Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

22 наурыз. Жылнама

22 наурыз. Жылнама

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Наурыз мейрамы

Көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша наурыз ай аты емес, тек бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл айды соғдылықтар «наусарыз», хорезмдіктер «наусарджи», армяндар «навасарди», чуваштар «норас-ойахе» деп атаған. Қазақстанда кеңес заманында талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. Қазақстанда Наурыз мейрамы – Мемлекеттік мейрам. 2009 жылдан бастап 3 күн демалыс беріліп, атап өтіледі. Бейресми түрде өңірлерде Наурыз бір ай бойына тойлана береді.

Бүкіләлемдік су қоры күні

1992 жылғы маусымның 3-4-і аралығында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференцияда 22 наурыз – Бүкіләлемдік су қорлары күні деп жарияланды.

Халықаралық такси жүргізушісі күні

1907 жылы осы күні Лондон көшелерінде арнайы есептеуіштермен жабдықталған алғашқы автомобильдер пайда болды. Лондон арбакештері оны таксиметр деп атады. Содан бастап жеке қалалық көлікті такси, ал арбакештерді таксист деп атай бастады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1990 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумының отырысында республикада Қазақ ССР-інің «Қазақ ССР-дегі тілдер туралы» Заңын қолданысқа енгізуге дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.

1990 жылы Алматыда «Ана тілі» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. «Ана тілі» — Мемлекеттік тілдің бірден-бір жоқшысы, үні айбары. Республикадағы тіл тақырыбында шығатын ресми жалғыз басылым. «Ана тілі» тек Мемлекеттік тіл ғана емес, ұлтқа қатысты кез келген күрмеулі мәселелерді көтеріп келеді. Қазақтың тілі, қазақтың ауылы, қазақ мектебі, балабақшасы, қазақ жастары, қазақ ғылымы, т.б. көптеген тақырыптар басылым беттерінен түсіп көрген емес. Таралымы: Ұлт мүддесін бірінші орынға қоятын газеттің 90-жылдардағы таралымы 100 мыңнан асып жығылды. Бүгінгі таңда газеттің 26 000-дай оқырманы бар, төрт түрлі түспен, 12 бет А2 форматпен басылуда. Алғашқы редакторы 1990-97 жылдар аралығында белгілі қаламгер Жарылқап Бейсенбайұлы болды.

1991 жылы республикалық «Жас қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Еліміздің саяси, әлеуметтік және рухани өміріндегі өзекті мәселелерді қозғаған газет төрт жыл бойы шығып тұрды. 2001 жылғы тамыздың 11-де «Жас қазақтың» жалғасы ретінде «Жас қазақ үні» газеті жарық көре бастады.

1993 жылы Павлодарда «Ватан» Әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы құрылды.

1995 жылы «Азық-түлік корпорациясы» мемлекеттік компаниясы құрылды. Компанияның басты мақсаты болып еліміздің стратегиялық астық қорын сақтау, мемлекеттік астық қорына жауапкершілікпен қарау, ішкі астық нарығын және астық экспортын тұрақтандыру табылады.

1995 жылы «Қазпошта» Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл болып есептелетін «Наурыз» мейрамына арналған пошталық маркалар шығарды.

2005 жылы Астанада Ислам мәдени орталығының ашылу рәсімі болып өтті. Оған сонымен қатар Катар мемлекетінен келген арнайы өкілі Мұхаммед әл-Имади қатысты.

2008 жылы Ыстанбұлда Қазақстанның Мәдениет үйі мен қазақ тілін үйрену орталығы ашылды. Ыстанбұлда тұратын қазақ диаспорасының өкілдері мен Түркия Республикасының ниет білдіруші азаматтары осы орталықта қазақ тілін үйренуде. Түркиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бастамасы мен өтінішіне орай Ыстамбұл қаласының муниципалитеті Топқапы бағында Қазақстанның Мәдениет үйі мен қазақ тілін үйрену орталығына арнайы ғимарат ұсынды.

2013 жылы Хорватияның астанасы Загребтің беделді ауданында Хорватия Президентінің Кеңсесімен, Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінің елшіліктері мен резиденцияларымен көршілес орналасқан Қазақстан елшілігінің жаңа кеңсесі ашылды.

2018 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) хатшылығы Наурыз халықаралық мерекесіне арналған салтанатты қабылдау өткізді. Шараға 400-ден астам адам қатысты.

2022 жылы Жапонияда «дөңгелек стөл» аясында Хоккайдо университетінің профессоры, Қазақстан тарихын зерттеген, XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы тарихына маманданған танымал зерттеуші Томохико Уямаға ІІ дәрежелі «Достық» ордені табысталды.

Профессор бұл марапатты барлық зерттеу корпусы мен қазақстандық әріптестеріне арнайтынын атап өтіп, қазақ тілінде алғыс айтып, тілегін білдірді.

2022 жылы Қарағанды ​​қаласындағы әл-Фараби мектеп-гимназиясында геолог Ақжан Машановты еске алу рәсімі өтті. Жиырмасыншы ғасырдағы көрнекті тау-кен ғалымдарының бірі, Шығыстың ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби мұрасын зерттеу — гимназия директоры Қымбат Оспанованың бастамасы. Оның жетекшілігімен профессорлық-оқытушылар құрамы геологтың өмірі мен еңбек жолы туралы мәліметтерді жинақтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп, оның жеке заттарынан, фотосуреттері мен портреттерінен тұтас көрме құрастырды.

2024 жылы Брюссельде қазақстандық делегацияның қатысуымен Атом энергиясы бойынша бірінші Саммит өтті. Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұхан мен «Қазатомөнеркәсіп ҰК» АҚ төрағасы Мейіржан Юсупов Бельгия Үкіметі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (АЭХА) бірлесіп ұйымдастырған саммитке қатысты. Саммитке 22 мемлекет пен үкіметтің басшылары, Еуропалық кеңестің президенттері, Еуропалық комиссия, министрлер, сондай-ақ 300-ден астам халықаралық ұйымдардың, трансұлттық компаниялардың, дипломатиялық өкілдіктердің және сараптамалық топтардың басшылары жиналды. Саммиттің мақсаты-климаттың өзгеруі, энергетикалық қауіпсіздікті арттыру және экономикалық дамуды ынталандыру жөніндегі жаһандық проблемаларды шешудегі атом энергетикасының рөлін талқылау.

2025 жылы Гарвард университетінде қазақстандық классикалық музыканың алғашқы қойылымы өтті — бұл америкалық қоғам мен қазақ диаспорасына Наурызға сыйлық болды. Бірегей туындыларды АҚШ музыканттары орындады, ал композиторлардың қазақ билерінің партитуралары Құрама Штаттардың ең үлкен музыка мұрағатына сыйға тартылды.

2025 жылы Брюссельде ЮНЕСКО сыйлығының үш дүркін лауреаты, қазақстандық танымал зергер Сержан Башировтың көрмесі ашылды. Оның ежелгі көшпелі дәстүрлер бойынша жасаған зергерлік бұйымдары әлем назарын жаулап алды. Енді оларды Еуропадан көруге болады.

2025 жылы Алматыда 5 мың адам Наурыз мерекесі мен Абайдың 180 жылдығына арналған хорда Абай әндерін орындады. Абай даңғылында ұлы қазақ ағартушысына құрмет белгісі ретінде «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндері шырқалды.

2025 жылы Ақтауда Наурыз мерекесінің құрметіне қазақ ұлттық киімін киген 5 мың адам «Қазақ ұлттық киімін киген ең көп адам» аталымы бойынша Гиннестің әлемдік рекордын орнатты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:236
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Наурыз 2026 07:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары