Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Футбол матчынан кейінгі видео қазақстандыққа 86 500 теңгеге түсті

Футбол матчынан кейінгі видео қазақстандыққа 86 500 теңгеге түсті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақтөбе облысында TikTok пен Instagram-да видео жариялаған 27 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция бұл ролик қоғамдық әдеп және мінез-құлық нормаларын бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Life.

Ведомство мәліметінше, жазба 8 шілдеде жарияланды, ал айыппұл көлемі 20 АЕК - 86 500 теңге болды.

Не болды?

Полиция ақпаратына сәйкес, қызметкерлер TikTok пен Instagram-да олардың бағалауы бойынша "қоғамдық әдеп және мінез-құлық нормаларын өрескел бұзатын" бейнероликті анықтаған.

Тексеру барысында жазба авторы Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғыны Қолдас Қойшығараев екені анықталды. Полиция ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК немесе 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады.

Бұл ретте ер адамның роликтегі қай сөзі немесе әрекеті жауапқа тартуға негіз болғаны нақтыланбаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары нені есте сақтауы керек?

Ведомство әлеуметтік желілердегі жарияланымдар құқықтық алаңнан тыс емес екенін атап өтті.

"Әлеуметтік желілер - жалпыға қолжетімді қоғамдық кеңістік. Сондықтан пайдаланушылардың әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары толықтай қолданылады», - деп мәлімдеді полиция.

Бұған дейін ІІМ бүкіл ел бойынша 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған болатын.

Ведомство мәліметінше, тікелей эфир кезінде кейбір авторлар балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге адамдарды қорлаған.

"Қаралым, лүпіл және донат қуған олар балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге адамдардың намысына тиген. Мұндай контенттің күн сайын қалың аудиторияға, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қолжетімді болуы ерекше алаңдаушылық тудырады", - деп түсіндірді ІІМ өкілдері.

Осы жұмыс аясында Қазақстанның түрлі өңірінде тікелей эфир авторлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкентте 48 жастағы Ербол Дүйсенбаев TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер қолданған. Сот оны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Талдықорғанда 44 жастағы Гүлмира Қасенова TikTok эфирінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол бұған дейін де осындай заңбұзушылық үшін жауапқа тартылған болатын. Бұл жолы сот оған әкімшілік айыппұл салды.

Павлодарда 26 жастағы Аслан Амантаев тікелей трансляция кезінде көлік тізгіндеп отырып, қауіпсіздік белдігін тақпаған және балағат сөздер айтқан. Сот оны 20 тәулікке қамауға алды.

Тағы бір оқиға Түркістанда болды. Әлеуметтік желілерде bayan_kyz, fatima.sh0000 және fatima_s003 никнеймдерімен танымал Баян Шанкеева жауапкершілікке тартылды. ІІМ мәліметінше, ол тікелей эфирлер кезінде балағат сөздер қолданып, агрессивті мінез-құлық көрсеткен. Оған әкімшілік айыппұл салынды.

ІІМ бұған дейін профилактикалық мақсатта треш-стримерлердің есімдерін жариялайтынын мәлімдеген. Ведомство әлеуметтік желілердегі анонимділік пайдаланушыларды жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.

Тағы оқыңыз: “Есімдерін жариялаймыз“: Қазақстанда интернет треш-стримерлерден “тазартылып“ жатыр

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 17:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары