Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Абыройы асқақтаған аудан

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

1 наурыз. Жылнама

1 наурыз. Жылнама

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда Алғыс айту күні

2016 жылдың 14 қаңтарында 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанын ескерсек, Алғыс айту күнінің неліктен дәл осы күні тойланатынын түсінеміз. Бұл — Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын күн. Азаматтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыс айтатын мереке.

Дүниежүзілік мадақтау (комплимент айту) күні

Мерекені бекіту идеясы — қарапайым адамдардың бір күнді ерекше, жылы, мейірімге тола есте қаларлықтай етіп өткізуді қалауы. Мадақтау дегеніміз — кісі бойындағы әдемілікті, сұлулықты көре білу. Сол адамға жағымды мадақ айту. Айналаңдағы жандардан мадақтау есту, әрине, көңіліңнің хошын келтіретіні сөзсіз.

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні

1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) ІХ сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-інде атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы дәл осы күні ХАҚҰ үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.

Кемсітушілікке төзбеушілік күні

АИТВ ауру таралуын тоқтатып, ЖИТС эпидемиясын жеңу үшін, БҰҰ бірлескен бағдарламасы бастамасымен атап өтіледі. Мақсаты — аталмыш вирусты жұқтырған адамдарды кемсітуді болдырмау.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1972 жылы Қазақстандағы ең ірі көпсалалы университтердің бірі — Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құрылды.

1993 жылы Алматыдағы Космонавтар көшесі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көше болып өзгерді.

1995 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен елімізде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблея құрамы мемлекеттік органдардың, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен, сонымен қатар қоғамдық-саяси белсенді тұлғалардан тұрады. Ассамблеяның 350 мүшесі бар. Жалпы Қазақстанда 130-ға жуық этнос мекендейді.

1995 жылы қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке «Алтын Жұлдыз» бен «Халық Қаhарманы» атағы берілді. Осындай наградаларды сондай-ақ Т.Мұсабаев пен Ю.Маленченко алды, сонымен бірге оларға «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы берілді.

1999 жылы «Отан» Республикалық партиясы құрылды. 2006 жылғы желтоқсанның 22-сіндегі кезектен тыс X съезінде бірнеше партияның бірігуімен «Отан» партиясы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына айналды. 2013 жылдың 18 қазанында атауы «Nur Otan» партиясы болып өзгерді. 2022 жылы «Amanat» партиясы болып өзгерді.

2005 жылы Корея Шетелдік зерттеулер университетінде (Корея Республикасы) алғаш рет қазақ тілі бөлімшесі ашылды.

2010 жылы Астанада Мемлекет тарихы институты жанынан докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес ашылды. Бұдан былай елордада тарих саласы бойынша докторлық диссертацияларды екі мамандық бойынша — отандық тарих (Қазақстан Республикасының тарихы) және тарих жылнамасы, дереккөзтану және тарихи зерттеулер әдістемесі мамандықтары бойынша қорғауға болады.

2010 жылы Варшавада поляк дипломаты және қоғам қайраткері, Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы бұрынғы елшісі (2003-2006), «Менің Қазақстаным» поляк үкіметтік емес ұйымының Басқарма Төрағасы Владыслав Соколовский негізін қалаған «Қазақ киіз үйі» жаңа ұйымы өз жұмысын бастады. «Қазақ киіз үйі» ұйымының қызметі Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар мен іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған.

2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесіп, БҰҰ Алматы халықаралық моделін өткізді. Бұл жаһандық студенттер жобасына түрлі елдерден келген 100-ден астам студент қатысты.

2013 жылы ҚР Ұлттық банкі қазақ композиторы, дирижер, педагог және қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған 50 теңгелік ескерткіш монета шығарды.

2016 жылы Қазақстан жолдардағы апаттық жағдайлар орын алғанда жедел қызметтерді шақыруға бағытталған спутниктік «ЭВАК» жүйесін енгізді.

2018 жылы Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) 2018 жылды «Мағжан жылы» деп жариялады. Бұндай шешім ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай қабылданды.

2019 жылы археологтар Түркістандағы «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының аумағынан, Қарашық өзенінің оң жағалауынан балшықтан кірпіш күйдіруге арналған пешті тапты. Бұл шамамен XIV ғасырға тиесілі. Осы жерден түсті металдар балқытатын пеш орны да анықталды, ол антика дәуіріне тиесілі болып отыр. Археологтар кірпішті кептіретін орынды да аршыған.

2021 жылы Қазақстанда «Шын жүректен» әлеуметтік, волонтерлік жобасы іске қосылды: Jurekten.kz сайты арқылы еліміздің тұрғындары оған лайықты адамдарға «рахмет» айта алады. Ол үшін сайтқа кіріп, алғыс хат жіберу жеткілікті. Кез-келген адам жылы сөздердің адресаты бола алады: ата-ана, алғашқы мұғалім, дәрігер немесе бейтаныс адамдар.

2022 жылы Ақтөбеде корейлердің қазақ халқына алғысының белгісі ретінде екі әйел тұлғасы — қазақ әйелі мен корей әйелінің ескерткіші болып табылатын мүсіндік композиция ашылды. Қазақ келіншегі қазақтың қонақжайлылығының белгісі ретінде корей әйеліне бір тостаған қымыз беріп, мыңдаған кәрістердің жер аударылған қиын кезеңде аман қалуына көмектесті. Әйелдердің артында шаңырақ ұстаған ақ құстың стильдендірілген қанаттары — қазақтың шаңырағының символы. Композицияның жалпы биіктігі — 4,7 метр, ені — 4,5 метр.

2022 жылы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезінде партия атауын «Amanat» деп өзгерту туралы шешім қабылданды.«Біз ел бірлігін, халықтар тұтастығын, ұлттар арасындағы татулықты, келешек ұрпағымыз үшін еңбекқорлықты жаңғыртуға міндеттіміз. Бізге жерді, осы халықты аманат еткен бабаларға әрқашан адал болуымыз керек. Біз оны кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бұл біздің ата-баба парызымыз. Сондықтан еліміздің басты саяси ұйымының „Аmanat“ деп аталуын мақсатқа сай деп санаймыз. Осыған байланысты бүгін съезде Мәжіліс фракциясының депутаттары партияның атын „Amanat“ деп өзгертуді ұсынып отыр», — деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

2023 жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түрік Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Аднан Мендереске ескерткіш ашылды.

Түрік Республикасының премьер-министрі қызметін атқарған Аднан Мендерес түркі халықтарына ортақ тұлға. ХХ ғасырдың 50-жылдарында төрт жылға жуық уақытқа созылған қазақтарды Түркияға көшіру процесін басқарды. Сол жылдары Аднан Мендерес қазақ халқына қамқорлық танытып, Түркияның дамуына үлес қосып, қазақтардың Пәкістаннан Түркияға қоныс аударуына қолдау көрсетті.

2024 жылы Қазақстанның бүкіл аумағында ресми түрде UTC+5 бірыңғай уақыты орнатылды. Ел Үкіметінің қаулысымен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында сағат тілі бір сағат артқа ауыстырылды.

Бұрын Қазақстанның екі сағаттық белдеуі — UTC+5 және UTC+6 болған, бұл ретте оның аумағының көп бөлігі UTC+6 аймағында орналасқан.

2025 жылы мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Бұл ай — сабыр мен шүкіршіліктің, кешірім мен қайырымдылықтың, рухани тазарудың ерекше кезеңі. Рамазан — ислам күнтізбесіндегі тоғызыншы ай және дәл осы айда қасиетті Құран түсе бастаған деп есептеледі.

Рамазан — тек ауыз бекіту ғана емес, адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, нәпсісін тыюы, жаман әдеттерден арылып, жақсы амалдарға ұмтылуы. Бұл айда мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден, жаман сөз бен әрекеттен тыйылып, рухани кемелденуге күш салады.

Ораза ұстау — исламдағы бес парыздың бірі. Ол мұсылмандарды сабырлыққа, төзімділікке, шүкіршілікке үйретеді. Аштық пен шөлді сезіну арқылы адам мұқтаж жандардың хәлін түсініп, мейірімді болуға талпынады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 07:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see125

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

13 Шілде 2026 09:14see122

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

13 Шілде 2026 12:23see119

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

13 Шілде 2026 09:02see117

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

13 Шілде 2026 11:47see117

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see116

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

13 Шілде 2026 12:30see115

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see115

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see113

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see113

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see113

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see111

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see111

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see109

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see109

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see109

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see108

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see108

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары