Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Абай мұрасына арналған көрме ашылды

Абай мұрасына арналған көрме ашылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Хакім Абай мұрасы» атты тақырыптық-экспозициялық көрме ашылды. Тағылымды шара ұлы ойшылдың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрмені музей директорының міндетін атқарушы Сержан Саров ашып, ұлтымыздың рухани дүниесіндегі шоқтығы биік, қайталанбас туындылар қалдырған көрнекті ақынның шығармашылығы халқымыздың тағылымы мол, бай қазынасы екенін атап өтті.

Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, Жанғара Дәдебайұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Руда Зайкенқызы, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Бақытжан Меңлібекұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Ләйлә Мұсалы, Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени атташесі Хоссейн Ағазаде Абай мұрасы туралы пайымды пікір айтып, хакімнің рухани қазынасы мәңгілік таусылмайтын тақырып екенін тілге тиек етті. Ғалымдар Абай шығармаларын оқу, білу, тану, жаңғырту мен насихаттау тек қазақ халқының ғана емес, жалпы түркі дүниесінің тарихи борышы екеніне ерекше тоқталды.

Көрмеде Абай Құнанбайұлына қатысты қолжазбалар, кітап басылымдары және ол туралы жазылған шығармалар ұсынылды. Экспозицияда бүгінгі күні ғалымдар тарапынан Абайдың өз еңбегі деп танылған «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» атты бірегей туындысы, ақын шығармалары жинақталған Мүрсейіт Бікеұлының (1860–1917) қолжазбасы, Тұрағұл Абайұлының (1875–1934) «Қазақтың атақты ақыны Абай Құнанбайұлы» атты қолжазбасы, сондай-ақ Кәкітай мен Тұрағұл 1909 жылы Санкт-Петербургте бастырып шығарған «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай оғлының өлеңі» атты ерекше басылым көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар көрмеден ақынның бейбішесі Ділдәнің домбырасын, бүркітінің балдағы мен тоғызқұмалағын, інісі Ысқақтың бөрігін, кіші інісі Оспанның асырап алған қызы Мансураның камзолын, сондай-ақ ұрпағы Азат Әрхамұлы Ысқақов, Семейдегі Абайдың мемлекеттік қорық-музейі мен Ә.М. Жиреншин тараптарынан құрастырылған Абай әулеті мен туыстары жөніндегі шежірелерді және бірнеше тың тарихи фотосуреттерді көруге болады.

Көрмеде хакімнің әулеті, балалық шағы, қоршаған ортасы мен өмірбаянын таныстыратын арнайы стендтер, фотоматериалдар мен мұрағат құжаттары қойылған. Атап айтқанда, Абайдың ұлы Мағауияға 1896 жылы жазған хаты, ақынның өз қолы қойылған құжаттар, 1903 жылы берілген мінездеме, өмір деректеріне қатысты көшірмелер, кітаптар және ақын дәуірінің келбетін бейнелейтін жәдігерлер ерекше орын алды.

"Абайдың өмірі мен мұрасы кейінгі ұрпақ үшін әділеттілік пен адамгершіліктің, асқақ рух пен кемел парасаттылықтың жарқын үлгісі болып қала бермек. Оның ар ілімінде, қара сөздерінде адамша өмір сүрудің үлгі-өнегесі жатыр",- дейді Сержан Саров.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:219
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 21:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары