National Interest журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды

Ираннан эвакуациялау жалғасуда

ҰБТ ның жаңа форматы 2027 жылдан бастап енгізілуі мүмкін

​​Атырауда Onay ​жүйесі іске қосылды, ал Smart Qala не болды?

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

​Атырауда Ақжайық буферлік аймағында балық аулауға рұқсат беріледі

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатына дайындығы туралы айтты

Отандық өндірушілерді қорғау маңызды

Шетелдегі елшіліктерді ұстауға бюджеттен қанша қаражат жұмсалады

Қазіргі заманғы қазақ романы әдеби жобасы: 15 миллион теңге Жүсіпбек Қорғасбекке бұйырды

Талапқа сай емес: елдегі 270 жеке емшара кабинеті жұмысын тоқтатты

Электр энергиясының шекті тарифтері өзгеріссіз қалады Энергетика министрлігі

​Атырау облысында әйел полицейлердің қызметіне кедергі жасады

Республиканың әкімшілік аумақтық құрылысы туралы Конституциялық заң әзірленді

1 сәуір. Тұлғалар туған күн

1 сәуір. Тұлғалар туған күн

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

87 жыл бұрын (1939) жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ дүниеге келді.

Фото: astana-akshamy.kz

Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

«Ауыл өмірі» газетінің редакторы, Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, Қостанай облыстық телерадио комитетінің редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, аға тілшісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Әдебиет және өнер институтының кіші, аға ғылыми қызметкері болған. 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің хатшысы. 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің консультанты. 2001 жылдан бастап Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғылыми қызметкері болып істейді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметін атқарған. Ғалым Қытайда болған жылдары қазақ халқының тарихына қатысты қытай деректерін аударып, «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «Түріктер. Жыужандар», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» атты кітаптар жазған. 2001 жылдан бері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері болып істейді. Медальдармен марапатталған.

77 жыл бұрын (1949) «Қазақстан құс өсірушілер одағы» Заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті Руслан Исмаилұлы ШӘРІПОВ дүниеге келді.

Фото: ptica.kz

Алматы облысында туған. 1972 жылы Семей зоотехника-ветеринарлық институтын «ветеринария» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1972-1976 жылдары бұрынғы Талдықорған облысы Панфилов ауданы Киров ұжымшарында мал дәрігері, 1976-1979 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Алексеев құс фабрикасында бас мал дәрігері, директордың өндіріс бойынша орынбасары, 1979-1985 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы «Степная» құс фабрикасының бас мал дәрігері, директордың өндіріс бойынша орынбасары, 1985-1995 жылдары Торғай облысы Есіл құс фабрикасының директоры, 1995-2003 жылдары Алматы облысындағы Алексеев құс фабрикасының, «Вент» АҚ, «Сеймар» АҚ, «Когер ЛТД» ЖШС директоры. 2003-2009 жылдары Алматы облысы «Алматы құс фабрикасы» ЖШС директоры болған.

2009 жылдан бері қазіргі қызметінде.

60 жыл бұрын (1966) «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма мүшесі Тілеген Советұлы МӘТКЕНОВ дүниеге келді.

Фото: halykbank.kz

Алматы облысының Іле ауданында дүниеге келген. КСРО Ішкі істер Министрлігінің Алматы арнайы орта милиция мектебін, КСРО Ішкі істер Министрлігінің Алматы мектебін бітірген. 1988-1989 жылдары Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы. 1989-1993 жылдары Алматы қаласы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасы қалалық милиция бөлімшесінің қылмысты іздестіру бөлімінде оперөкілетті, аға оперөкілетті. 1993-1995 жылдары Алматы қалалық ішкі істер басқармасының маңызды істер жөніндегі аға өкілетті бөлім бастығының орынбасары. 1995-1996 жылдары Алатау аудандық ішкі істер департаменті қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, Алатау ауданы бойынша мемлекеттік тергеу комитеті басқармасы қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы. 1996-1997 жылдары Мемлекеттік тергеу комитеті мемлекеттік басқарма бастығының орынбасары, Бостандық аудандық ішкі істер департаментінің бастығы. 1997-2001 жылдары Жетісу аудандық ішкі істер департаментінің бастығы. 2001-2004 жылдары Бостандық аудандық ішкі істер департаментінің бастығы. 2004-2008 жылдары Қарағанды облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2008-2009 жылдары Қостанай облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2009-2012 жылдары Ақмола облысы ішкі істер департаментінің бастығы. 2012-2016 жылдары Қостанай облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі. 2016-2018 жылдары Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің бастығы. 2019 жылдан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.

50 жыл бұрын (1976) журналист, ҚР Парламенті Мәжілісі VIІІ шақырылымының депутаты Жанарбек Садықанұлы ӘШІМЖАНОВ дүниеге келді.

Фото: mazhilis.parlam.kz

Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн бітірген.

Қазақ Ұлттық Университетінде күндізгі бөлімде оқи жүріп, ІІ курстан бастап, яғни 1996-1999 жылдары қалалық «Алматы ақшамы» газетiнде тiлшi болып қызмет етті. 2000 жылы републикалық қоғамдық-саяси «Қазақстан» журналында бөлiм редакторы болып жұмыс істеді. 2000-2005 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетiнің әдебиет және руханият, саясат бөлімінде редактор болып қызмет етті. 2005-2008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары қызметiн атқарды. 2008 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры болып қызмет жасады. 2012 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылы Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі болып сайланды. 2017 жылдан республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы болды. 2018 жылдың маусымынан — республикалық «Ана тілі» газетінің Бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы «Жас қаламгерлер» кеңесiнiң төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарды. Парламент Мәжілісі VIІ шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

48 жыл бұрын (1978) ҚР Қаржы министрі Мәди Төкешұлы ТӘКИЕВ дүниеге келген.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесі бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1998-2000 жылдары Ғылым министрлігі — ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының бас есепшісі, 2000-2008 жылдары Алматы қаласының Салық комитетінде инспектор, жетекші инспектор, бас салық инспекторы, ШКС-мен жұмыс, аудит бөлімінің басшысы, 2008-2009 жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаментінің акциздерді әкімшілендіру бөлімі, басқармасы басшысы, 2009-2012 жылдары Алматы қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары, 2012-2013 жылдары ҚР ҚМ Салық комитетінің басқарма басшысы, 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры, 2014 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, 2014-2017 жылдары Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салықтық бақылау департаментінің директоры-Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, 2019-2020 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. «Салық қызметінің үздігі».

46 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Арқабайұлы ДӘДЕБАЕВ дүниеге келді.

Фото: Ақорда

Алматы қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастады.

2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы, 2011-2013 жылдары ҚР БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева, 2013-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, 2019-2021 жылдары ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары, 2021-2022 жылдары ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болды. ҚР Президентінің сайлауынан кейін 2022 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің Іс Басқарушысы болып қайта тағайындалды.

101 жыл бұрын (1925-1998) композитор, дирижер, дәулескер домбырашы, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы ТІЛЕНДИЕВ дүниеге келген.

Фото: vecher.kz

Алматы облысының Іле ауданында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.

1952-1961 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері. 1960-1964 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері. 1968-1981 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы. 1981 жылдан «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды. «Алтын таулар» операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), «Достық жолымен» балетінің (Л.Степановпен бірге), «Ортеке» балет-поэмасының, «Менің Қазақстаным» кантатасының, оркестрге арналған «Поэма», «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:22
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 13:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда сәуір айының басында 32 градусқа дейін күн жылынады

30 Наурыз 2026 16:05see126

Павлодарда Ертіс өзені арқылы салынып жатқан жаңа автокөпір жыл соңында пайдалануға берілуі мүмкін

30 Наурыз 2026 19:49see117

БҚО ның бірнеше ауданында ауыз судың құрамы талапқа сай болмай шықты

30 Наурыз 2026 19:57see115

Ақмола облысында су тасқынына дайындық мәселесі AMANAT партиясының Экологиялық кеңесінде қаралды

30 Наурыз 2026 17:01see115

Астана қытайлық туристер үшін жаңа бағытқа айналмақ

30 Наурыз 2026 21:36see114

Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп оқушысын өзеннен іздеп жатыр

30 Наурыз 2026 19:49see114

The National Interest журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды

31 Наурыз 2026 16:05see113

Ираннан эвакуациялау жалғасуда

31 Наурыз 2026 06:46see112

ҰБТ ның жаңа форматы 2027 жылдан бастап енгізілуі мүмкін

31 Наурыз 2026 16:00see112

​​Атырауда Onay ​жүйесі іске қосылды, ал Smart Qala не болды?

30 Наурыз 2026 19:05see111

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

31 Наурыз 2026 19:59see110

​Атырауда Ақжайық буферлік аймағында балық аулауға рұқсат беріледі

30 Наурыз 2026 20:15see108

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатына дайындығы туралы айтты

01 Сәуір 2026 06:37see108

Отандық өндірушілерді қорғау маңызды

31 Наурыз 2026 06:47see108

Шетелдегі елшіліктерді ұстауға бюджеттен қанша қаражат жұмсалады

30 Наурыз 2026 18:30see105

Қазіргі заманғы қазақ романы әдеби жобасы: 15 миллион теңге Жүсіпбек Қорғасбекке бұйырды

01 Сәуір 2026 09:57see105

Талапқа сай емес: елдегі 270 жеке емшара кабинеті жұмысын тоқтатты

31 Наурыз 2026 14:42see105

Электр энергиясының шекті тарифтері өзгеріссіз қалады Энергетика министрлігі

31 Наурыз 2026 19:15see104

​Атырау облысында әйел полицейлердің қызметіне кедергі жасады

31 Наурыз 2026 19:07see104

Республиканың әкімшілік аумақтық құрылысы туралы Конституциялық заң әзірленді

30 Наурыз 2026 16:35see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары