Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

23 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

23 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

ЕСІМДЕР

57 жыл бұрын (1968) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Ольга Васильевна ШИШИГИНА дүниеге келді.

Кадр из видео

Алматы қаласында туған. Қазақ туризм және спорт академиясын бітірген. Спортшы Қазақстан және КСРО жасөспірімдері арасындағы чемпионы, 100 метрге кедергілі жүгіруден Азияның қола жүлдегері, Азия чемпионы, 12-13-ші Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, жабық залда 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарының чемпионы атанған.

І дәрежелі «Барыс», «Құрмет», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, Олимпиада чемпионы (2016-2022).

54 жыл бұрын (1971) қазақстандық кинорежиссер, актер, сценарист және продюсер Ахан Қарғамбайұлы САТАЕВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Қарағанды ​​қаласында туған. 1994 жылы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (кино және теледидар) бітірген.

Еңбек жолы: 2003 жылы актер, режиссер, жарнамалық роликтердің продюсері; «Сатайфильм» киностудиясының негізін қалаушы. 2016 жылы Astana Film Found компаниясының негізін қалады. 2020-2022 жылдары Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2019). Қазақстанның киноиндустриясының үздік қайраткері, «Жылдың халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты (2014), Қазақстан кинематографистер одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығының лауреаты (2012), «Анаға апарар жол» толықметражды көркем фильмі үшін Қазақстан Республикасының әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018); «Алтын жұлдыз» сыйлығының бірнеше дүркін иегері; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды (2013).

47 жыл бұрын (1978) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Көбегенұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2000 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасында тағылымгер болып бастаған. Әр жылдары Астана қаласының, Ақмола облысының прокуратурасында және Бас прокуратураның орталық аппаратында жұмыс істеді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде басшылық қызметтерді атқарды. Комитеттің Нұр-сұлтан қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасы бастығы лауазымында болды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.

40 жыл бұрын (1985) Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті Айдар Оразбекұлы ОМАРОВ дүниеге келді.

Фото: instagram.com / creatiwe.kz

Алматыда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: мемлекеттік қызмет (2010); мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы басшылық лауазымдар — «Өнеркәсіптік аймақ» ЖШС (қаржылық жоспарлау бөлімінің бастығы); «Алматы туристік ақпараттық орталығы» ЖШС қаржы директоры; Алматы қаласы әкімдігі жанындағы шығармашылық салаларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің қызметкері (2020); Алматы қаласының «Almaty Creative» шығармашылық және мәдени салалар кәсіпкерлері қауымдастығының басқарма мүшесі; «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қаржы директоры (2020-2023); Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының вице-президенті (2023-2024).

2024 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметін атқарып келеді.

39 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Кеңесұлы ӘШІРОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің маманы (2009); вице-консул; Дубайдағы (БАӘ) Қазақстан Республикасының Бас консулдығының бірінші хатшысы (консулы) (2009-2012); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің бірінші хатшысы (2013-2014); Италия Республикасындағы Қазақстан Республикасының бірінші хатшысы (консулы) (2014-2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ЭКСПО-2017 комиссары хатшылығының кеңесшісі (2016-2017); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама қызметінің кеңесшісі (2017-2020); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы (2020-2022); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің хаттамасының бас инспекторы (2022); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің хаттама бастығы, Астана (2022-2023); Хаттама бастығы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (2023-2024); Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары (2024-2025).

2025 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.

136 жыл бұрын (1889-1937) Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің мүшесі және белсенді қайраткері Бижан (Бижанғали) Әбілқасымұлы ЖАНҚАДАМОВ дүниеге келді.

Фото: Kazinform

Б.Жанқадамов 1916 жылы қазақтан майдандағы тыл жұмысына адам алуды тоқтату жөніндегі Жайық сырты қазақтары делегациясы құрамында Петроградқа барды. Сол жылы қазан айында Қазан қаласында оқитын бір топ қазақ студенттерінің қатарында майдандағы тыл жұмысына алынғандарға, олардың үй-ішіне көмектесу жөнінде «Қазақ» газетіне хат жазды. 1917 жылы наурыз айында Ә. Бөкейханның шақыруымен қазақ оқығандары тобында Батыс майданға келіп, жігіттерді елге жеткізу ісін ұйымдастырды. 1917 жылы күзде ел ішіндегі ықпалды адамдардың ұсынуымен Жымпиты уездік земство басқармасы төрағалығына Жәленовпен баламалы негізде шарға (сайлау) түсіп, басым дауыспен төраға болды. Ол Земство жүйесін бірден-бір жергілікті билік органы деп біліп, оның демократтық негізде жұмыс істеп, халық шаруашылығы міндеттерін толықтай атқаруына күш жұмсады. М. Шоқай, Х. Досмұхамедов, И. Қашқынбаев, Б. Қаратаевтармен тығыз байланыста жұмыс істеп, Алашорданың үкімет ретінде танылуына зор үлес қосты. 1937 жылы сәуірдің 10-ында «белсенді алашордашы, халық жауы» ретінде тұтқындалды. Жауап алу кезінде Ж. Досмұхамедовты құрметтейтінін, А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың талантына бас иетінін тайсалмай айтып, Батыс Алашорда құрамында болғанын жасырмағаны үшін 1937 жылғы желтоқсанның 2-де атылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты коллегиясының 1992 жылғы қыркүйектің 16-дағы ұйғарымымен ақталды.

88 жыл бұрын (1937-2011) композитор, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мыңжасар МАҢҒЫТАЕВ дүниеге келді.

Фото: Wikipedia

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор К. Х. Қожамьяровтың класы бойынша бітірген. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық — бояулы мәнеріне вокалдық және халық-аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. Маңғытаевтың мәнері әсіресе, «Қозы мен Баян» балетінде, «Арман», «Құлагер» симфониялық поэмаларында «Шексіз махаббат» ораториясында, «Ақсақ құлан», «Жайлауда», «Қаратау әуендері» сияқты хорға арналған поэмаларында, әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдың өлеңіне жазылған «Не іздейсің көңілім», «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп», «Өлсе — өлер табиғат, адам өлмес…» өлеңдеріне ән-романстар жазды. Сазгер жалпы саны үш жүзге таяу ән шығарды. Оның вокалдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған шығармалары заман тынысын, өмір шындығын, дүние сұлулығын жырлайды. Ақан серінің «Қараторғай» әніне жазған вариациялары мен «Арман» атты симфониялық поэмасында, І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының желісіне жазған симфониясы мен «До-мажор» симфониясында, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақтолғай» симфониялық сюиталарында халық әуендерін шебер пайдаланған. Ал халық оркестріне арнап жазған «Көктем» поэмасы мен «Концерттік күй», «Ырғақты», «Төгілмелі» атты күйлері, төрт бөлімді «Аққудың айрылуы» деген топтамасы оның композиторлық мүмкіндігінің жаңа қырын ашты. «Қаратау әуендері», «Дала дауысы», «Жайлауда» хор поэмалары мен хор сюиталары, «Ауыл тойы», «Елім менің» вокалдық-хореографиялық композициясын тыңдаушы қауым жылы қабылдады. «Ақан сері — Ақтоқты», «Сталинге хат», «Неке қияр», «Біздің үйдің жұлдыздары» спектакльдеріне, «Бәйшешек», «Көкжиек» кинофильмдері мен Қ. Сәтбаев туралы деректі фильмге, «Қожанасыр сәулетші», «Әулие есек», «Үш түлек» т. б. мультфильмдерге музыка жазды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары