Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

5 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

5 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

61 жыл бұрын (1964) ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары Роза Самидоллақызы КӘРІБЖАНОВА дүниеге келді.

Фото: primeminister.kz

Торғай облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін, Еуразия гуманитарлық институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Торғай облысы Қима ауданы Үкі ОМ тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі болып бастады. 1988-1991 жылдары Қима аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Торғай облыстық комитетінің хатшысы, 1991-1994 жылдары Семей облыстық жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, басшысы, 1994-2000 жылдары Семей облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының, Семей қаласы Жастар, туризм және спорт комитетінің бас маманы, Семей қаласы білім, жастар және спорт басқармасының тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің басшысы, 2000-2003 жылдары ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысы болып қызмет етті. 2003-2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, 2008-2014 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2016 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Жастар саясаты департаментінің директоры, 2016-2019 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры, 2019-2020 жылдары «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2020-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2022-2023 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

55 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Нүрия Оралжанқызы СИСЕНОВА дүниеге келді.

Фото: sud.kz

1994 жылы Мәскеу мемлекеттік заң академиясын бітірді.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облыстық сотының мұрағатшысы, сот отырысының хатшысы, қылмыстық істер жөніндегі алқа хатшысы, консультанты лауазымынан бастады. 1997-2002 жылдары Ақтөбе облысы Алға аудандық сотының судьясы, 2002-2013 жылдары Ақтөбе облыстық сотының судьясы болды. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Жоғарғы Сотының судьясы.

«Құрмет» орденімен, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» және ІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» медальдарымен, «Үш би» ҚР Судьялар Одағының Құрмет белгісімен, «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

53 жыл бұрын (1972) Қостанай облыстық сотының төрағасы Армат Нұрмұратұлы ЕРМАНОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Қызылорда облысы Қармақшы ауылында туған. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді.

Еңбек жолын Мемлекеттік тергеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша тергеушісі болып бастады. 1998-2002 жылдары ҰҚК Қызылорда облысының Байқоңыр қаласындағы жедел өкілі, 2000-2002 жылдары Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, 2002-2008 жылдары Қармақшы аудандық сотының судьясы, 2008-2014 жылдары Қызылорда облыстық сотының судьясы болып қызмет атқарды. 2014-2020 жылдары Атырау қалалық сотының төрағасы болды. 2018-2020 жылдары — Судьялар одағы Атырау филиалының төрағасы. 2020-2025 жылдары Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2025 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1979) Ақмола облысы прокурорының орынбасары Ерболат Еркінұлы ЖҮСІП дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастаған, әр уақытта Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Ақмола облысы прокуратура басқармасының прокуроры, Батыс өңірлік көлік прокуратурасы бөлімінің бастығы, Ақмола облысы прокуратура басқармасының бастығы, Бас көлік прокуратурасы басқармасының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасы аппаратының басшысы — басқарма бастығы, Ақмола облысы, Қосшы қаласының прокуроры қызметтерін атқарған.
2023 жылғы қазаннан бастап қазіргі лауазымында.

39 жыл бұрын (1986) Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Арман Нұржанұлы ШАМШИН дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (экономика факультеті), Бейжің университетін (әлеуметтану) бітірген. Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебінің басшылары үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі (Executive MBA) дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда бірқатар басшылық қызметтер атқарған. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде кеңесші болып жұмыс істеді, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

Қытай, ағылшын және түрік тілдерін жетік біледі. 2022 жылдың шілдесінен бастап қазіргі тағайындалғанға дейін «Алматы ӘКК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2024 жылғы сәуірде Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 03:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары