Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

1 мамыр. Kazinform күнтізбесі. Жылнама

1 мамыр. Kazinform күнтізбесі. Жылнама

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап атап өтіледі. 100-ден астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл мереке дәстүрлі мейрамдардың біріне айналды.

Дүниежүзілік махаббат күні

Түсіністік пен кешірімділікке ықпал ететін сөзсіз махаббат мерекесі ретінде ойластырылған, 2004 жылы америкалық The Love Foundation коммерциялық емес ұйымы атап өтуді бастады. Бұл ұйым 2000 жылы білім беру, зерттеу және қайырымдылық арқылы адамдарды сөзсіз сүюге шабыттандыру миссиясымен құрылған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1923 жылы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі – мәдени-ағарту мекемесі құрылды. Мұражайдың алғашқы экспозициясы түрлі мекемелер сыйға тартқан жан-жануарлардың қаңқалары, қару-жарақ, сауыт-сайман, т.б. бұйымдардан құралды.1927 жылы мұражай өзінің алғашқы экспедициясын ұйымдастырып, өлкенің табиғаты, тарихы жөнінде құнды мәліметтер жинады.

1925 жылы Шымкент қаласында шығатын «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық саяси газетінің алғашқы саны жарық көрді.

1930 жылы Орталық Азия мен Сібір аралығын жалғастырған Түркістан-Сібір теміржолының ашылу салтанаты өтті. Бұл теміржол Семей қаласынан Алматы арқылы Жамбыл облысының Луговой бекетіне дейінгі аралықты жалғады. Ұзындығы 1452 шақырым. Теміржол құрылысы 1927 жылы басталып, 1931 жылы толығымен аяқталған. Құрылыс инженері Мұхамеджан Тынышбаев болды. Ең бірінші болып Э-1441 паровозы құрылыс заттарымен жүріп өтті.

1992 жылы Алматыда Қазақстан мен Түркия арасында Бірлескен коммюникеге қол қойылды. Ал Үкiмет басшылары Өзара жәрдемдесу және инвестицияларды қорғау туралы келiсiмге қол қойды. Екі жақтағы министрліктер мен мекемелердің жетекшілері автомобиль көлiгi, авиация қатынасы, мәдениет, радио және теледидар, кадр даярлау, орташа және шағын кәсiпорындар, банктiк және несие салаларын дамыту туралы, Қазақстанның батыс өңіріндегі мұнайды өңдеудегi түрiк фирмаларының жәрдемдесуi туралы, Ақтөбедегі газ электр станциялары ғимараттары туралы, Маңғыстаудағы мұнай өңдейтiн зауыттың құрылысы және қалпына келтiру жұмыстары туралы, Ақтау портын қалпына келтiру, Каспий теңізі арқылы Қара және Балтық теңіздеріне Қазақстанның жүктерін тасымалдау төңірегіндегі ынтымақтастық туралы келісімдерге және хаттамаларға қол қойылды.

2010 жылы Италиядағы Триест қаласының әскери зиратында Югославияның Халық-азаттық армиясының (ЮХАА) «орыс батальонының» 104 кеңес сарбазын еске алуға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Қаза тапқан жауынгерлерді іздестіру туралы бастаманы соғыс ардагері, қазақ жазушысы Қалмұқан Исабай көтерген. Ескерткіш Италиядағы Қазақстан елшілігінің жерлеу орындары мен қаза тапқан сарбаздардың аттарын іздеу бойынша 4 жылғы еңбегінің жемісі.

2014 жылы Силикон алқабында (АҚШ) өткен байқауда қазақстандық өнертапқыштар IPad және IPhone-ға арналған мобильді қосымшаны таныстырды. «life.beats» - адамдарға өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына қамқорлық жасауға көмектеседі. Ол бұлтпен синхрондалған қауіпсіз қорғалған серверде қай уақытта дәрі ішкенін бақылап, сақтап отырады. Қазақстан кәсіпкерлерінің командасы алғаш рет HealthTech (денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды пайдалану) санатында іріктеуден өтті.

2015 жылы Алматыда 687 келі лағман пісіріліп, бұл көрсеткіш Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді. Әлемдегі ең үлкен «Достық» деп аталатын лағманды Ұйғыр мемлекеттік драма және комедия театрында 30 аспаз әзірледі.

2018 жылы Маңғыстауда күн энергиясымен жұмыс істейтін жаңа электр стансасы ашылды. Күн электр стансасы Мұнайлы ауданы Батыр ауылында 36,05 гектар жерге салынған.

2019 жылы Алматы қаласындағы Каспий университетінің студенттік командасы Age of business ойын түрін ойлап тапты. «Age of Business» («Бизнес дәуірі») - бизнес-процесс элементтерінен және қаржы, экономика, инвестиция жөніндегі викториналық сұрақтардан құралған үстел ойыны. Студенттер өз жобасын шындыққа айналдыру үшін Тұңғыш Президент қорының грантын жеңіп алды.

2019 жылы «Әміре» (Paris song) кинокартинасы АҚШ-тың Вирджиния штатында өткен халықаралық фестивальде (Richmond International Film Festival) бірден екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Ол «Үздік баяндаушы фильм» және «Үздік актер» аталымдарында жеңіске жетті. Атақты қазақ теноры Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін кинолентаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы және «Darplay» компаниясы бірлесіп түсірген. Картинаның бас продюсері – Әлидар Өтемұратов, режиссері – Джефф Веспа (АҚШ), оператор – Максим Осадчий (Ресей), сценарист – Бенжамин А. ванн дер Вин (США), кеңесші – өнертанушы Жарқын Шәкәрім. Актерлік құрам: Эбби Корниш – Ли Эббот, Санжар Мәдиев – Әміре,Еркебұлан Дайыров – Мұстафа Шоқай, Бен Олдридж – Джордж Гершвин.

2023 жылы Қазақстан халқының бірлігі күні «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Бір шаңырақ астында» мерекелік шарасы өтті. Этномәдени бірлестіктер театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарламалар ұсынды. Қонақтарға «Достық дастарханы» жайылып, 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ қазақ күресі, өзбек күресі, белбеу күресі, самбо, ушу, таэквондо, армрестлингтен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

2024 жылы Алматыдағы Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік бағдарлама еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және су тасқынына қарсы күреске қатысқан басқа да азаматтарды марапаттау рәсімінен басталды. Алматы әкімі Ерболат Досаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жинап, жеткізуге атсалысқан белсенділерге алғысын білдірді. Алғыс хатпен барлығы 32 адам марапатталды.

2024 жылы «Silk Way» телеарнасы түрік тілінде хабар тарата бастады. Түрік тілінде хабар тарату 5 тілде – қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, қырғыз тілдерінде контент ұсынатын арнаның аудиториясын арттырады, – деп атап өтті «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған. «Silk Way» – еліміздің медиахолдингі – ҚР Президенті Телерадиокешенінің құрылымына кіретін тұңғыш ұлттық спутниктік телеарна.

2025 жылы Қазақстан халықтары бірлігі күнінде ҚР Президентінің Телерадиокешенінің «Jibek Joly» жаңа радиосының бірінші эфирі басталды. Радиотолқынға бағдарламада жүргізушілері Жасұлан Айсағали мен Ділбар Жұмекенова, сондай-ақ арнайы қонақтар – «Jibek Joly» телеарнасының жүргізушілері Айгүл Мүкей мен Әнуар Карбозов шықты.

2025 жылы Астанада 3 мыңнан астам қатысушыны жинап, салауатты, біртұтас ұлттың символына айналған ауқымды «Бірлік жүгірісі - 2025» өтті. Іс-шара алғаш рет еліміздің 20 аймағында бір уақытта өтті, оған әрқайсысында жүздеген тұрғын қосылды. Балалар жарыстары, инклюзивті жүгіру және командалық эстафеталар барлық жастағы және түрлі ұлт өкілдерінен тұратын қазақстандықтарды «Бірліктің 30 жылы – Ассамблеяның 30 жылы» ұранымен біріктірді.

2025 жылы Алматыда Қазақстан тарихында1704 метрлік ең ұзын лағман дайындылды. Оны түрлі ұлт өкілдерінен тұратын 50-ден астам адам илеп, созып, пісірді – бұл рекорд үшін ғана емес, сонымен қатар бірліктің күшін бір дастархан басында атап өту үшін жасалды.

2025 жылы Пәкістан астанасыИсламабад қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Study in Kazakhstan көрмесі және Қазақстан мен Пәкістан университеттерінің форумдары сәтті өтті.

Форум аясында қазақстандық бес университет Пәкістанның жетекші университеттерімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Satbayev University и университет NUST-та Қ.Сәтбаев атындағы ғылым және технология орталығын ашуға келісті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Quaid-i-Azam университеті Абай орталығын құру туралы келісті. Сондай-ақ, қазақ және урду тілдерінде екі тілді сөздік жасау жобасы бойынша келісімге қол жеткізілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 07:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары