Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Атбасардағы музейде Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен мұрасына арналған көрме ашылды

Атбасардағы музейде Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен мұрасына арналған көрме ашылды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Экспозицияда ХХ ғасырдың күрделі кезеңдерінен аман қалған бірегей музей жәдігерлері ұсынылды. Олардың ішінде Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары, тұрмыстық бұйымдары, сирек кітаптары, тарихи құжаттары, фотосуреттері және әдеби мұрасына қатысты материалдар бар. Бұл экспонаттар арқылы келушілер ақынның тұлғасын нақты деректер негізінде танып, оның өмір сүрген дәуірінің тарихи-әлеуметтік жағдайын тереңірек түсінді.

Көрме үш негізгі бөлімнен құралды: «Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы», «Сәкен Сейфуллиннің қызметі» және «Сәкен Сейфуллиннің мұрасы». Іс-шара барысында келушілер ақынның отбасы, тұрмысы, қоғамдық қызметі мен әдеби мұрасына қатысты құнды материалдармен танысты. Сонымен қатар ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының рухани бейнесі жан-жақты көрсетілді.

Фото: Астана музейлері дирекциясы

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар тарихты тек оқып қана қоймай, оны көзбен көріп, жүрекпен қабылдауға мүмкіндік береді. 

– Бұл экспозиция Сәкен Сейфуллиннің көпқырлы тұлғасын тереңірек танытуға бағытталған. Ұсынылған бірегей жәдігерлер арқылы біз тек бір адамның өмір жолын ғана емес, тұтас бір дәуірдің тарихи-рухани бейнесін және халқымыздың тағдырлы кезеңдерін біле аламыз. Көрме мазмұны Сәкеннің балалық шағынан бастап, қоғамдық қызметі мен әдеби мұрасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл бастама ұлттық тарих пен мәдени мұраға құрметті арттырып, өскелең ұрпақтың санасында рухани сабақтастықты нығайтуға ықпал етеді, - деді көрме кураторы Нұрсерік Жолбарыс.

Көрменің ашылуында сөз сөйлеген тарих ғылымдарының докторы, профессор, Дирекция директорының орынбасары Марат Абсеметов мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

– Бүгін – еліміз бен Атбасар қаласы үшін маңызды күн. 28 жасында Қазақ халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып, мемлекетіміздің іргетасын қалауда белсенді қызмет еткен Сәкен Сейфуллиннің көрмесі ұйымдастырылды. Небәрі 44 жыл өмір сүрген қайраткердің күреске толы ғұмыры – асыл қазына. Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінің көрмесі алғаш рет Атбасар қаласында өтті. Жеті мыңнан астам музей қорынан таңдалған ең құнды жәдігерлер, фотосуреттер мен тарихи құжаттар осы көрмеде ұсынылды. Көрме алдағы уақытта басқа қалаларда да жалғасады, - деді ол.

Көрме Атбасар қаласындағы Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінде 30 сәуірге дейін өтеді. Одан кейін экспозиция Талдықорған және Орал қалаларында көрсетіледі.

Бұған дейін Самарқандтағы көрмеде Әмір Темірдің сыйға тартқан туы мен тарихи жәдігерлері қойылғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Сәуір 2026 18:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары