Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Абай облысындағы Курчатов қаласында 6 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Абай облысындағы Курчатов қаласында 6 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Абай облысында ғылым, инновацияларды дамыту шаралары 2026-2030 жылдарға арналған өңірді дамыту жоспарына енгізілді. Өңірде ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Кеңесті облыс әкімі Берік Уәли басқарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Семей қаласында аталған кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантикин арнайы келсе, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері Абай Серікқанов және Елена Шевченко Zoom арқылы қатысты.

Кеңес отырысында «2027-2035 жылдарға арналған Курчатов ғылым қалашығын дамытудың кешенді жоспарының жобасы» және өңірлік ғылымды дамыту мәселелері қаралды.

Жиынның ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы Абай облысында ғылым саласын дамытудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Жаңа Конституциямызда білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты деп танылды. Жергілікті атқарушы органдар ғылыми ұйымдармен, бизнес-ортамен бірлесе отырып ғылымды дамытуға қажетті жағдай жасауға міндетті. Ал ғалымдардың әзірлемелері экономикаға енгізіліп, ел игілігіне нақты пайда әкелуі тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «ғылым – жалпыхалықтық іс», – деді Берік Уәли.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстанда бірде-бір ғылым қалашығы жоқ екенін атап өтіп, Үкіметке бұл бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауды тапсырған болатын. Сонымен қатар  Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес отырысында Президент Курчатов қаласында ғылым қалашығын құруға арналған жоспар әзірлеуді жүктеген еді. 2025 жылғы 24 желтоқсанда Үкімет қаулысымен 2026-2035 жылдарға арналған Ғылымды шоғырландыру аумақтарын құрудың және дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдамада Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру қарастырылған. Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен кездесуде Президент Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру туралы жұмыс басталғанын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Абай облысы әкімдігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық ғылым академиясы бірлесіп кешенді жоспардың жобасын дайындады.

Жоспардың негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантикин баяндады.

Курчатов – бұл жай ғана қала емес. Бұл – ғылым мен технологияның тарихи және стратегиялық орталығы. Мұнда Ұлттық ядролық орталығы және Ядролық технологиялар паркі жұмыс істейді. Оларда бірегей ғылыми инфрақұрылым қалыптасқан: зерттеу реакторлары, заманауи зертханалар, эксперименттік кешендер және қазақстандық термоядролық токамак орналасқан.

Ғылыми қалашықты дамыту аясында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, инфрақұрылымды, әлеуметтік нысандарды дамыту өте маңызды. Осы бағытта облыс әкімдігі тиісті дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

2025-2029 жылдарға арналған, 76 жобадан тұратын жалпы құны 1,1 трлн теңгені құрайтын Курчатов қаласының даму жоспары әзірленді. Ірі инвестициялық жобалардың қатарында 700 МВт электр қуатын өндіретін станса құрылысы, көмір-химия кешені және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары бар. Бұл жобалар 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қалада жолдар жаңартылып, жарықтандыру және интернетпен қамту жұмыстары толық аяқталған. Әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, спорт және білім беру инфрақұрылымы дамытылуда. «Дегелең» стансасында теміржол перронын жаңарту және жаңа вокзал ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің аулаларына спорт және балалар ойын алаңдары орнатылып, абаттандыру жұмыстары мен тұрғын үйлердің, ғимараттардың қасбеттерін жөндеу жалғасын табуда. Жылу жүйесі мен ауызсу мәселесі кезең-кезеңімен жөнделіп келеді. Бос тұрған көпқабатты тұрғын үйлерді тиімді пайдалану мақсатында қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды.

«Қасым-Жомарт  Тоқаевтың Курчатов қаласына ғылыми қалашық мәртебесін беру туралы тапсырмасы Абай облысының ғылыми әлеуетін толық іске асыруға, заманауи өндірістерді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің экономикалық өрлеуіне зор мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз – ғылым, бизнес және өндіріс арасында тиімді әріптестік құрып экономиканың нақты қажеттіліктерін шешу. Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, өңірдегі университеттерді қолдау, зерттеу инфрақұрылымды дамыту, ғалымдардың жағдайын жасау – алдағы жұмысымыздың басымдықтары болады», – деді облыс әкімі жиынды қорытындылаған сөзінде.

Жиын қорытындысы бойынша, Берік Уәли кешенді жоспарды кеңес отырысында айтылған ұсыныстармен толықтырып, Курчатов қаласында  инженерлік және өндірістік инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және кадрлық әлеуетті арттыру жұмыстарын  күшейтуді тапсырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 16:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары