500 мың теңгеге қуыршақ сатқан қазақстандық полиция назарына түсті
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде 500 мың теңгеге қуыршақ сатылатыны туралы таралған хабарландыру қолданушылар арасында күмән туғызды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кейбір желі қолданушылары оның астарында жаңа туған нәрестені сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Осыған байланысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп, жарияланым авторын анықтады.
Полиция мәліметінше, хабарландыруды психоневрологиялық есепте тұрған ер адам жариялаған. Тексеру барысында оның адам саудасына, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы барын растайтын деректер анықталған жоқ.
Осылайша, әлеуметтік желіде тараған баланы сату туралы болжам расталмады. Хабарландыруда шын мәнінде қуыршақ сату туралы айтылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Тамыз 2026 13:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















