Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

70 жылдан астам тарихы бар Үрімшідегі балабақшада баланы қалай тәрбиелейді?

70 жылдан астам тарихы бар Үрімшідегі балабақшада баланы қалай тәрбиелейді?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қытайдың Үрімші қаласындағы «Қызыл ту» балабақшасына кірген сәттен-ақ мұнда баланың күнделікті өмірі мен тәрбиесі бір-бірінен бөлек қарастырылмайтынын аңғарасыз. Бірі ойнап жүр, бірі сурет салып, енді бірі жаңа дүниені өз қолымен жасап көруге талпынып жатыр. Мұнда түрлі этнос өкілдерінің балалары бірге тәрбиеленіп, білім алады, дәстүрлі мәдениетпен танысады. Ал тәрбиешілер баланың өздігінен ізденіп, тәжірибе арқылы үйренуіне жағдай жасауға мән береді. 1949 жылы құрылған бұл балабақша бүгінде Үрімшідегі ғана емес, бүкіл Шыңжаңдағы мектепке дейінгі білім берудің озық тәжірибесін көрсететін орталықтардың біріне айналған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Үрімшідегі «Қызыл ту» балабақшасының тарихы 1949 жылдан басталады. Оның іргетасы Қытай Халық Республикасы құрылған жылмен тұспа-тұс қаланған. Алғашында мекеме Дихуа қаласындағы Екінші қыздар орта мектебінің жанынан ашылып, балаларды тәрбиелеу орталығы ретінде жұмыс істеді. Ал 1960 жылы балабақшаға қазіргі «Қызыл ту» атауы берілді.

Бүгінде мекеме Үрімші қаласы Тяньшань ауданы білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі мемлекеттік ұйым ретінде жұмыс істейді. Жетпіс жылдан астам уақыт ішінде мұнда талай буын тәрбиеленіп, балабақшаның өзіндік дәстүрі мен тәжірибесі қалыптасты.  Мұнда қазір 12 оқу тобы жұмыс істейді. Балабақшада жалпы саны 403 бала тәрбиеленіп жатыр.

Түрлі этностың балалары бірге тәрбиеленеді

«Қызыл ту» балабақшасының басты ерекшелігі – мұнда әртүрлі этнос өкілдерінің балалары бірге тәрбиеленеді.

Мұнда ұйғыр, хань, хуай, қазақ, моңғол, өзбек, қырғыз және басқа да этнос өкілдерінің балалары бар. Бүлдіршіндер бірге ойнап, бір топта білім алып, күнделікті өмірде араласып өседі.

Бірге ойнап, ойыншықтарын бөлісу, бір-біріне қол ұшын беріп, ортақ іске жұмылу қарапайым көрінгенімен, бала кезден қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Сондықтан балабақшада түрлі этнос өкілдері арасындағы татулықты сабақ барысында түсіндіруге ғана емес, бұл әдетті балаларға күнделікті өмірде сіңіруге басымдық беріледі.

Этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған жұмысы үшін «Қызыл ту» балабақшасы Шыңжаң автономиялық ауданында бірнеше рет озық ұйым ретінде марапатталып, «үлгілі мекеме» атағын алған.

Ұлттық мәдениет күнделікті тәжірибеге енгізілген

«Қызыл ту» балабақшасындағы тәрбие жұмысында жергілікті мәдениет пен өнер өзара сабақтасқан. Балабақшада Шыңжаңның жергілікті мәдениеті мен өнеріне қатысты элементтер оқу-тәрбие жұмысына енгізілген. Үлкен топтағы балалар жергілікті қолөнер, бейнелеу және сәулет өнерінің ерекшелігімен ерте жастан танысады.

Баланың өнерді тек дайын сурет арқылы емес, өзі жасап көру арқылы меңгеруіне басымдық берілген. Сонымен қатар дәстүрлі қытай мәдениетін меңгеруге де көңіл бөлінген. Балабақшада Бейжің операсы, дәстүрлі мата бояу техникасы – чжа жань, гүл шайын дайындау сияқты шығармашылық және мәдени сабақтар ұйымдастырылады.

Осылайша мәдениет балаға құрғақ ақпарат ретінде емес, әрекет арқылы көрсетіледі. Балалар бәрін өзі жасап көріп, бояп, безендіреді, сахнада өнер көрсетіп, шай дайындау әдебін де үйренеді. Осы арқылы балалар мәдени құндылықтарды тәжірибе жүзінде  меңгереді.

Балалар ойнап жүріп үйренеді

Балабақшадағы маңызды ерекшелік – балалардың күнделікті әрекетін ұйымдастыру тәсілі. Мұнда басты назар баланың күнделікті уақытын қалай өткізетініне және сол ортаның қалай ұйымдастырылатынында.

Ғимараттағы топтар балалардың қызығушылығына қарай жабдықталған. Бірінде ойнауға, енді бірінде шығармашылықпен айналысуға, тағы бірінде белгілі бір дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік бар. Бала бір әрекеттен екіншісіне ауыса отырып, ойнап жүріп үйреніп, жаңа нәрсені өз бетінше байқап көреді.

Балабақшада баланың дамуын тек арнайы сабақпен шектеуге тырыспайды. Ойын, серуен, тамақтану, шығармашылық жұмыс, қатарластарымен араласу – бәрі де бала үшін тәжірибе жинайтын, жаңа нәрсе үйренетін кезең ретінде қарастырылады.

Бұл ұстаным тәрбиешілердің балалармен қарым-қатынасынан да байқалады. Баланың өз ойын білідіріп, қажет болған жағдайда бағыт көрсетіп, дұрыс шешімді өз бетінше қабылдауына мүмкіндік береді.

Ал серуен кезінде балалардың бірге ойнауына, ойыншықты бір-бірімен бөлісіп, ортақтаса әрекет етуіне көңііл бөлінеді. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау да күнделікті әдет ретінде қалыптасады. Балалар пайдаланған заттарын орнына қоюға, ортақ дүниені бүлдірмеуге, айналасын таза ұстауға үйренеді. Яғни тәртіпті талап етіп қана қоймай, оны баланың күнделікті әрекеті арқылы қалыптастыруға мән беріледі. 

Жетпіс жылдан астам тарихы бар балабақша

«Қызыл ту» балабақшасының жетпіс жылдан астам тарихы – оның ең басты ерекшелігінің бірі. Дегенмен балабақшаның бүгінгі жұмысын тек өткен тарихымен бағалау жеткіліксіз. Мұнда жылдар бойы қалыптасқан дәстүр заман талабына сай жаңа тәсілдермен ұштасып келеді.

Білім беру ұйымы Шыңжаңның өзіндік ерекшелігін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің өзіндік жолын қалыптастыруға ұмтылады. Түрлі этнос балаларының бір ортада тәрбиеленуі, жергілікті мәдениет пен өнердің оқу-тәрбие жұмысына енуі, дәстүрлі мәдениетпен танысуы және баланың өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік берілуі – осы тәжірибенің басты өзегі.

1949 жылы құрылған «Қызыл ту» балабақшасы арада жетпіс жылдан астам уақыт өтсе де әлі күнге дейін үздік білім беру ұйым ретінде қызмет етіп келеді. Себебі оның тәжірибесі бір ғана дәуірдің талабына емес, заманауи қоғамның қажеттілігіне бейімделе отырып, дамуға бағытталған.

Үрімшідегі бұл балабақшадан шығарда бір нәрсені анық байқадық: мектепке дейінгі білім беру дегеніміз – баланы мектепке дайындау ғана емес. Бұл кезең баланың әлемді алғаш танып, өзгелермен қарым-қатынас жасап, өз мәдениетін және өзгенің мәдениетін түсіне бастайтын кезеңі. «Қызыл ту» балабақшасының жетпіс жылдан астам тәжірибесі дәл осы қарапайым, бірақ аса маңызды қағиданы күнделікті өмірде қолдануға негізделген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:239
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 19:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары