Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

5 ақпан. Тұлғалар туған күн

5 ақпан. Тұлғалар туған күн

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

ЕСІМДЕР

69 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ дүниеге келді.

Фото: asu.edu.kz

Қарағанды облысында туған. Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы жұмысшы болып бастаған. 1980 жылы Қарағандыдағы Центросоюз кооперативтік институтына оқытушы ретінде шақырылған. 1986 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын мезгілінен бұрын аяқтап, кандидаттық диссертациясын қорғады. Қарағанды мемлекеттік университетіне доцент болып қызмет етті.

1989 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына ауысты. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында басшылық қызметтер атқарды.

1998 жылы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу диссертациясын қорғады. 2000 жылы профессор ғылыми атағы берілді. Академик Зейнолла Қабдоловтың шақыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасының профессоры қызметін атқарды.

2000-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде білім және ғылым секторын, кейін Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік саясат секторын басқарды. Ғылым, білім, мәдениет («Мәдени мұра») спорт және туризм денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысын дамыту салаларындағы мемлекеттік бағарламаларды әзірлеуге белсенді атсалысты.

2004 жылы дипломатиялық қызметке жіберілді. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Кеңесші-Елші болды. Бұл қызметі кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен, ҚР-дің РФ-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қ.Е.Көшербаевтың жетекшілігімен маңызды гуманитарлық-мәдени жобалар жүзеге асырылды – Москва қаласында қазақтың ұлы ақыны Аай Құнанбайұлы мен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға, Волоколамскіде Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы мен И.В.Панфиловқа ескерткіш орнатылды. Москвадағы Қазақстан Елшілігінде Абай институты ашылды.

2006-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы лауазымында республика өңірлерінің экономикалық саясаты мен дамуын жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс істеді. 2008-2012 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, 2012-2016 жылдары «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің» ректоры болды. 2014 жылы АҚШ-та Калифорниялық Беркли университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 2016-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы болды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директоры, «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары.

«Құрмет» (2011) орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.

57 жыл бұрын (1969) жазушы, мәдениеттанушы, журналист Дидар АМАНТАЙ (Дидар Амантайұлы ҚОСЫЛБЕКОВ) дүниеге келді.

Фото: qamshy.kz

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1986 жылы Қазақ политехникалық институтына түседі. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін үздік бітірген. 1994-1997 жылдары Театр және кино институтын кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады.

1987-1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1997-2002 жылдары – «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» ток-шоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі, 2002-2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі болған. 2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы, 2005-2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат кz» газетінің директоры, 2004-2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің бас директоры және бас редакторы, 2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі, 2009-2016 жылдары Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы қызметінде. 2016 жылдан – «Қазақстан-Семей» РТРК АҚ филиалының директоры.

Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» (2000), «Гүл мен кітап» (2003), «Күзгі рандеву» (2005) кітаптарымен қатар «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев» деректі фильмдерінің, «ФЭФ» көркем фильмдерінің сценарийін жазған.

«Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).

45 жыл бұрын (1981) Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Қадыржанұлы АЗМҰХАНОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Атырау қаласында туған. Орталық Азия университетін заңгер мамандығы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясының Астрахань мемлекеттік университетінде магистратурада оқыды, заң ғылымдарының магистрі. Чехияның Прага қаласындағы Central Bohemia Institute of Applied Science and Management оқу орнында білім алды, іскерлік әкімшілендіру докторы.

Еңбек жолы: 2010-2012 жылдары «Жүзе» ЖШС заң кеңесшісінің көмекшісі, заңгер; «CaspianProjectServices» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «RegionTransCom» ЖШС бас директоры; «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2012-2013 жылдары «ҚазТрансОйл-Логистик» ЖШС директоры, 2013-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2016-2018 жылдары Атырау қаласы мәслихатының хатшысы, 2018-2020 жылдары «Region Trans Com» ЖШС кадрлар жөніндегі директоры, 2020 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2020-2022 жылдары Атырау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 09:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары