Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Абай облысының Аягөз ауданында 600 орындық мектеп ашылды

Абай облысының Аягөз ауданында 600 орындық мектеп ашылды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, ұстаздар, оқушылар және ата-аналарды айтулы оқиғамен құттықтады.

Фото: Абай облысының әкімдігі

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласына, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында Абай облысында үш мектеп салынды. Бүгін, міне, сол игі бастаманың жалғасы ретінде Аягөз қаласында 600 орындық төртінші мектептің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызына жерлестеріміздің атынан айрықша алғыс білдіреміз. Министр ретіндегі бірінші мектебін осы Абай елінде ашып жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Бұл мектеп Аягөз қаласындағы мектеп тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді. Шеткері аудан тұрғындарына арналған, барлық жағдай жасалған заманауи білім ордасы. Президенттің қолдауымен ашылып жатқан мектепте білім алған оқушылар алдағы уақытта республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетеді деп ойлаймыз. Жаңа мектеп құтты болсын!, – деді аймақ басшысы.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған мектептердің өңірдің білім саласына тың серпін беретінін атап өтті.

«Халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми жоба жарыстары бойынша 20 өңірдің ішінде Абай облысының оқушылары көш бастап тұр. Бұл Абай облысының жас өрендерінің ғылым мен білімге құштар екенін көрсетеді. Алдағы уақытта бюджет мүмкіндіктеріне қарай Ақсуат, Мақаншы, Үржар аудандарына «Келешек мектептерін» салуды қарастыратын боламыз. Жаңа мектеп құтты болсын! Осы мектептен білім алған оқушылар еліміздің ертеңіне үлес қосатын азаматтар болсын», - деді ол.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Оқу-ағарту министрі мектептің пәндік оқу кабинеттерін, зертханаларды, спорт залды аралап, оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен пікірлесті. Мектеп оқушыларының өнерін тамашалады. Облыс әкімімен бірге мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Жаңа мектеп үш қабатты, заманауи талаптарға сай салынған үш ғимараттан тұрады. Жалпы аумағы 9 992,8 шаршы метр. 600 оқушыға арналған білім ордасында 35 оқу кабинеті бар. Оның ішінде физика, химия, биология, информатика, STEM және робототехника зертханалары толық жабдықталған. Сондай-ақ спорт және акт залдары, медициналық пункт, асхана мен алғашқы әскери дайындық кабинеті бар. Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс істейді. Мұнда 42 педагог қызмет етеді, олардың арасында 10 педагог-зерттеуші, 8 педагог-сарапшы және 11 педагог-модератор бар. Оқыту толық қазақ тілінде жүргізіледі.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Бұл – биыл Абай облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылған төртінші білім ордасы. Бұған дейін Бесқарағай ауданында 300 орындық, Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық мектептер пайдалануға берілген болатын.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Қазіргі уақытта облыс орталығындағы Шығыс кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында 100 орындық мектептің құрылысы басталды. Ақсуат ауданының Екпін ауылында 300 орындық мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға жолданған. Сондай-ақ Семей қаласындағы №11 орта мектепке жаңа ғимарат салу үшін жобалық құжаттар дайындалуда. Екі нысан да апатты деп танылған болатын. Бұл жобалар толық іске асқанда мыңға жуық баланың сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Фото: Абай облысының әкімдігі Фото: Абай облысының әкімдігі Фото: Абай облысының әкімдігі
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2025 14:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары