Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

240 миллион теңгенің даулы ойынын ҰҚК мен ЭТД тексеріп жатыр

240 миллион теңгенің даулы ойынын ҰҚК мен ЭТД тексеріп жатыр

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеуіне 240 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған Steppe Rider видеоойынын тексеруді бастады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен брифингте ведомство басшысы Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрге "ведомствоның жоба нәтижесіне көңілі тола ма және дайын ойынның бастапқы техникалық талаптарға сәйкестігі тексерілді ме?" - деген сұрақ қойылды.

"Аталған дерек бойынша біз ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мен Астана бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тексеріс жүргізу туралы сауал жолдадық. Бұған өзіміз бастамашы болдық", - деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта тексеріс шаралары жалғасып жатыр.

"Одан әрі, бәлкім, сот тәртібімен немесе әкімшілік іс жүргізу аясында қандай да бір шешім қабылданады. Бұл - тексеруші органдардың құзырындағы шаруа. Тиісті сауалды өзіміз дайындап, жолдадық", - деді ол.

Бұл ретте министр ведомствоның әзірлеме нәтижесіне қатысты пікірін және шыққан ойынның техникалық ерекшеліктердегі барлық тармаққа сәйкестігі туралы сұраққа нақты жауап бермеді.

Steppe Rider ойыны туралы не белгілі?

2025 жылдың наурызында Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақ тілін үйренуге арналған балалар компьютерлік ойынын әзірлеуге конкурс жариялаған болатын. Жобаға шамамен 242 миллион теңге жұмсау жоспарланған еді. Сәуірде министрлік "United Kingdom" ЖШС-мен 239,8 миллион теңгеге келісімшарт жасады. Соңғы мәліметке сәйкес, мердігерге шартта көрсетілген барлық сома төленген.

Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, мемлекет қадамдық стратегия немесе RPG жанрындағы білім беру ойынын алуды көздеген. Онда сюжет, диалогтар, миссиялар, түрлі локация, ілгерілеу жүйесі және қазақ тілін үйренуге арналған тапсырмалар болуы тиіс еді.

Алайда 2025 жылдың желтоқсанында пайдаланушыларға раннер жанрындағы Steppe Rider ұсынылды. Онда ойыншы үш жолақпен қозғалып, кедергілерден өтетін және әріптерді жинап, қазақша сөздер құрайтын кейіпкерді басқарады.

Ойын индустриясының мамандары дайын өнімде бастапқы техникалық тапсырмада көрсетілген көптеген элемент жоқ екеніне назар аударды. Атап айтқанда, сарапшылар толыққанды сюжетті, пысықталған диалогтарды, әртүрлі локация және тіл үйретудің жүйелі әдістемесін таба алмады.

Бұл ретте Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті бұған дейін дайын ойынның техникалық ерекшеліктерге сәйкес келетінін мәлімдеген болатын.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 13:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары