Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Тәуелсіздікке бастар жол

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

61 жыл өтті: Таңдай ауылының жанындағы апатты ұңғыма әлі күнге дейін жойылмаған

61 жыл өтті: Таңдай ауылының жанындағы апатты ұңғыма әлі күнге дейін жойылмаған

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Атырау облысы Махамбет ауданында ескі ұңғыманың жанынан құстың өлексесі табылды.

Әлеуметтік желіде Таңдай ауылына жақын жерден түсірілген бейнежазба тарады. Кадрлардан жағасында құстың өлексесі жатқан қою майлы сұйықтыққа толы су айдынын көруге болады. Жазбаға қарағанда, олардың кейбірі осы сұйықтыққа бөккен. Бейнежазба авторы бұл ластану құстардың қозғалуына кедергі келтіріп, қырылып қалуына себеп болуы мүмкін деп болжайды. Десек те, сұйықтықтың құрамы мен құстардың қырылу себебі әлі анықталған жоқ.

«АЖ» бұл бейнежазбаны Атырау облысы бойынша экология департаментіне жолдады. Редакцияның сауалына жауап ретінде Жайық учаскесіндегі тарихы бірнеше онжылдыққа созылған K-30J апатты ұңғымасы туралы ақпарат берілді.

Ұңғыма бар, бірақ құжаты жоқ

K-30J ұңғымасы сонау 1965 жылы бұрғыланған. Кейін ол Атырау облысының экологиялық мәселелері тізіліміне енгізілді. Дегенмен, бүгінде нысанның нақты техникалық сипаттамасын анықтау қиынға соғып тұр, өйткені қолжетімді архивтерде бастапқы құжаттар сақталмаған.

«Архивтерде ұңғыма бойынша бастапқы геологиялық-техникалық және атқарушылық құжаттаманың болмауы оның конструкциясын, тереңдігін, технихалық жай-үйін және сұйықтықтың келу сипаттамасын нақты анықтауға мүмкіндік бермей отыр», – деп хабарлады экология департаментінен.

Қазір Жайық учаскесі бұрын «TUMAR PETROL» ЖШС деп аталған «TUMAR I-Energy» ЖШС пайдалануында. Көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшартқа компания 2022 жылғы 8 қарашада қол қойған.

Келісімшарт жасалғаннан кейін Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыға учаскеде апатты ұңғыманың бар екенін хабарлады. Бұл ретте экологтардың жауабынан белгілі болғандай, компанияға берілген материалдарда да, аукциондық құжаттамада да ол туралы, оның апатты жағдайы мен оған қатысты міндеттемелер жайлы ешқандай мәлімет болмаған.

Осылайша, бұрынғы апаттың салдарынан арылуға кім жауапты деген сұрақ туындады. Департаменттегілер жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелер заңнамаға сәйкес жауапты жер қойнауын пайдаланушы тарапынан орындалуы тиіс екенін түсіндірді. Бұл ретте бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері туралы мәселе бұрын қолданыста болған келісімшарт шарттары мен учаскені тапсыру-қабылдау құжаттарын ескере отырып қарастырылуы қажет.

Жоюға тырысқанымен нәтиже шықпады

Энергетика министрлігі бұған дейін ұңғыманы жою үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындаған, алайда іс жұмыстарды орындауға дейін жетпеді.

2013–2015 жылдары «Эмбамұнайгаз» АҚ мәселені шешуге әрекеттеніп көреді. Мамандар ескі ұңғыманың аузын іздеп, котлованнан сұйықтықты сорып алуға және апатты жою үшін көлбеу бағытталған дублер-ұңғыма бұрғылауға тырысты. Бірақ жұмыстарды аяқтау мүмкін болмады.

Кейін жергілікті әкімдік адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларына қауіп төнгендіктен, компаниядан қауіпті аумақты қоршап беруді сұрады. Қоршау орнатылды.

Компанияның бағалауынша, бұл қоршау 2024 жылғы су тасқыны кезінде құрамында көмірсутек бар сұйықтықтың қоршаған ортаға таралу қаупін азайтуға да ықпал еткен.

Алты ай бақылау жүргізу ұсынылды

2026 жылғы 26 шілдеде «TUMAR I-Energy» ЖШС Энергетика министрлігіне дайындық және инженерлік-іздестіру жұмыстарын келісу туралы ұсыныс білдірді.

Компания котлованнан сұйықтықтың құрамын, көлемін және қайта келу сипатын анықтау үшін бақыланатын бақылау-диагностикалық сорып алуды жүргізуді ұсынады. Сорып алынған сұйықтықты герметикалық ыдыстарға жинау, ал нысанның жай-күйіне аспаптық бақылау жүргізу жоспарланып отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, мониторинг алты айға дейін созылуы мүмкін. Жұмыстарды жүргізудің нақты шарттары мен қажетті қауіпсіздік шараларын мамандандырылған ұйым анықтап, кейін белгіленген тәртіппен келісілуі тиіс.

Экология департаментіндегілер зерттеу жүргізу қажеттігін шынайы технихалық деректерсіз апатты жоюдың қауіпсіз әдісін таңдау мүмкін емес деп түсіндіреді. Жою жұмыстары өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, техникалық негізделген жоба негізінде жүргізілуі тиіс.

Бұл ретте сұйықтықтың тек сыртқы түріне қарап, оның құрамын, көзін және келу қарқынын нақты анықтау мүмкін емес.
Тексеруден кейін компания ұңғыманы жою бойынша ұсыныстар дайындап, оны уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынуды жоспарлап отыр.

«АЖ» бұл туралы осыдан 13 жыл бұрын жазған 

Біздің редакция үшін Таңдай түбіндегі ұңғыма хикаясы таңсық емес. 2013–2014 жылдары «АЖ» бұл мәселені көтерген болатын, ол кезде де жағдай дәл осындай еді.

Ауылдан шамамен бір жарым шақырым жерде, ескі бұрғылау қондырғысының орнында мұнайға ұқсас сұйықтыққа толған котлован болды (суретте). Жергілікті тұрғындар мұнда бұрғылау жұмыстары 1960 жылдардың аяғында басталып, кейін тоқтатылғанын айтқан еді. Уақыт өте келе су айдыны пайда болып, ол ауыл тұрғындарының, ең алдымен, төрт түлікке төнетін қауіпке байланысты алаңдаушылығын туғызды.

Бақсай ауылдық округінің сол кездегі әкімі Жұмабай Бисенов «АЖ» тілшісіне нысанның бұған дейін «КаспианЛиман-Ойл» ЖШС-не берілгенін, кейін оған деген құқық Исатай ауданының тұрғындарының біріне өткенін айтқан болатын.

Оның айтуынша, сонау 2007 жылы су айдынының айналасында топырақ үйіндісі жасалып, қоршау орнатылғанымен, уақыт өте келе қорғаныс құрылыстары бұзылған.

2014 жылы Бисенов редакцияға қоршауға қатысты қиындық туралы қайта хабарлады. Оның айтуынша, «Ембімұнайгаз» АҚ қоршау орнатқанымен, кейін оны қайта алып тастаған. 

«ҚазМұнайГаз» АҚ жұмысшылары оны жер қазу жұмыстарын жүргізу үшін алып тастады-ау деймін, дәлірек айта алмаймын. Осы мәселе бойынша мен жүгінген құзырлы органдар егер мұнда жоспарланған жұмыстар жүргізілмесе, шұңқырға топырақ төгіледі немесе қоршалады деп сендірді», – деген еді ол кезде әкім.

Бұл мақала жарияланғаннан кейін он екі жыл өтсе де, Таңдайдың жанында майлы сұйықтыққа толған шұңқыр әлі жатыр. Өткен онжылдықтарда апатты жою үшін жобалар жасалды, ұңғыманың аузына жетуге де әрекеттер болды, бірақ істі соңына дейін жеткізе алмады. Енді жоюдың қауіпсіз әдісін ғана емес, бұл жұмыстарды жүргізуге кім жауапты екенін де анықтау қажет.

Айнұр САПАРОВА

Сурет «АЖ» мұрағатынан

Бүгін, 17:25

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:22
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 20:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see151

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see136

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see130

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see129

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see125

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see125

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see124

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see120

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see118

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see118

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see118

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see117

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see117

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see117

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see117

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see115

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see113

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see112

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see111

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

22 Қазан 2026 22:30see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары