Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Италияда қысқы Олимпиада ойындары өтеді

Италияда қысқы Олимпиада ойындары өтеді

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Төрт жылда бір келетін қысқы Олимпиада ойындарына да аз күн қалды. Дүбірлі дода Италияның қос қаласында өтеді. Милан және Кортина-д'Ампеццо шаһарлары XXV қысқы Олимпиада ойындарын өткізу байқауында 7 мемлекет ішінен озып шыққан. Енді бұл жақта олимпиада қалашығының құрылысы қаншалықты дайын? Ойынға кімдер келеді? Ерекшелігі неде?

2026 жылы өтетін ХХV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық қызу. Ойындар 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтеді. Апеннин түбегінде Олимпиада ойындары осымен төртінші мәрте ұйымдастырылады. Жарысқа 93 елден 3500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Бұл халықаралық додада 16 спорт түрінен 195 медаль ойналады. Ауқымды іс-шараны өткізу үшін 18 000 ерікті жұмылдырылып, тағы 50 000 ерікті қоғамға бағытталған кең ауқымды бастамаларға қатысады. Олимпиаданың салтантты ашылу рәсімі Сан-Сиро стадионында, ал жабылу рәсімі тарихи Верона сахнасында болады. Шаңғы спорты алғаш рет қысқы Олимпиада бағдарламасына жеке спорт түрі ретінде енгізілді.

Андреа Варнье, ұйымдастыру комитетінің бас директоры:

- Олимпиада ойындары араға 20 жыл салып Еуропаға, қысқы спорт түрлерінің нағыз отаны Альпіге қайта оралады. Бұл өте маңызды сәт болғалы тұр. Жауапкершілік пен қобалжу басым.

«Ең ұлы саяхат». Осындай атаумен 63 күнге созылатын алау эстафетасы 12 мың шақырымды бағындырады. Алдағы жылы қысқы Олимпиаданың ашылу рәсімі алғаш рет екі қалада қатар өткелі отыр. Олимпиаданың басты нышаны, бейбітшілік, достық және әлем халықтарының бірлігін білдіретін белгі – Олимпиада алауы алғаш рет қос шаһарда бір уақытта тұтанады. Қазір елде жарыс нысандарының 85%-і сақадай сай. Миланда Олимпиада қалашығының құрылысы аяқталуға жақын. Ойындардан кейін ол студенттерге арналған тұрғын үй кешені ретінде пайдалануға беріледі. Ал қатысушы елдер жаңа спорттық киімдері мен жабдықтарын дайындап әлек. Әрқайсы қанжығамыз майлы болса деп тілейді, әрине.

Сэм Макуга, америкалық спортшы:

- 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына бір отбасынан үш апалы-сіңлі қатысқалы отырмыз. Үшеуміз үш түрлі спорт түрінен бақ сынаймыз. Мен трамплиннен секіруден, ал екі сіңлім шаңғы мен фристайл бойынша жарысады. Бәсеке емес, өзімізге деген сенім басым. Жеңіспен ораламыз деп сенеміз.

Ал БҰҰ Бас Ассамблеясы Италияда өтетін қысқы Олимпиада кезінде олимпиялық бітімгерлікті сақтау жөніндегі резолюцияны қабылдады. Қарарда спортшылардың, ресми тұлғалар мен кіру рұқсатын алған барлық адамның қауіпсіздігі, жарыстарға қатысу және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері қамтылған. Құжат спортты бейбітшілік пен ынтымаққа, төзім мен бітімге ықпал ететін құрал ретінде пайдалануға шақырады.

Кирсти Ковентри, Халықаралық Олимпиялық комитеттің президенті

- Әлемде қақтығыстар күшейіп, саяси мәселелер шиеленісіп тұр. Біздің мақсат – спорт пен саясатты бөліп қарастыру. Қысқы Олимпиада ойындарына, жалпы кез келген халықаралық шараға спортшылар еркін қатысуы тиіс. Азаматтардың жарыстарға қатысу мүмкіндігі тең болуы керек. Таңдап алынған спортшылар виза берілмей қалу сынды саяси қауіптерге тап болмауы керек.

Болашақ чемпиондарға арналған медальдар ерекше дизайнмен, екі жартыға бөлініп жасалған. «Бұл спортшының жеткен шыңы мен оған дейінгі ауыр жолын, еңбек пен терді білдіреді», – дейді ұйымдастырушылар. Алдағы 2026 жылдың ақпанында өтетін Олимпиадада қай елдің бәсі биік болатынын уақыт көрсетеді. Ал тағы 4 жылдан кейін қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альпісінде өтеді. Кейін 2034 жылы ойынды өткізуге мүмкіндік алған ел – АҚШ. 

Авторы: Нұрбике Жігер

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары