Абай облысында жерасты лифті тоқтап қалып, алты кенші зардап шекті
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Абай облысындағы Орлов шахтасында жерасты лифтіне қатысты төтенше жағдай орын алды.
Оқиға 1 шілдеде болған. Сол сәтте жерасты лифтінің ішінде 15 жұмысшы болған.
KAZ Minerals компаниясының хабарлауынша, лифт төмен түсіп бара жатқанда тоқтатқыш құрылғының бір бөлшегі (бекіткіш «жұдырықша») босап кеткен. Көтергіш кабина оған ілініп, кілт тоқтаған.
Оқиғадан кейін алты кенші медициналық көмекке жүгінді.
Тексеріс нәтижесінде үш жұмысшының денесі соққы алғаны анықталып, олар үйіне жіберілді. Сондай-ақ тағы үш кенші қосымша тексеруден өту үшін Семей қалалық ауруханасына жеткізілді. Олар да дәрігер қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық ем алып жатыр.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, техникалық ақау, адами фактор және басқа да ықтимал жағдайлар қарастырылып жатыр.
Тергеу жұмыстарын өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарының қатысуымен арнайы комиссия жүргізуде.
Кеше, 17:27
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 02:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















