32 адамды алдап, 28 млн теңгені қолды қылған қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Албаниядағы елшілігінің қолдауымен бірнеше рет алаяқтық жасаған азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден экстрадициялады.
"Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және жоғарғы оқу орындарына түсу бойынша қызметтер көрсету туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқан", - делінген хабарламада.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатынан айырылды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Ол 2025 жылдың мамыр айында Албанияда ұсталып, Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 10:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















