Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Тәуелсіздікке бастар жол

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Әнші Жазира Байырбекова ұшағын сатылымға шығарды

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

Мемлекет басшысының атынан Халық Кеңесінің Төрағасы мемлекеттік наградаларды табыстады

Мемлекет басшысының атынан Халық Кеңесінің Төрағасы мемлекеттік наградаларды табыстады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан бірқатар қазақстандыққа мемлекеттік награда тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осы күні Халық Кеңесі жанынан құрылған «Бірлік» қоғамдық тобының алғашқы отырысы да өтті. Бұл алаң конституциялық органның құрамына енбеген, еліміздің барлық өңіріндегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерін біріктірді.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов Республика күнінің тарихи маңызын атап өтіп, 25 қазанның егемен Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін еске салды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Республика күні ұлттық мереке мәртебесін қайта алды. Бұл шешім еліміздің дамуындағы жаңа кезеңмен сабақтасты. Егемендігіміздің бастауына жаңаша қарап, оның қадірін тереңірек түсінуге жол ашты», – деді Ерлан Қошанов.

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктеріне тоқталып, Қазақстанның халықаралық беделінің нығайғанын және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижелерін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан жаһандық мәселелерді шешуге белсенді қатысатын орта держава ретінде танылды.

Соңғы жеті жылда еліміздің экономикасына 155 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың долларға жетті. Осы кезеңде 118 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 36,3 мың шақырым автомобиль жолы салынып, жөндеуден өтті. 1300-ден астам мектеп, 1483 балабақша және 1259 медициналық мекеме ашылды. 2024 жылы Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанға өз тарихындағы ең жоғары кредиттік рейтингті «Тұрақты» болжамымен берді. Бұл рейтинг биыл да расталды.

Мемлекеттің дамуындағы құндылықтық негіздер туралы айта келе, Ерлан Қошанов қоғамдық келісімді нығайтуда маңызды бағдар болып саналатын Мемлекет басшысының «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатына назар аударды.

«Бірлік дегеніміз – әртүрлі бола отырып, бір-біріміздің тарихымызды құрметтеу және еліміздің болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну. Бұл бірлікті одан әрі нығайтып, еліміздің ынтымағын арттыру үшін ортақ адамгершілік құндылықтарға сүйену маңызды», – деді Ерлан Қошанов.

Халық Кеңесінің Төрағасының айтуынша, бұл құндылықтар Мемлекет басшысының заңға құрмет, әділдік және ел болашағы үшін жауапкершілік қағидаттарына негізделген «Заң және тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бастамаларымен үндеседі.

Одан әрі Ерлан Қошанов этномәдени бірлестіктердің қоғамдық сенімді нығайтуға, этносаралық келісімді сақтауға және Президент бастамаларын ілгерілетуге қосып отырған үлесіне назар аударды. Оның айтуынша, Халық Кеңесі жанынан құрылған «Бірлік» тобы өзара іс-қимылды кеңейтіп, бірлестіктер өкілдерін жалпыұлттық мәселелерді талқылау үдерісіне белсендірек тартуға мүмкіндік береді.

«Сіздер Халық Кеңесінің құрылуымен этносаралық келісім мәселелеріне ғана емес, жалпыұлттық міндеттерді шешуге де белсенді қатысуға мүмкіндік аласыздар. Бастамалар көтеріп, халықты толғандыратын мәселелерді ортаға салып, бүкіл ел үшін маңызды шешімдерді талқылауға қатысасыздар. Біз «Бірлік» тобын дәл осы мақсатта құрып отырмыз», – деді Ерлан Қошанов.

Топтың үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі – этномәдени бірлестіктердің халықпен жұмыс істеу тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуы. Екіншісі – жастар бастамаларын қолдау және жас ұрпақты қоғамдық өмірге белсенді тарту. Үшіншісі – әлеуметтік желілер мен ақпараттық жобалар арқылы бірлік пен келісім идеяларын ілгерілету.

Жиында Ерлан Қошанов ұлық мереке қарсаңында елге еңбегі сіңген азаматтарға құрмет көрсету жақсы дәстүр екенін, бұның Республика күні қарсаңында ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірқатар отандастарымызға жоғары мемлекеттік наградалар табыс етті. Марапатталғандардың арасында біздің әріптестеріміз де бар. Бірқатары марапатын Президенттің қолынан алды. Баршаңызды осы қуанышпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ел игілігі жолындағы адал еңбектеріңізге берілген жоғары баға», – деді.

Президенттің атынан Ерлан Қошанов белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық-саяси саладағы жемісті еңбегі үшін азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:48
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 20:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see151

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see136

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see130

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see129

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see125

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see125

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see123

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see120

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see118

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see118

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see118

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see117

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see117

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see117

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see117

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see115

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see113

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see110

Әнші Жазира Байырбекова ұшағын сатылымға шығарды

21 Қазан 2026 22:37see109

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

22 Қазан 2026 22:30see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары