Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

Таза қала конкурсы басталды

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

7 сәуір. Жылнама

7 сәуір. Жылнама

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік денсаулық күні

Жыл сайын 7 сәуір күні аталып өтеді, себебі 1948 жылы дәл осы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Жарғысы күшіне енді. Сол тарихи уақыттан бері әлемнің 194 елі ДДҰ-ның мүшесі болды. Денсаулық күнін жыл сайын атап өту дәстүрі 1950 жылдан бастап енгізілді. Денсаулық сақтау ұйымдары бұл күнді саладағы әртүрлі тақырыптарға арнап өткізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің еңбек ұжымы, республика бойынша шалғай аудандарды қоса алғанда, еліміздің облыстары, қалаларында жұмыс істейді және мұндай қызметкерлердің жалпы саны 20 мыңнан асады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекені атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, олар бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің тиістілігін сезінбейді. Аталған кәсіби мерекені тізімге енгізу кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай саласына жататынын сезінуге мүмкіндік беріп, корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1918 жылы «Звезда Прииртишья» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым халыққа облыс аумағындағы, қала және елде болып жатқан оқиғалар жайлы хабар беріп, қоғамдық пікір қалыптастыруға қызмет етті. Газеттің о бастағы атауы «Объединение» болатын. Газеттің бүгінгі ұжымы аға буыннан мұра боп келе жатқан дәстүрлерді дамыта отырып, Ертіс өңіріндегі халықтың шынайы тарихи жылнамасын қалыптастыруға сүбелі үлес қосып келеді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы нота алмасты. Швеция Корольдігі – Скандинавия түбегінде орналасқан Солтүстік Еуропадағы мемелекет. Аумағы – 447 435 км². Астанасы – Стокгольм. Швеция экономикасы - әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті. Швед кәсіпорындары тауарлардың ең көп түрін шетелге сатады. Ел жылдан жылға оң сауда сальдосын сақтап келеді.

2000 жылы ақын Олжас Сүлейменовтың «Жазу тілі» кітабы жарық көрді. Бұл еңбек зерттеушінің «1001 сөз» этимологиялық сөздігіне дайындық ретінде жазылды. Автор осы еңбекті жазарда алдына филология ғылымын жаңа сатыға көтеріп, олқылықтардың орнын толтыруды мақсат етіп қойған.

2005 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік таңбаларды пошталық төлемге енгізді. Бұл «Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына 10 жыл» номиналы бір, екі, үш, сегіз, он теңге, және «А» литерасымен (Қазақстан Республикасының аумағындағы жер бетіндегі көлікпен салмағы 20 грамға дейін жай хатты жіберу тарифының номиналы) номиналы 50 және 65 теңге стандартты пошта маркалары. Безендірушісі - Игорь Макиенко.

2005 жылы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде қазақтың алғашқы кәсіби журналистикасы мен баспасөзінің негізін қалаушылар - Алаш ардақтылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтың мүсін-барельефінің ашылу рәсімі өтті.

2008 жылы Павлодарда талантты спортшы және педагог, Қазақстанның үздік жаттықтырушыларының бірі Батырбек Сейсенбаевқа арналған мемориалдық тақта орнатылды. КСРО-ның спорт шебері, бүкілодақтық дәрежедегі судья, дзюдо, самбо және қазақ күресінен жүзден астам шеберді дайындаған. Батырбек Сейсенбаевтың жігерлілігінің және оның шәкірттерінің халықаралық спорт алаңдарындағы нәтижелерінің арқасында, 1985 жылы Павлодарда дзюдо күресі бойынша «Батыр» Олимпиадалық қорының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ашылды.

2010 жылы Бейбітшілік және келісім сарайында бірегей фотокөрме ашылды. Қазақстанда алғаш рет осы көрмеде 1500-2000 жыл өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыздың суреттері ұсынылды.

2010 жылы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. «Достық» ордені жаһандық деңгейдегі бейбітшілікті, әлеуметтік әділеттілікті және тұрақты дамуды ілгерлетуге айырықша үлес қосқаны үшін беріледі.

2012 жылы танымал қазақстандық спортшы Асхат Қаратабанов халықаралық экспедиция құрамында Солтүстік полюсте болып, мұзды аймақтың аспанында қазақ елінің көк байрағын желбіретті. Олар Солтүстік полюсті бағындырғаннан кейін Норвегияның Шпицберген архипелагындағы Лонгиир қаласы арқылы Мәскеуге жетті.

2014 жылы Ұлыбританиядағы Қазақ әдебиетінің апталығы аясында белгілі қазақ драматургі Дулат Исабековтің «Өкпек жолаушы» атты пьесасы Лондон театрында сахналанды.

2016 жылы Түркияның Эрзурум қаласыда Ататүрік атындағы университеттің ректоры, профессор Хикмет Кочак ақын, түркі әлемінің танымал қоғам қайраткері, «Мәдениет» қорының президенті Олжас Сүлейменовке университеттің құрметті докторы атағын берді.

Бұл атақ оған мәдениетаралық диалогты дамытуға, халықтар достығын нығайтуға сіңірген еңбегі және түркітану саласындағы көпжылдық жемісті зерттеулері үшін берілді.

2021 жылы жыр алыбы Жамбылдың мажар тіліндегі тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Ұлы дала жыршысының 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көріп отырған «Жамбыл жырлары – Dzsambul muvei» жинағы қазақ-мажар тілдерінде салыстырмалы тәртіппен берілген өлеңдермен қатар, мазмұнды зерттеу мақалаларды да қамтыған.

2021 жылы әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников калибрленген тағаны жылдамдыққа июден рекорд орнатты. Спортшының рекордын Гиннес рекордтар кітабының Қазақстандағы тіркеуші қызметкері тіркеп, ресми түрде бекітті.

2021 жылы Мәдениет пен ғылым саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары аясында Әзербайжанның ғылым академиясындағы Орталық ғылыми кітапханасында «Қазақ әдебиеті апталығы» ашылды.

2022 жылы Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ғарыш. Ғарышкерлер. Қарағанды - ғарыш айлағы» көрмесі өтті. Онда тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің сөйлеген сөзі жазылған жазба, ғарышкерлердің қолтаңбасы қойылған фотосуреттер және ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақстандық Тоқтар Әубәкіровтің әскери формасы қойылған.

2023 жылы Қазақстан Республикасының 4-ші қысқы жасөспірімдер ойындары аяқталды, оған Қазақстанның 20 облысынан командалар қатысты. Жарыста алматылықтар жеңіске жетті. Жарыстар барлық облыстарда өтті. Командалар спорттың 11 түрінен: шаңғымен секіру, керлинг (4 пән), қыздар арасындағы шайбалы хоккей, ұлдар арасындағы шайбалы хоккей, биатлон, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек, фристайл акробатика, фристайл могулы бойынша сынға түсті.

2024 жылы Қарағанды ​​облысы Шет ауданы Жұмыскер ауылының 83 жастағы тұрғыны Тиыштық Мұхамедиярова 32 мыңнан астам қой қырқыпты. Малдан жүн қырқу бойынша рекордсмен жасына қарамастан қырқымды жаңадан бастағандарға шеберлік сабақтарын өткізіп жүр.

2025 жылы Швейцарияның Айроло қаласында фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы аяқталды. Қазақстандық Дінмұхамед Райымқұлов онда екі медаль жеңіп алды: күміс және алтын. Соңғы өнер көрсетуінде Райымқұлов 96,58 балл жинады.

2025 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-27» басқарылатын ғарыш кемесін тасымалдайтын «Союз-2.1а» зымыран тасығыш сәтті ұшырылды. Ұшыру Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылды. Естелік белгілері бар зымыранға «Жеңіс зымыраны» атауы берілді. Бортта «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий, сондай-ақ NASA ғарышкері Джонатан Ким болды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 07:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see122

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see120

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see120

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see117

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see116

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see116

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see115

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see114

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see112

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

19 Тамыз 2026 14:39see112

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see111

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see111

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see111

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see111

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see110

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see110

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

19 Тамыз 2026 12:29see110

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see109

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see109

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

19 Тамыз 2026 12:01see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары