Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

500 автобус көмектеспеді ме? Алматылықтар лық толы көлікке шағымданды

500 автобус көмектеспеді ме? Алматылықтар лық толы көлікке шағымданды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Оқу жылы басталғанда желіге қосымша 500 автобус шыққанына қарамастан, алматылықтар қоғамдық көліктің лық толы болуына шағымданып жатыр. Бұл мәселе әсіресе қарбалас уақытта қатты сезіледі. Tengrinews.kz әкімдіктен неге кейбір бағыттарда әлі де жүктеменің жоғары болып отырғанын сұрап білді.

"Автобустар лық толы": алматылықтар неге шағымданады?

Желіде Алматы тұрғындары қоғамдық көліктің толы болуына шағымданып жатыр. Қала тұрғындарының бірі Шұғыла шағынауданындағы таңертеңгі жағдайды айтып берді.

Оның сөзінше, таңғы сағат 7:10 шамасында Бауыржан Момышұлы метро бекеті бағытындағы автобустар лық толып келеді. Олардың арасындағы қысқа интервал да жағдайды түзеп отырған жоқ.

"Бекет бағытындағы барлық автобус лық толы. 3–5 минуттық интервал жағдайды реттеуге жетпейді. Одан кейін Б. Момышұлы бекеті, 3 минуттық интервал, ол да мәселесі шешпейді. Алматы әкімдігі, иә, жаңа қасбеттер мен жаяу жүргінші аймақтары өте керемет, бірақ инфрақұрылыммен де айналысыңыздаршы", – деп жазды Алматы тұрғыны.

Threads қолданушысы @zhanna_rakhmet-тің фотосы

Сонымен қатар ол лық толы көлікпен қатынауға мәжбүр мектеп оқушыларына назар аударып, оларға бөлек тасымал ұйымдастыруды ұсынды.

Threads қолданушысы @zhanna_rakhmet-тің видеосынан кадрлар

"Автобуста тұрудың өзі қиын"

Басқа қолданушылар да осыған ұқсас жағдайларды айтты. Олардың сөзінше, қарбалас уақытта кейбір автобустарға кіру мүмкін емес.

"Автобустар санын көбейтіңіздер. Бұрын еркін отыру мүмкін болмаса, қазір тіпті тұрудың өзі қиын", – деп жазды қолданушылардың бірі.

Threads желісіндегі жазбалардың скриншоты

Жазбалар астындағы пікірлерде қолданушылар жолаушылардың көптігінен телефон арқылы жолақысын төлеудің өзі қиындап кеткенін атап өтті.

Threads қолданушысы @zhanna_rakhmet-тің видеосынан кадрлар

Автобустар неге әлі де лық толы?

Әкімдік жоғары жүктемені оқу жылының басталуымен және жолаушылар ағынының, оның ішінде студенттер есебінен артуымен түсіндірді.

"Қазіргі уақытта жолаушылар ағынының айтарлықтай өсуі байқалады, бұл соның ішінде студенттер санының артуына байланысты, нәтижесінде кейбір бағыттарда қоғамдық көлікке жүктеме артты", – деп хабарлады әкімдік.

Қосымша 500 автобус көмектеспей ме?

Алматы билігі қоғамдық көлікті көбейту жоспары туралы 31 тамызда хабарлаған болатын. Сол кезде әкімдік оқу жылының алғашқы екі аптасында 3 200 автобусқа резервтен тағы 500-ге жуық көлік қосылатынын айтқан.

Әкімдік Tengrinews.kz-ке қосымша 500 автобус желіге шыққанын растады.

"500 автобус қосылды, олардың барлығы қазір желіде. Бүгінде 3 700 автобус бар: оның 3 200-і тұрақты жұмыс істейді, тағы 500-і қыркүйектің алғашқы екі аптасында қосымша қызмет көрсетеді", – деп нақтылады әкімдік өкілдері.

Дегенмен, кейбір бағыттар әлі де лық толы. Әкімдік мұндай учаскелер қатарына метроның соңғы бекеттері маңындағы аудандарды, соның ішінде "Бауыржан Момышұлы" және "Сайран" бекеттерін жатқызды. Әсіресе таңертеңгі және кешкі уақытта жүктеме өте жоғары.

Әкімдік тасымалдаушылармен бірге жүктеме көп түсетін маршруттарда автобустар санын арттыруды және қозғалыс интервалын түзетуді жалғастыратынын жеткізді.

Алматы қыркүйектегі жүктемеге қалай дайындалды?

Бұған дейін әкімдік оқу жылы басталғанда Алматы жолдары мен қоғамдық көлікке түсетін жүктеме айтарлықтай артатынын ескерткен болатын. Қосымша 500 автобустан бөлек, билік метро пойыздары санын 11-ден 13-ке дейін көбейтіп, таңертеңгі қарбалас уақыттағы интервалды үш минутқа дейін қысқартты.

Сонымен қатар, 1-5 қыркүйек аралығында әкімдік қызметкерлерінің бір бөлігі қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылды, ал ірі компаниялар мен банктерге қызметкерлерді уақытша қашықтан оқыту форматына көшіру немесе жұмыс күнінің икемді басталу уақытын енгізу ұсынылды. Алматылықтарға мүмкіндігінше жеке көліктен бас тартып, қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес берілді.

Тағы оқыңыз: Қашықтан жұмыс істеу және қосымша автобустар: 1 қыркүйекте Алматыны не күтіп тұр?

Алматылықтар 1 қыркүйектегі лық толы метро кадрларын көрсетті

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 17:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары