Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

Қос асылдың ізі

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Майымбет туралы миф

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

Жеті вагонды сүйреген жігіт

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

Асқар Мұстабеков: діни сенім әскерден босатуға негіз емес

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары қандай спорт кешендерінде өтеді

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары қандай спорт кешендерінде өтеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Милан қысқы Олимпиада ойындары тарихтағы алғашқы ресми екі қалада өтетін Олимпиада болмақ. Дүбірлі дода бірнеше кластерде өтеді: Милан қаласында мұз айдындарындағы жарыстар, ал Кортина-д’Ампеццода қар мен тау спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады.

«Сан-Сиро» стадионы (Милан)

Фото: wikipedia.org

«Джузеппе Меацца» стадионы (Stadio Giuseppe Meazza) — Милан қаласындағы футбол стадионы, «Сан-Сиро» деген атпен де танымал. Бұл стадион «Милан» және «Интер» клубтарына ортақ арена. Әйгілі стадион 1926 жылы пайдалануға берілген, сыйымдылығы 82 000 адам.

Стадион 1934, 1990 жылғы әлем чемпионаттарының бірнеше матчтарын, УЕФА Чемпиондар Лигасының төрт бірдей (1965, 1970, 2001, 2016) финалдық кездесуін, сондай-ақ 1980 жылғы Еуропа чемпионатының үш кездесуін қабылдаған.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты осы тарихи стадионда өтеді.

«Санта-Джулия» хоккей аренасы (Милан)

Фото: milanocortina2026.coni.it

Миланның Санта-Джулия ауданында орналасқан бұл көпфункциялы, заманауи нысан 2026 жылғы Милан-Кортина қысқы Олимпиада ойындары үшін арнайы салынған.
Арена 14 000 көрерменге арналған. Оның акустикасы, трибуналары және заманауи жабдықтары көрермендерге ойын қызығына толықтай енуге мүмкіндік беретін ерекше атмосфера жасайды. Негізгі аренамен қатар, қатысушы командалар жаттығуларын өткізетін қосымша мұз айдыны да бар.

Милан мұз аренасы (Ассаго)

Фото: olympics.com

Милан мұз айдыны Олимпиада ойындарының шорт-трек және мәнерлеп сырғанау жарыстарын өткізеді. Ассаго аймағында орналасқан бұл арена Еуропаның жетекші спорт нысандарының бірі.

11 500-ден астам көрермен сыйымдылығы бар бұл нысанның жабдықтары әмбебаптық пен қауіпсіздікті ескере отырып жасалған. Сонымен қатар, арена мәнерлеп сырғанау және шорт-трек жарыстарына қойылатын барлық талаптарға сай келеді.

Олимпиада ойындарынан кейін Милан мұз аренасы жас спортшыларға өз шеберліктерін дамытуға мүмкіндік беретін мұз спортының ірі орталығы болып қала береді.

Милан конькимен жүгіру стадионы

Фото: olympic.com

Нысан Миландағы мұз саябағында орналасқан. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар осы стадионда конькимен жүгіру жарыстарында бақ сынайды.
Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдау мақсатында Рошельдегі әйгілі Милан халықаралық көрме орталығы кешенді жаңарту және жөндеуден өтті. Қайта жаңғырту нәтижесінде көрме алаңы заманауи спорт нысанына айналды.

«Ро» хоккей аренасы

Фото: Toronto Star

Миландағы мұз айдыны саябағының орталығында орналасқан «Ро» хоккей аренасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ең танымал орындарының бірі болады. Аренада Олимпиада бағдарламасындағы ең танымал және тамаша спорт түрлерінің бірі — хоккей турнирінің қызықты матчтары өтеді.

«Ро» хоккей аренасы Милан халықаралық көрме орталығын кешенді жаңарту нәтижесінде салынған.

Антерсельва биатлон стадионы

Фото: biathlon-antholz.it

Австрия шекарасына жақын, 1600 метр биіктікте, Альпі шыңдарының ортасында орналасқан бұл стадион Олимпиада ойындарын алғаш рет қабылдайды.
Дегенмен, Антерсельва биатлон жарыстарын өткізудің ұзақ дәстүріне ие. 1971 жылдан бастап 50 жылдан астам уақыт бойы әлем кубогының кезеңдері мен әлем чемпионаттарын (алты рет) қоса алғанда, халықаралық жарыстарды өткізіп келеді.

Трибуналар 19 мың көрерменге арналған.

Олимпиадалық керлинг стадионы

Фото: worldcurling.org

Кортина-д’Ампеццо қаласында орналасқан бұл нысан 1955 жылы салынып, 1956 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған. Онда ашылу салтанаты мен мәнерлеп сырғанау жарыстары өтті.

2026 жылы аренада әлемнің ең үздік спортшылары Олимпиада және Паралимпиада керлинг медальдары үшін бақ сынасады. Стадион 3 700 көрерменге арналған.

Кортина сырғанау орталығы

Фото: ibsf.org

Толығымен жаңғыртудан өткен орталықта 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бобслей, скелетон және шана спорттарынан жарыстар өткізіледі.

Нысан 1956 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдап, көптеген тарихи оқиғалармен ел есінде қалып, итальяндық спортшылардың керемет өнер көрсетулері мен ұмытылмас сәттеріне куә болды.

Ливиньо шаңғы акробатикасы мен могул саябағы

Фото: livigno.eu

Ливиньо алқабының оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан бұл шаңғы курорты фристайл спортының халықаралық орталығы болып табылады. 2025 жылы осында фристайлдан әлем кубогының финалы мен сынақ жарыстары өтті.

Шамамен 3 000 көрерменге арналған панорамалық терраса мәре алаңынан бірнеше метр қашықтықта орналасқан, бұл көрермендерді жарысты жақын қашықтықтан тамашалауға мүмкіндік береді.

Ливиньо қар саябағы

Фото: olympics.com

Кешенде сноуборд және шаңғы тебудің төрт түрі — шаңғы кроссы, хафпайп, слоупстайл және биг-эйр бойынша жарыстар өтеді.

Соңғы жылдары нысан сноубордта Burton European Open, River Jump және World Rookie Fest сияқты беделді халықаралық іс-шараларды қабылдап, әлемнің ең үздік сноубордшылары мен фристайлшылары өнер көрсетті.

Предаццо шаңғымен тұғырдан секіру стадионы

Фото: fiemmeworldcup.com

Тренто провинциясындағы бұл коммунада шаңғымен секіру жарыстарының ұзақ дәстүрі бар, ал стадионда көптеген шаңғымен секіру турнирлері өткізілген. 1989 жылы ашылған бұл стадион алғаш рет 1990 жылы әлем чемпионатын қабылдады және содан бері қысқы спорт түрлерінің жетекші орнына айналды.

Олимпиада алдында нысан толық жаңғыртылып, екі негізгі және үш жаттығу тұғырымен жабдықталған. Мұнда тұғырдан секіру мен шаңғы қоссайысы жарыстары өтеді.

«Стельвио» тау шаңғы орталығы

Фото: snowmagazine.com

Стельвио беткейі — Бормио шаңғы орталығының жүрегі және Валтеллина алқабының спорттық мұрасының маңызды бөлігі. Онда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасындағы тау шаңғысы жарыстары өтеді. Сонымен қатар, Олимпиада бағдарламасында алғаш рет ски-альпинизм осы жерде таныстырылады.

Бұл кешен өте күрделі жарыс жолымен танымал. Ұзындығы — 3 442 метр, биіктік айырмашылығы — 1 023 метр және ең жоғары еңістігі 63 пайыз.

Тезеро шаңғы стадионы

Фото: fiemmeworldcup.com

Тезеро шаңғы стадионы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының шаңғы жарысы мен скандинавиялық аралас жарыстарын, сондай-ақ Паралимпиада биатлоны мен Паралимпиада шаңғы жарыстарын қабылдайды.

Валь-ди-Фьемменің орталығында орналасқан бұл стадион теңіз деңгейінен 850 метр биіктікте орналасқан. 1991 жылы алғашқы әлем чемпионатын өткізгеннен бері бұл жер шаңғы спорты жанкүйерлерінің сүйікті орны болып келеді.

«Тофана» шаңғы орталығы

Фото: skiracing.com

Кортина-д’Ампеццодағы бұл әйгілі спорт нысаны Шығыс Доломиттегі ең маңызды тау жоталарының бірі Ле Тофананың есімімен аталған.

Орталық 1956 жылғы Олимпиада ойындары тау шаңғы жарыстарын өткізген. 1993 жылдан бастап әйелдер арасындағы тау шаңғы жарыстары мен супер-G әлем кубогының тұрақты орнына айналды. 2021 жылғы тау шаңғы әлем чемпионаты да осында өтті.

2026 жылы осында әйелдер арасында Олимпиада және Паралимпиадалық тау шаңғы жарыстары өтеді деп күтіліп отыр.

Верона Олимпиадалық аренасы

Фото: paralympic.org

Arena di Verona — б. з. 30 жылы салынған көне рим амфитеатры. Бұл — ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген жерде ұйымдастырылатын сирек олимпиадалық рәсімдердің бірі.

Дәл осы тарихи нысанда 12 мыңға жуық көрермен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты және Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын тамашалайды.

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 21:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

18 Маусым 2026 23:29see120

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

17 Маусым 2026 15:07see117

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

18 Маусым 2026 03:06see115

Қос асылдың ізі

17 Маусым 2026 08:52see114

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

17 Маусым 2026 14:44see114

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

17 Маусым 2026 12:53see113

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

17 Маусым 2026 08:15see111

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

17 Маусым 2026 08:15see111

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

17 Маусым 2026 14:31see111

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

18 Маусым 2026 22:20see111

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

18 Маусым 2026 22:19see110

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

17 Маусым 2026 15:13see110

Майымбет туралы миф

17 Маусым 2026 08:52see109

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

17 Маусым 2026 13:21see109

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

18 Маусым 2026 22:19see109

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

17 Маусым 2026 17:04see108

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

17 Маусым 2026 11:53see107

Жеті вагонды сүйреген жігіт

17 Маусым 2026 09:05see107

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

18 Маусым 2026 23:29see106

Асқар Мұстабеков: діни сенім әскерден босатуға негіз емес

17 Маусым 2026 15:06see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары