Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

28 сәуір. Kazinform күнтізбесі. Жылнама

28 сәуір. Kazinform күнтізбесі. Жылнама

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Әлемнің 100-ден астам елінде жыл сайын аталып өтеді. 1989 жылы америкалық және канадалық қаза тапқан жұмысшыларды еске алу мақсатында арнайы шара (the Workers Memorial Day) өткізілген болатын. Содан бері атап өту іс-шаралары жалғасып келеді.

Дүниежүзілік алдын ала төлем күні

Дүние жүзіндегі адамдарды әлемді жақсартуға көмектесетін кішігірім игі істер жасауға ынталандыру үшін жасалған.

«Алдын ала төле» қозғалысы Кэтрин Райан Хайдтың 1999 жылғы «Алдын ала төле» романынан кейін туды. Романда әлемді жақсы жаққа өзгерту жоспарын ойлап тапқан 12 жасар Тревор МакКинни туралы баяндалады. Ол бұл жоспарды «алдын ала төлеу» деп атайды, яғни қызмет алған адам алдын ала төлем жасап, тағы үш адамға жақсылық жасайды. Содан кейін үш алушының әрқайсысы тағы үш адам үшін қызмет ақысын төлейді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1870 жылы Ташкент қаласында тұңғыш қазақ басылымы – «Түркістан уәлаятының газеті» жарыққа шықты. Газет «Түркістан ведомостарына» қосымша ретінде айына екі рет, екі тілде шығып тұрды.

1955 жылы Сыр өңірінің шөл даласында Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы басталды. Ғарыш айлағының құрылысы рекордтық мерзімде аяқталды. 1957 жылы мамырда полигоннан Сергей Королев конструкциясының Р-7 құрлықаралық баллистикалық зымыраны алғаш рет ұшырылды. Байқоңырдан тарихта алғаш рет Жердің жасанды серігі (1957 жылы) және бортында адам бар алғашқы ғарыш кемесі (1961 жылы) ұшырылды. 1994 жылы Байқоңырды РФ 20 жылға жалға алды. 2004 жылы Ресейге ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға беру келісіміне қол қойылды.

2001 жылы америкалық миллионер Деннис Тито ғарышкерлер Талғат Мұсабаев және Юрий Батуринмен бірге турист ретінде ғарышқа ұшты. Деннис Тито – әлемдегі тұңғыш ғарыш турисі.

2007 жылы Халық Қаһарманы, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, жазушы Қасым Қайсеновтің Кеңсайдағы зиратына ескерткіш орнатылды. Қасым Қайсенов (1918-2006) – партизандар қозғалысының көрнекті ұйымдастырушысы, В.Чапаев атындағы дивизия отрядтарын басқарған, Украинаның, Молдованың, Румынияның, Чехословакияның жерінде көптеген операцияларды өткізді. Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкийдің, «Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» ордендерімен, КСРО-ның 25 медалімен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақ әдебиетіндегі партизан соғысы тақырыбының негізін қалаушы қаламгер «Жас партизан», «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Жау тылындағы бала», «Жау тылында», «Партизан шайқастары» сынды әңгімелер, очерктер мен повестер жазып қалдырған.

2010 жылы Венадағы «Аустрия банкінің» салтанат залында 1941-1945 жылдары Аустрия аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу кітабы таныстырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс батырларының ерен ерлігіне арналған және Жеңіс күніне орай басып шығарылған ескерткіш кітапты Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі Соғыс салдарын зерттеу жөніндегі Людвиг Больцман атындағы Соғыс институтымен және Аустрияның Қара крест ұйымымен бірлесіп әзірледі. Аустрия тарапынан қолдауға ие болған дипломатиялық миссияның бастамашылығы бойынша үлкен іздеу-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде Аустрия аумағында фашизммен күресте өз өмірлерін қиған 980 жерлесіміздің аты-жөні анықталды, 200-ден астам зират табылды, мұрағат құжаттары мен фотоматериалдардың бірегей қоры жиналды.

2012 жылы ҚР Ұлттық банкі «Ғарыш» сериясынан 500 теңгелік және 50 теңгелік «Бейбітшілік» ғарыш сериясы естелік монеталарын қолданысқа шығарды.

2016 жылы Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов пен Либерия елшісі Джордж Паттен Нью-Йоркте екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас туралы бірлескен коммюникеге қол қойды.

2016 жылы Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше бес мемлекет Астанада азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымын құру туралы Астана бастамасына қосылды. Келісімге Бангладеш, Қатар, Мозамбик, Тәжікстан, Камерунның министрлері қол қойды.

2016 жылы Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымдарының Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік бюросы ашылды (ағылшынша Food and Agriculture Organization, қысқаша FAO).

2017 жылы Тегеранда режиссер Сәбит Құрманбековтің «Оралман» көркем фильмі Иранда өткен XXXV Фаджр халықаралық кинфестивлінде үздік Азия фильмі марапатына ие болды.

2018 жылы 100 млн астам кітап сақталатын және әлемдегі ең үлкен кітапхана саналатын АҚШ Конгресі Кітапхана қорына Ілияс Есенберлиннің ағылшын тіліне аударылған «Көшпенділер» кітабы берілді.

2021 жылы Норвегия елінің Steigan.no ақпарат-сараптама порталы Қазақстанда коронавирусқа қарсы шығарылған вакцина туралы мақала жариялады. Онда QazVac вакцинасын әзірлеу және тестілеу кезеңдері туралы егжей-тегжейлі баяндап, сондай-ақ, аталған оқиғаның мәні туралы комментарий ұсынған. «Қазақстанның өз вакцинасын шығаруы таңғалдырып жатқан жоқ. Қазақстанда осыны жүзеге асыратын зерттеушілік орта бар. Біздің ойымызша, бұл вакцинаның оқшауланып, секвенцияланған нақты Covid-19 вирусының негізінде шығарылғаны қызық болып отыр. Біздің түсінгеніміз, тіпті фармацевтикалық алыптардың ең танымал вакциналары да вирус бөлігінің өзінен емес, компьютерлік модель негізінде шығарылады», деп атап өтті Steigan.no.

2021 жылы ҚР Ұлттық банкі «Есте қалар оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN коллекциялық монеталарын сатылымға шығарды.

Монета номиналы – 1 000 теңге. Жалпы массасы – 62,2 грамм, оның 46,2 грамы 925/1000 сынамалы күмістен, 16 грамы 999/1000 сынамалы алтыннан тұрады. Дайындау сапасы – «proof». Диаметрі – 50 мм. Шығарылған дана саны – 1000.

2024 жылы Димаш Құдайбергеннің Smoke жаңа трегі әлемдік музыкалық платформаларда пайда болды. Ол бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертінде орындады.

2025 жылы Қазақстанда алғаш рет робот көмегімен қатерлі ісікке қарсы операция жасалды. Операцияны Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазҰҒЗИ) командасы келесі буын роботтық платформасы Sagebot SR-2000 көмегімен жасады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 07:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары