Автобус лық толы: Көкшетауда ата аналар қоғамдық көлік санын ұлғайтуды сұрады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Көкшетауда №20 мектеп оқушыларының ата-аналары қоғамдық көлік мәселесін шешуді сұрады.
Әлеуметтік желіде автобусқа сыймай жатқан оқушылардың видеосы тарап кетті. Ата-аналардың айтуынша, автобустардың лық толы болғаны соншалық, оқушылар бірден мініп кете алмайды. Әзірге ауа райы аялдамада тұрып, келесі автобусты күтуге мүмкіндік береді. Алайда күн суытып, қыс түскен кезде автобусты күту мектеп оқушылары үшін үлкен мәселеге айналуы мүмкін.
Ата-аналар бұл жағдайға назар аударып, мәселенің шешімін табуды сұрайды. Олар балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды ұйымдастыруды немесе қарбалас уақытта қоғамдық көлік рейстерінің санын көбейтуді ұсынды.
Жарияланымға Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі пікір білдірді.
"Қоғамдық көлік санын биылғы жылдың 15 қыркүйегіне дейін көбейту мәселесі бойынша ұйымға тиісті хабарлама жолданады", - деді олар.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 18:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















