Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

Петропавлдағы ғасырдан астам тарихы бар көне диірмен жаңғыртылады

Петропавлдағы ғасырдан астам тарихы бар көне диірмен жаңғыртылады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәліметінше, тарихи нысан 90 жылдардан бері жекеменшіктің қолында. Петропавлға инвестор келіп, ғимаратты сатып алды. Енді жоспар бойынша 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсап, биыл шілде айында мейрамхана-мейманхана кешенін пайдалануға бермек. 

Фото: СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

— Жоба аясында ғимараттың тарихи және сәулеттік келбеті толық сақталады. Қалпына келтіру жұмыстары барысында барлық құнды элементтер ұқыптылықпен жаңғыртылып, нысанның мәдени және тарихи маңызы сақталады. Реставрация аяқталғаннан кейін ғимарат жаңа тыныс алып, этно-мейрамхана-кофеханасы бар заманауи қонақүй кешеніне айналады. Жоба тұжырымдамасы Чикаго, Пекин, Мәскеу, Ташкент, Алматы (Көлсай көлі), Астана, Семей және Бурабай қалаларында ұсынылған табысты халықаралық франшиза негізінде әзірленген. Жобаны жүзеге асыру өңірдің туристік әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосып, тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау ісінде маңызды қадам болмақ, — дейді басқарма басшысы Досбол Әбдіриісов.

Өткен ғасырдың басында төрт диірмен жұмыс істесе, соның үшеуінің ғимараты бүгінге дейін жеткен. Соның бірі — осы көпес Поляковтың диірмені.

Фото: СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Петропавлдың шетінде орналасқан бұл ғимарат XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы шағын көпес қаласына тән жоспарлау үлгісін көрсетеді. 

Ғимарат көпес Иосиф Поляковтың бастамасымен салынған ұн тарту диірмені ретінде белгілі. 1905 жылы кірпіштен диірмен құрылысы басталып, 1907 жылы пайдалануға берілген. Кәсіпорын сол заманға сай неміс және швейцариялық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Фото: СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Кеңестік заманда ғимарат мемлекет меншігіне алынып, № 8 диірмен зауытының қарамағына берілді. 1948–1955 жылдары мұнда махорка фабрикасы жұмыс істеді. Кейін ғимарат № 2 тігін фабрикасына тапсырылып, ол кейіннен «Комсомолка» фабрикасымен біріктірілді. Осылайша нысан әр кезеңде өндірістік мақсатта пайдаланылып, қаланың экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарды.

Бастапқы жобасы бойынша ғимарат төрт қабатты, тікбұрышты пішіндегі кірпіштен салынған. Кейін оған көптеген қоймалық және қосалқы бөлмелер жалғанған екен. Іргетасы — кірпіштен қаланған, жабындары — ағаш арқалықтардан, шатыры — темірмен жабылған. Ұзын фасадтарында сопақша пішінді терезе ойықтары орналасқан.

Фото: СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Ал, өлкетанушылардың болжамынша, диірмен салынған аумақ бір кездері Уәли ханның иелігінде болған. Ол — қазақтың ұлы ғалымы әрі ағартушысы Шокан Уалихановтың атасы.
Ғимарат тарихи-мәдени ескерткіш ретінде мемлекет қорғауына алынған.

Бұған дейін Қазалыда ХХ ғасырда салынған су қыспақты мұнара әлі күнге жұмыс істеп тұрғанын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see153

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see145

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see142

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see141

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see138

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see123

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see120

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see119

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see118

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see117

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see114

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see111

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see110

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see109

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see108

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

28 Тамыз 2026 19:53see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары