Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

19 операциялық зал, 630 төсек: Көкшетаудағы жаңа медициналық кешеннің құрылысы 76 пайызға жетті

19 операциялық зал, 630 төсек: Көкшетаудағы жаңа медициналық кешеннің құрылысы 76 пайызға жетті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сыйымдылығы 630 төсекке арналған нысан қаланың бес медициналық ұйымын бір жерге біріктіріп, Ақмола облысы мен еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бермек. Қазір құрылыс жұмыстарының 76 пайызы орындалды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Ауқымды жобаның барысымен Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова танысты. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін нысанның дайындық деңгейін 90 пайызға жеткізу көзделген. Ал аурухананы толық аяқтап, пайдалануға беру 2027 жылдың мамырына жоспарланыпты.

Жаңа медициналық кешен соңғы 15–20 жылдағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылып жатқан аса ірі жобалардың бірі болмақ. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін қазір ескі ғимараттарда орналасқан Көкшетаудағы бес медициналық ұйымды осында көшіру жоспарланған. Жаңа кешенде шамамен 1,5 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Аурухананың құрылымы да ауқымды. Мұнда 120 төсектік онкологиялық және 120 төсектік перинаталдық блок, 19 операциялық залы бар хирургиялық бөлім, күндізгі стационар және бір ауысымда 500 адамға дейін қабылдайтын консультативтік-диагностикалық орталық жұмыс істемек.

Медициналық кешенде кардиология, нейрохирургия, неврология, травматология және басқа да бағыттар бойынша көмек көрсетіледі. Сонымен қатар инсульт орталығы мен оңалту бөлімі қарастырылған.

Аурухана жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде үш компьютерлік томограф, қуаты 3 Тесла болатын МРТ аппараты, үш ангиограф және сәулелік терапия жүргізуге арналған желілік үдеткіш бар. Жобада шұғыл медициналық көмекке де ерекше мән беріліпті. Ауыр жағдайдағы науқастарды жедел жеткізу үшін кешен аумағында тікұшақ алаңы салынады.

Министр Ақмарал Әлназарованың айтуына қарағанда жобаны жүзеге асыруда құрылыс мерзімін сақтау ғана емес, болашақ аурухананы заманауи жабдықтармен және білікті кадрлармен қамтамасыз ету де маңызды.

– Бұл – соңғы 15–20 жылдағы Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізіндегі ең ірі жобалардың бірі. Біз үшін құрылысты уақытылы аяқтау ғана емес, аурухананы заманауи жабдықтармен және білікті мамандармен қамтамасыз ету де аса маңызды. Жобаны барлық кезеңде барынша сүйемелдейтін боламыз, – дейді министр.

Болашақ медициналық орталықтың кадрлық әлеуетін қалыптастыру жұмыстары да басталған. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін даярлау өткен жылдан бері қолға алыныпты.

Осылайша, құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін Көкшетауда бір ғана ғимаратқа бірнеше медициналық ұйымның мүмкіндігін біріктіретін, күрделі операциялардан бастап жоғары технологиялық диагностика мен оңалтуға дейінгі қызметтердің кең спектрін ұсынатын медициналық кешен пайда болмақ. Жобаның түпкі мақсаты – Ақмола облысы мен солтүстік өңір тұрғындарының күрделі медициналық көмек алу үшін республикалық орталықтарға бару қажеттілігін азайтып, заманауи медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру болып отыр. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 11:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары